Материалдар / Абай Құнанбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев ұлы ойшыл.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2020
301
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды
әлемге таны тамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық
ұранымыз болуы тиіс.

Н. Назарбаев


Page 2


Абай
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және
әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы
Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі)
Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс
тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты
руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл
молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен
көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе
тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды.
Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай
Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу
жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының
Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел
билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол
үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы,
шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары
Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін
жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен
үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь,
Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен
танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің,
Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында
дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.


Page 3

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол
кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің
ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген
Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды
халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай
өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз
атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып
жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы
зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған
рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани
қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа
берілді.
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын
оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді.
Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі
теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен
шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың
телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының
үрдісіне мұрагерлік етті.


Page 4

«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы
поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ
жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған
ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан
таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады.
«Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге
халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.


Page 5

Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып
дамиды.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол
қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да
философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып
байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан
танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары
өлең арқылы өріліп жатыр
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты
өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін
махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ
қоғамының айнасы» деп те аталады.


Page 6


Page 7


Page 8


Page 9


Page 10

Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы.
"Өлең - сөздiң патшасы ..." :
таңдамалы өлеңдер / Абай (Ибраhим)
Құнанбайұлы. - Алматы : "Евразия"
баспасы, 1995.-Қазақ және француз
тілдерінде.
Ұлы Абайдың 150 жылдық
мерейтойына арналған бұл жинаққа
ақынның белгілі өлеңдері олардың тұңғыш
рет француз тіліне жасалған әдеби
аудармаларымен бірге енгізіліп
отыр.Француз тілді оқырмандар Абай
шығармашылығының қырларымен
мүмкіндігінше толығырақ таныстыру
мақсатымен ақын жырлары поэзияның
маңызы мен міндеті, халық тағдыры
туралы толғаныстар, философиялық және
махаббат, табиғат лирикасы сияқты
тақырыптар бойынша топтап берілді.
Абай. Қалың елiм, қазағым ... :
өлеңдер / Абай. - Алматы :
Атамұра, 2002.
Ұлтымыздың ұлы перзенті- хакім
Абайдың бұл жинағына біршама
өлеңдері іріктеліп алынды. Өз
заманынан оза туған ақынның терең
ойлары мен асыл сөздері келешек
заманаларда да гауһардай жарқырап,
көзі ашық көкіректерге нұр болып
құйыла берері хақ.


Page 11

Абай Қара сөз. Поэмалар / Абай =
Книга слов. Поэмы. - Алматы : Ел, 1993
Книга представляет читателю
философские эссе-размышленияя великого
казахского поэта и мыслителя Абая. В
знаменитой «Книге Слов» поэт
размышляет оземном и вечном, бережно
ведет читателя к Истине, то есть к Богу.
Призывает свой народ к разму и добру, к
любви и справедливости. В книгу входят
две исторические поэмы.

Абай Шығармаларынын екі
томдық толық жинағы. 2 том.
Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар,
қара сөздер / Абай. - Алматы : Жазушы,
2002.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай
(Ибраһим)Құнанбайұлының
шығармаларының екі томдық толық
жинағының екінші томына ақынның
1896 жылдан кейінгі өлеңдері мен
аудармалары және поэмалары, қара
сөздері, сондай-ақ «Үкімет билігіндегі
сенатқа» атты шағым пікір еніп отыр.


Page 12

Әуезов М. О. Абай Құнанбаев :
монографиялық зерттеулер мен
мақалалар / М. О. Әуезов. - Алматы :
Санат, 1995.
Жинаққа ұлы жазушы М.Әуезовтің
(1897-1961) кемеңгер ақын әрі ойшыл Абай
Құнанбаев туралы әр жылдарда жазған
еңбектері енгізілді. Кітап ақынның
туғанына 150 жыл толу мерейтойына
байланысты шығарылып отыр.

Оразалинов С. Ш. Абай елi : альбом-
шежiре / С. Ш. Оразалинов = На земле
Абая = On the land of Abai. - Алматы :
Өнер, 1994
Бұл альбом-шежіре қазақ халқының
ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың
шығармашылығы мен өміріне қатысты
оқиғалардан мол мағлұмат беретін
Шыңғыстау өңірі мен Семей қаласындағы
тарихи ескерткіштер, табиғат
көріністері, ежелгі өнерпаз елдің бүгінгі
рухани, мәдени тыныс-тіршілігі жайында
шежірелі сыр шертеді. Абай,
Шәкәрім,Мұхтар сынды халқымыздың бір
туар перзенттерін дүниеге келтірген
осынау құнарлы топырақ, қасиетті
жермен жұртшылықты етене
таныстырады.


