Абай өлеңдеріндегі махаббат пен сүйіспеншілік (эссе)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай өлеңдеріндегі махаббат пен сүйіспеншілік (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың махаббат поэзиясы туралы эссе, ақынның махаббат пен сұйіспеншілік туралы өлеңдері талданып,тақырыпқа сай жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай өлеңдеріндегі махаббат пен сүйіспеншілік

Қазақтың классикалық әдебиетін әлемдік деңгейге жеткізудегі Абайдың ғажайып сыры қайда жатыр? Ол- қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрына реформа жасап қана қоймады,мазмұнын түр жағынан да жан-жақты дамытқан ұлы тұлға.Абайдың нәзік лиризмі махаббат пен сүйіспеншіліктен бастау алады.Өзі алғаш ғашығы Тоғжанға қосыла алмағандықтан, махаббат қасіретінің терең әрі мұңды екенін, « махаббатсыз дүние бос» екенін өз өлеңдерінде толғана тербейді.Абай өмір махаббаттан тұратынын, онсыз адамзат баласы өмір сүре алмайтынын, жаратушы ер мен әйелді бір-бірі үшін жаратқанын терең түсінеді. Мысалы:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды,- деп хас сұлудың табиғи болмыс-бітімін әдемі суреттеуден бастайды.Бұл Абайдың махаббат лирикасының шыңы деуге болады. Сондағы оның көп діттегені - сүйіспеншілікке адалдық, сезім күші, махаббат еркіндігі, жүрек қалауына еркек пен әйелдің бірдей қатыстылығы және тең хақылылығы. Бұған ақынның махаббат тақырыбына арналған кез келген шығармасын оқып көз жеткізуге болады.

Сүйіне алмадым,сүймедім,

Сүйегім жасып,сор қалың.

Сүйісіп саған тимедім,

Бола алмадым сенің жарың,- деп Тоғжанға қосыла алмағанын, ішкі сырын осылай ақтарса керек.

Ғашықтың тілі -тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің күл- дегенде Абай махаббатының түбі тереңде екенін байқауға болады.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын,-деу арқылы «өзіне құмар қылған тәңіріні» бар жан-тәнімен әдеттегінше беріле сүю табандылығын танытады.Содан барып:

Махаббатпен жаратқан алла адамды,

Сен де сүй сол алланы жаннан тәтті, - деген қорытынды-формула шығарады. Яғни, өмір-тіршіліктің әліппесі-сүю.



Махаббатты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарды хайуанға теңеп, махаббатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұлу қыз,адал жар,жігіттің сұлтаны,ғашық болу,сүю,махаббат ләззаты, тауқыметі,әйел теңсіздігі,сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.

 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де: 

Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды, 

деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді. 

Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған,

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай

Бойында майдалық пен сыр сақтаған,

Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.

деп жігіт бейнесін де үйлестіріп алып кетіп сұлу қызбен жігіттің де жігіті бар екенін ескертеді. «Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе,

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе,- деп бозбалаларға жөн сілтейді.

Махаббат пен сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық,міне осылардың бәрін Абай айта білді.

Абай өзі өлсе де М.О.Әуезов айтқанындай: «мұрагері бізге алтын да әсем сазды сөздері қалды - біздің көз алдымызда жаны мен тәні поэзиялық махаббатқа алып бейнесі қалды» деп келтіреді.

Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге, күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы, жаманын тартты.Дәмі бұзылмайтын өлең,түсі сарғаймайтын ән қалдырды. Қорыта келе, қазақ поэзиясын жан тәнімен сүйіп,өшпес із қалдырған ұлы ақынның мұрасы мәңгі жасай бермек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2024
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі