Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен
шығармашылығы
Сабақтың
мақсаты: ағартушы Абай Құнанбаевтың
өмірі мен шығармалары туралы баяндай отырып,ұлы есімді насихаттау
және таныту.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік:Абай Құнанбаевтың жазба
әдебиетінің негізін
салушы,ақын,аудармашы,сазгер,ойшыл,тарихшы,заңгер екендігі туралы
мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Абайдың өнегелі өмірін
баяндау,Абай бойындағы асыл қасиеттерден үлгіалуға тәрбиелеу,ұлы
адамдарға деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын
дамытуға, белсенділігін арттыруға,сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға,жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мән
беру.Ұлттық рухани мәдениетіне,әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын
арттыру.
Сабақтың
түрі: жаңа материалды
меңгерту
Сабақтың
әдісі: баяндау, сұрақ-
жауап
Сабақтың
көрнекілігі:Абай суреті,еңбектері
көрмесі,М.Әуезов «Абай жолы», интерактивті
тақта,слайдтар
Пәнаралық
байланыс:қазақ
әдебиеті,музыка,география
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі
ІІ.Ұй тапсырмасын
сұрау
Ыбырай
Алтынсарин
1.Сипаты:
2.Хронологиясы
3.Туған
жері
4.Саяси көзқарасының
қалыптасуына ықпал еткен жағдай
5.Білімі
6.Ғылыми,еңбек
жолы
7.Меңгерген
тілдері
8.Досы
9.Тарихтағы
орны
-
Ыбырай Алтынсариннің өмір
жолына шолу жасау.
Жылдар
|
Маңызды
оқиғалар
|
|
1841 жылы 20
қазанда
|
Қостанай облысы Затабол
ауданында туған.
|
|
1850
жылы
|
Орынбордағы қазақ
балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне
барған.
|
|
1857
жылы
|
«өте жақсы» деген бағамен
бітірген.
|
|
1859
жылы
|
Орынбордағы шекаралық
комиссияға тілмаш болған.
|
|
1859
жылы
|
Орынбордағы шекаралық
комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі
ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын
танысады.
|
|
1860
жылы
|
Торғай мектебіне мұғалім
болып тағайындалады.
|
|
1864
жылы
|
Торғайдағы мектепті
ашады.
|
|
1876
жылы
|
Петербург, Қазан қалаларына
барады.
|
|
1876
жылы
|
«Қазақ хрестоматиясын»
жазуға кіріседі.
|
|
1879
жылы
|
«Қазақ хрестоматиясы»
Орынборда басылып шығады.
|
|
1879
жылы
|
Торғай облысы мектептерінің
инспекторы қызметіне
тағайындалады.
|
|
1881
жылы
|
Орск қаласында тұңғыш
мұғалімдер мектебі ашылады.
|
|
1879-1883
жылдары
|
Торғай қаласының төрт
уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер
ашылады.
|
|
1983
жылы
|
Торғайда қолөнер мектебі
ашылады.
|
|
1887
жылы
|
Ырғызда тұңғыш қыздар
мектебі ашылады.
|
|
1987
жылы
|
Қостанай уезінің Обаған
және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан
қазақ балалары жататын 25 орындық интернат
салдырды.
|
|
1889
жылы
|
Ауыр науқастан 48 жасында
қайтыс болады.
|
|
Оқушылардан Ы.Алтынсариннің
шығармалары туралы пікірлерін сұрастырып,бүкіл сыныпқа пікірталас
үшін жалпылама сұрақ қойылады:
-Білім адамды өмірде үлкен
жетістіктерге жеткізе ала ма?
ІІІ.Жаңа
сабақ: Сабақ барысында қажетті
мәліметтер слайд арқылы көрсетіледі.