Page 13

Есімов Г. Хакім Абай (даналык
дүниетанымы) / Г. Есімов. - Алматы :
Атамұра-Қазақстан, 1994.
«Хакім Абай» кітабы ұлы ақынның
даналық дүниетанымын саралауға
арналған. Абайдың данышпандық ойлары
белгілі бір жүйеге түсіріле
таратылмағандықтан, автор ақынның
жекеленген ғибратты ой түйіндеріне
түсінік беретін герменевтикалық тәсілді
қолданған. Кітапта Абайдың өлеңдері мен
қара сөздеріндегі философиялық
тұжырымдары нақтылы ұғымдар түрінде
қарастырылады. Ұлы Абайдың мәңгілік
өшпес рухани мұрасын қайта жаңғырта,
оқырман қауымның санасына даналықтың
нұрын шашып,, парасатты ой ұялататын
бұл кітаптың қазақ халқының қоғамдық
ой-пікірінің қалыптасу тарихын оқып-
үйренушілердің білім көкжиегін кеңейте
түсері сөзсіз.


Page 14

Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы / Т.
Құнанбаев. - Алматы : Ана тілі, 1993
Абайдың сүйікті жары Әйгерімнен
туған баласы Тұрағұлдың «Әкем Абай
туралы» атты естелігі архив сөресінде
ұзақ уақыт сақталып келіп, енді ғана
жарық көріп отыр. Тұрағұл қолжазбасы
Абай туралы жазылған тұңғыш естелік.
Автор әкесінің бойындағы ақындық өнері
мен машықтарын, мінез-құлқы мен кейбір
оқиғаларға қатысып, өз ортасымен қарым-
қатынасын қызықты түрде баяндаған
Байгалиев Б. Абай өмірбаяны архив
деректерінде / Б. Байғалиев. - Алматы :
Арыс, 2001
Әдебиетші, мәдениет тарихын
зерттеуші, архивтанушы, көне қазына
білгірі марқұм Бисенбай Байғалиевтің
филология ғылымының кандидаты ғылым
дәрежесін алу үшін дайындаған
диссертациясын кітап ретінде ұсынып
отырмыз. Абай Құнанбайұлының өмір
жолына байланысты кей көлеңкелі тұстар
мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашу
автордың мақсаты.


Page 15

Өміралиев К. Абай афоризми / К.
Өміралиев. - Алматы : Қазақстан , 1993
Абай шығармаларындағы тәрбиелік
мән-мағынасы терең адамгершілік мақсат-
мұраттарына білдіретін ой
толғаныстары арнайы талданып, жаңа
қырынан ашылады. Ұлы ақынның
эстетикалық, этикалық, психологиялық,
имандылық, туралы айтқан нақыл,
қанатты сөздері, ой айшықтары іріктеліп
арнайы берілген.

Мырзахмет М. М. Абайтану тарихы
/ М. М. Мырзахмет. - Алматы : Ана тiлi,
1994
Белгілі абайтанушы, филология
ғылымының докторы Мекемтас
Мырзахмет дайындап отырған бұл
кітапты ұлы Абай мұрасы, оның
зерттелуі туралы жазылған құнды
деректер мен архив қазыналары егжей-
тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының
қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп
баяндалған. Бір ғасырдай уақытта ақын
мұрасын танып, бағалау жолындағы
жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз
бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.

Абай Шығармалар / Абай. - Алматы :
Мор, 1994
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы
қарсаңында оқырман қауымға кәдесый
ретінде ұсынылып отырған бұл жинағына
өлеңдері мен бірқатар аудармалары
енгізілді.


Page 16

Қазақ әдебиеті: энцикл.
анықтамалық- Алматы: Аруна,
2005
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы бойынша шығарылып
отырған. «Қазақ әдебиеті»
энциклопедиялық анықтамалығында
қазақ әдебиетіне қатысты
ұғымдар,терминдер, әдеби процестегі
оқиғалар мен құбылыстар, барлық
ақын, жазушы, жыршы,
жыраулардың, әдебиеттанушы
ғалымдардың қысқаша
шығармашылық өмірбаяндары әліпби
тәртібімен жүйеленіп берілген. Қазақ
әдебиетінің сан ғасырлық тарихи
даму сатыларын айқын аңғартатын
ежелгі әдеби нұсқаларға, ертегі-
аңыздарға,батырлақ, ғашықтық
жыр-дастандарға, қиссаларға, елеулі
әдеби туындыларға жеке мақалалар
арналған.


Page 17

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ
даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов

Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда
шырақ жаққан басшымыздың есімі , құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға,
немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз . Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген
күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық
ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр . Бірінші
ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы күшті
махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
Міржақып Дулатов

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Мағжан Жұмабаев

Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар
берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа
таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің
таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі
әсерімен молықтырды .
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге
қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов


Page 18


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!