Туған кездегі есімі:
|
Ибраһим Құнанбайұлы
|
Қызметі:
|
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси
қайраткер
|
Туған күні:
|
10 тамыз
1845(1845-08-10)
|
Туған жері:
|
Қарқаралы, Семей облысы
|
Азаматтығы:
|
Ресей империясы
|
Ұлты:
|
қазақ
|
Қайтыс болған
күні:
|
6 шілде
1904(1904-07-06) (58 жас)
|
Қайтыс болған
жері:
|
Семей облысы
|
Әкесі:
|
Құнанбай
Өскенбайұлы
|
Анасы:
|
Ұлжан
|
Жұбайы:
|
Ділдə
Шүкіман (Əйгерім)
Еркежан
|
Балалары:
|
Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан,
Райхан Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже
|
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
(1845-1904) —
ақын,
ағартушы,
жазба қазақ
әдебиетінің,
қазақ әдеби
тілінің негізін қалаушы, философ,
композитор, аудармашы, саяси
қайраткер[1], либералды
білімді исламға таяна
отырып, орыс және
еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы
қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық
шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық
мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті
мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының
еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық
трактаттар
стилінде жазылған
«Қара
сөздері» - тақырып ауқымдылығымен,
дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен
құнды.[3]
Ұлы ақын – Абай
ата
Абай атам-данышпан,ұлы
ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын
Елін,жерін,Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пушкинменен,
Абай атам-ұлы ақын,еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
Абай ата
Ата сөзі-қазақтың бойтұмары,
Оқысаң,ашылады ой тұманы.
Қиналсаң,ақыл қосып ақылыңа
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл,қанағатшыл,терең ойлы.
Өнер-білім,ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Жастықтың оты,
қайдасың
Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.
Ендi ненi iстеймiз,
Бәрiнен де бос қалдық?
"Ауызға келiп түс" деймiз,
Қылып жүрiп құр салдық!
|
Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың
Бет бергенде шырайың қандай жақсы
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді
Аузымен орақ орған өңкей қыртың
Өзімдікі дей алмай өз малыңды
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ
Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың
Бас-басына би болған өңкей қиқым
Мінеки ьұзған жоқпа елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың
Ағайын жоқ нәрседен бұртың етер
Оның да алған жоқпа құдай құлқын
Бірлік жоқ, береке жоқ шын пейіл жоқ
Сапырылды байлығың, баққан жылқың
Баста ми, қолда малға талас қылған
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын
Тұлпардан тұғыр озбас
шабылса
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?
Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.
Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс – олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы.
Сегіз
аяқ
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған. Хиуадан шауып,
Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан,
Білмеске арзан, Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау, Анадан төптеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!
Жаз
Жаздыгүн шілде
болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;!
Күз
Сұр бұлт түсі суық
қаптайды аспан,
Күз болып,
дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін
тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,
бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп
бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар
күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы
шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан
айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма
сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы
тартыпты жыртық киім.
Енесіне
иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар
жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна
қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ
шомшы жүр, ол — бір керуен
Қай ауылды
көрсең де, жабырқаңқы
Күлкі-ойын көрінбейді,
сейіл-серуен.
Кемпір-шал
құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз
қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек,
сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ,
тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу
тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар,
жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған
үйінің сұры қашып,
Ыстан
қорыққан қазақтың құрсын заңы
Қ Ы
С
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік аяз бен
қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі
көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас
балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдай алмай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран
жылқы,
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып,
күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар,адамзат анталаса,
Ата- анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл
құсымен
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен
араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора
да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен
қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер
қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап
саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін Тәңірім
шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл
құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен
араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора
да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен
қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер
қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап
саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін Тәңірім
шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз жіберіп, жан берген қара
жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі
жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала
шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз
бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.
Күн - күйеу, жер - қалыңдық
сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар
беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Күн - күйеуін жер көксеп ала
қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің
көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.