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі
мен шығармашылығы
1.Сипаты:Қазақ жазба
әдебиетінің негізін салушы,ақын,ойшыл
2.Хронологиясы:1845жыл 22
тамыз-1904жыл
3.Туған жері:Семей
облысы,Шығыстау өңірі(қазіргі Шығыс
Қазақстан облыс Абай
ауданы,Қасқабұлақ жайлауында)
4.Шыққан тегі:
4.1
Кішік-Әйтек-Олжабай-Қайдос-Ырғызбай-Өскенбай-Құнанбай
4.2 Әкесі Құнанбай-тобықты руының старшыны
–Қажы(мешіт)-
«Ескітам»
4.3 Анасы- Ұлжан Қаракесектің бошан руынан,Бертік
бидің тұқымы
Әжесі-Зере (Тоқбала)
5.Толық аты:Ибраһим (Абай деп анасы
атаған)
6.Білім жолы
6.1 Алғаш ауыл молдасы Ғабитханнан білім
алды.«Ескітам»медресінде
6.2
Семейдегі Ахмед Риза медресесі(13жасқа дейін)-араб,парсы
тілін меңгерді «Приходская школа»(3ай)-орысша сауатын
ашты-шығыс әдебиетімен
танысты.(Низами,Фирдоуси,әл-Фараби,Науаи шығармалары)
6.3
Әкесі ел басқару ісіне араластыру үшін елге алып
келеді.
6.4 Білімін өз бетінше
жалғастырады.Семейдегі қоғамдық кітапхана-азаттық қозғалысының
өкілдері-орыс классиктерінің шығармаларымен танысады-дүниетанымының
қалыптасуына ықпал етеді.
6.5 Алғаш өлеңді 10жасында
жазған. «Кім екен деп келіп ем дүние қуған» Ақындыққа 30 жасында
ден қойған. Өлеңдерін К.Жанатаев атымен жариялаған.Өз атымен 1886ж.
«Жаз» өлеңін алғаш жариялаған.
7.Еңбектері
7.1
Негізгі тақырыбы:өнер-білімге,ғылымға шақырады.
Лирикалары→ саяси-әлеуметтік
→табиғат
→философиялық
→
махаббат,достық
→көңіл-күй
→оқу-ғылым,өнер
7.2
Аудармалары 50-ден асады-ең ірісі Лермонтов
«Бородино» (Крылов,Толстой,Байрон,Гете т.б шығармаларын
аударған)
7.3
Қарасөздері – 50-ге жуық (1890-1898)
7.4
Әндері- “Желсіз түнде жарық ай”,“ Сегіз аяқ”, Айттым
сәлем Қаламқас т.б 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға
түсірілген.
7.5 Күйлері: “
Торжорға”, “Желдірме”, “Май түні”
7.6 Қылмыстық істерге қарсы
заңдар жинағы(1885ж.мамыр)-74бап- «Төбе
би»атанған.
8.Тарихтағы орны – қазақ жазба
әдебиетінің негізін салушы,қазақ-ты әлемге
танытушы.
9.Ерекшелігі:
9.1Айналасына қарадан шыққан
қазақ жастарын топтастырды.
9.2 Орыс халқын отаршылдардан
ажырата білді-достық, туысқандық жаршысы-Ресей-Абай
жылы(2006)
9.3
Семей облыстық статистика комитетінің
мүшесі(1884)
9.4
Шыңғыс болысын 9 жыл билеген.
10.Қорытынды
10.1 «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз»Н.Ә.Назарбаев
10.2 «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын
артында сөз қалдырған»
10.3 Абайды Абай еткен Мұхтар
ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай
дана.
10.4Абай ұлы
ақын,ойшыл,ағартушы,композитор,аудармашы,тарихшы,
заңгер,күйші
10.5 ЮНЕСККО шешімімен 1995жылы туғанына 150жыл
толуы тойланды.
10.6 Абай ұрпақтары
11.Деректер «Абай»энциоклопедиясы,
«Абай жолы»
ІV.Жаңа сабақты бекіту
Сұрақтар:
1. Абай қандай таудың
баурайында дүниеге келген?
2. Абайдың шын есімі?
3. Науаи, Фирдоуси, Низами қай жақтың ақын
жазушылары?
4.
Абай орыстың қай ақын жазушыларының шығармаларын ана тіліне аударды?
5. Абайдың табиғат туралы бір өлеңі?
6. Абай неше жасында өз атынан өлеңдер
шығара бастады?
V.Үйге тапсырма.Тақырып
бойынша талдау жасау.Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша
тест сұрақтарын дайындау.Қарасөздерін
жаттау.
VІ.Бағалау