Материалдар / Абай Қ әдеби кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Қ әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармаларын насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы:«Әлем таныған Абай» дөңгелек үстел


10-тамыз – кемеңгер ақын Абай күні! Бүгінгі жиынның мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірін, теңдессіз мұрасын ұлықтау.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге  өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық!

Қонақтармен диолог. Сұрақ-жауап айдары!


1.Абай Құнанбайұлы кім? (ақын, ағартушы, композитор, философ, саясаткер)

2.Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген?

3.Абайдың шын есімін білесіздер ме? (Ибрахим)

4.Абай есімінің мағынасын білесіздер ме? (ұқыпты, мұқият, зерек)

5.Абайдың әжесінің және анасының есімдерін атаңыз? (әжесі-Зере, анасы-Ұлжан)

6.Абай жолы романының авторы кім? (М.Әуезов)

7. Абай Құнанбайұлының қанша қарасөзі бар? (45)

8.Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім? (әжесі-Зере)

9.Абай неше жасында сықақ өлең жаза бастады? (14)

10.Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін атаңыз.


Абай Құнанбайұлы туралы ақпараттарды есімізге түсірсек, келесі кезекті Абайдың өміріне қатысты қызықты деректерге бергіміз келіп отыр.


Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.

Абай Құнанбайұлының мұрасын 4 түрлі топқа жіктеп қарасытырамыз. Олар: өлеңдері, поэмалары, қара сөздері және аудармалары.

Өлеңдері:

Абай лирикасы – мазмұнға бай, өзінің әлеуметтік рухымен ерекшеленетін шығармалар. Ақындық өнердің мақсатын түсінген Абай өз кезеңіндегі әдебиетке сын айта білді. Лирикалық шығармаларының тақырыбы бір арнамен шектелмейтін ақын әлеуметтік мәселелер мен теңсіздікті баяндайды. Махаббат, әйел теңдігі тақырыбындағы өлеңдерімен қатар ағартушылық идея, табиғат лирикасын жеткізетін туындыларының мазмұны да ерекше. Ендеше мазмұны ерекше жыр мақамдарының бір үзігіне құлақ түрейік.

Жұмабекқызы Алина «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Болатжан Інжуна «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»


Поэмалары:

Абай поэмаларының саны – үшеу. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» – аяқталмаған поэма. Ақынның бұл үш поэмасының үшеуі де өзінің туып-өскен қазақ ортасын, олардың тұрмысын, болмысын суреттейтін шығарма емес. Үшеуі де шығыстық дастан-аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерден құралған. Көлемі аз, оқиға сюжеті шағын, Абайдың осы поэмаларының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын байқаймыз. Қоғам өмірін жан-жақты кең қамтитын роман-поэмаларға немесе шытырман оқиғалы қызық тартысқа құрылған романтикалық поэма жанрына Абай көп қызықпаған секілді.

Ақын белгілі бір оқиғаларды суреттей отырып, шығарма соңында оқушысын анық бір тәрбиелі ойға жетелейді. 

Масғұт поэмасының түпкі идеясы –жеке тұлға ретінде өзіндік ойы бар, пікірі бар адам тәрбиелеу.

Ескір поэмасынан бір үзік.


Қарасөздері:

Қарасөз – көркем әдебиеттің ерекше саласы. Өлең сөзден айырмашылығы – ондағы сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей белгілі өлшемдерге бағынбайды. Абай данышпандығының басты көрінісі – қазақ халқының өткен жолын байыптап, болашағын анықтап беруінде. Әдетте, Абайдың қазақ халқының алдындағы еңбегін сөз еткенде, алдымен оны жаңа әдебиеттің негізін құраған классик ақын ретінде бастаймыз, одан кейін ағартушылығына, яғни педагогикалық, психологиялық ой-тұжырымдарына мән береміз. Шындығына келсек, Абайдың ұлылығы, меніңше, ең алдымен ағартушылығынан көрінеді. Абай бірінші сөзімен өзінің саналы тіршілік алға тартар көп нәрселер туралы ойланатын жан екенін танытады. Болашақ оқушыларымен әңгіме-дүкен құра отырып, өз ойларын, болашақ айтылмақ сөздерін, көздеген мақсатын соншалықты түсінікті, талас тудырмайтындай етіп, түсіндіріп береді. Бірінші сөз, сөз жоқ, алғашқы сөз болуға лайық сөз деген қорытындыға келдік. Оның алдына салған кез келген сөз өз орнында тұрмаған болар еді. Ал соңғы сөз – ол дәл соңғы сөз. Егер Абай тағы бір сөз қосқысы келсе, онда ол сөз соңғы болып тұра алмас еді, ортаға түсер еді. Абай сөздерінің қорытындысы секілді қырық бесінші сөзінде шексіздікті, шексіз әлемді жаратушының бар екендігі айтылады. Бар әлем бір заңға бағынып, бір құдірет бұйрығын бұлжытпай орындап жатады. Абай тірілер жаратқанның адам пенделеріне, жан-жануарына берген сезімдері арқылы тіршілік заңдылықтарын мойындайды, өз тірліктерін жалғастыруға құштар болады дейді. Абай өз еркімен ешкім еш нәрсе жасай алмайтынын, тек қана Жаратқанның жаратқандарын жаратқан сыйлаған сезімдер арқылы сезе алатындығын әңгіме еткен. Егер ондай сезім аз болса, онда кісінің кісілігінің де жобасы төмендей бермек. Қырық бесінші сөз – соңғы сөз!..
1-оқушыға қара сөзін оқыту


Аудармалары:

Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.


Музыкалық сарын Жоғарыда Абай композитор деген болатынбыз. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.

Әсем Төребекқызының орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.


«Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс».

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс». Келдеріңізге көп рақмет!











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!