Оқушылар назарына
«Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы
топтастырады.
|
Орындарында отырып
видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол
бойынша топқа бөлінеді.
|
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
|
Балалар, біз өткен сабағымызда ұлы ақын
Абайдың өмірбаянына тоқталдық. ( Оқушылармен өтілген тақырып
бойынша, жаңа сабаққа кіріспе ретінде блиц - турнир
өткізіледі) Сұрақтар: 1. Абай Құнанбаев -..................(ақын,
ойшыл) 2. Қай жерде дүниеге
келген.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың
бауырында) 3. Ол қай жылы туылған..................(
1845 жылы) 4. Алғаш хат таныған.......................
(ауыл молдасынан) 5. Абай оқыған
медресе....................(Семейдегі Ахмет
Риза) 6. Абайдың шын
аты...................(Ибраһим) 7. Абайдың арғы
атасы.....................(Өскенбай) 8. Өз
әкесі...............................(Құнанбай) 9. Абайдың шешесі...............,(Ұлжан)
әжесі....................(Зере) 10. Абайдың әкесі
Абайды.........................(ел билеуге
үйретеді)) 11. Абай мен әкесі арасындағы
келіспеушілік................(ел билеушілердің халыққа жасаған
қиянатын көргенде
басталады) 12. Абай оқыған шығыс
ақындары....................... Низами, Сағди, Хафиз,
Фзули) 13. Абай дос болған орыс демократ
ғалымдары.........................(Михаэлис,
Долгополов) 14. Абай шығармаларын оқыған
философтар.........................(Платон, Сократ,
Аристотель) 15. Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары
мен ақындары..........(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков
- Щедрин, Добролюбов,
Чернышевский) 16. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы
көркем
өлеңі..................(Қансонарда) 17. Ол қай жылы
жазылған..................(1882жылы) 18. Абай оқыған орысша
журнал.................(«Русский
Вестник») 19. Абай рухани байлық алған үш
саласы.....................(шығыс әдебиеті, орыс жазушылары, халық
ауыз әдебиеті) 20.
Қай жылы
дүниеден озды?............... (1904
жылы)
|
ІІІ. Жаңа
тақырып
|
Power Point таныстырылымы,
электрондық оқулық арқылы сабақты түсіндіру,сұрақтар қою,тыңдау.
Кейс стади әдісімен аяқталмаған мәтін
ұсыну.
«Құлақтан кіріп, бойды алар...» – Абайдың
өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік
қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі.
Тақырыбы, идеясы жағынан ол
ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз
сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қарапы
ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін...», «Адамның кейбір
көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл
өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының
анық айғағы. Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б)
жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ
ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең
басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді.
Тек 1957 жылғы жинақта жазылу
мерзімі 1896 ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне
компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар
жазған.
|
Сабақты мұқият
тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау.
Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту,
талқылау.
|
VI. Үйге тапсырмасын
беру
|
Өлеңді мәнерлеп
оқу,мазмұнына байланысты суреттер салу.
|
Үй тапсырмасын білу,
түртіп алу
|