Материалдар / Абай Құнанбаев 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қәзіргі ұрпаққа Абайды таныта білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай таныған ұрпақ!»


Тәрбие сағатының мақсаты:

-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу.

Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа

Тәрбие сағатымыздың басты мақсаты мен талабы:

  1. Абайдың қысқаша өмірбаяның (бейнероликті интерактивтік тақта)

  2. Абайдың өмірбаянына талдау жасау .

  3. Абай атамыздың өмірбаяны жайлы ой қозғау, (оқушылар жалпы түсінік бойынша жапыраққа дұрыс жауаптарын жазу арқылы табады) .

  4. Абай таныған ұрпақ атты тақырыпқа түсінік беру (таппақ айтады)

Тәрбие сағатының кезеңдері:

1.Ұйымдастыру,білім алушыларды 2 топқа бөлу.                            

2.Ой шақыру Презентация (көрініс) «Абай ауылына саяхат»

3.Сұрақ жауап кезеңі

4.Тапсырмалар кезеңі «Ғылым таппай мақтанба» (Веен диаграммасы)

«Қара сөздері» неге тәрбиелейді.

5.Танымдық ойын «Әсемпаз болма әрнеге...» сөздер табу.

6.Сергіту кезеңі

7. Қорытынды.


Тәрбие сағатының барысы:


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен тәрбиеленушілер! Бүгінгі «Абай таныған ұрпақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР

ЖАҚСЫ ӘН МЕН ТӘТТІ КҮЙ

КӨҢІЛГЕ ТҮРЛІ ОЙ САЛАР

ӘНДІ СҮЙСЕҢ, МЕҢШЕ СҮЙ!

  • деп жырлағандай Абай атамыздың әр өлең шумақтарынан ,қара сөздерінен,нақыл сөздерінен біз тәлім тәрбие аламыз.Абай атамыздың өлеңдері мына біздерді өмірге деген құштарлығымызды арттырады. Жаман мен жақсыны айырамыз.Сонымен балалар бүгінгі тақырыбымыз қандай?

  • Білім алушылар: «Абай таныған ұрпақ»

Педагог: Бәрекелді, яғни ұрпақтары кім? (жауабы: сендер,біздер)

  • Абай атамыздың әр күні,әр түні қолынан қаламы түспей әр мезгілге деген , табиғатқа деген сүйіспеншілікпен жазылған әр өлең жырлары ұрпақтан ұрпаққа мына біздерге жетіп отыр. Ендеше балалар алдарында тұрған қалам «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан» демекші сендерге осы қаламы өсиет болсын.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог: Ал, балалар қәзіргі індетке байланысты санитарлық талапқа сай біз екі топқа бөлініп алайық!

Мына топ «Ойшыл тобы,» «Шабыт» тобы болып белгеленіп алайық!


Әр топ өздеріне берілген өлең жырларына тоқталып өтейік!


1-топ «Ойшыл»

Медина (Қыс)

Ясмина (Ғылым таппай мақтанба)

Мейрбек (Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап)

2-топ «Шабыт»

Айдар ( Күз )

Аяулым (Абай таныған ұрпақ)

Дарина


II кезең Презентация (көрініс)

Өмірбаян» (көрнекілік,видеослаид,интерактивті тақта)



Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді көріп өз ойларын жеткізеді: (4 мин)

Сұрақ –жауап

1.Абай кім? (Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл. Абай-аудармашы)

2.Балалар Абай атамыз қай өңірде дүниеге келген? (Семей өңірі)

3.Абайдың шын аты кім ?. (Абайдың шын аты-Ибраһим.)

4.Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар)

5.Абайдың неше поэмасы бар? (үш поэмасы бар).

6. Туған жылы ? (Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы дүниеге келген)

7. Абайдың әжесі мен анасы кімдер? (Абайдың әжесі –Зере.

Абайдың анасы Ұлжан)

I I I. Тапсырмалар кезеңі

1-тапсырма «Ғылым таппай мақтанба...»

Shape1

Бес нәрседен қашық бол!

1. Өсек

2. Өтірік

3.Мақтаншақ

4.Еріншек

5. Бекер мал шашпақ

Shape2

Бес нәрсеге асық бол

1.Талап

2.Еңбек

3.Терең ой

4.Қанағат

5. Рақым



Веен диаграммасы

Shape3



Қасиет

Тәрбие








Бұл кезеңде білім алушыларға алдарына веен диаграммасы беріледі. Яғни Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен алған әсерлері арқылы диаграммадағы «Бес асыл іс және бес қашық іске» талдау жасайды.

2- тапсырма «Қара сөздеріне шолу»

Абайдың қара сөздері неге тәрбиелейді? (Ақыл, білім, адамгершілік, ғылым,өнер)

Танымдық ойын

ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ

ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ, ӘРҚАЛАҢ

СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ,

КЕТІГІН ТАПТА БАР ҚАЛАҢ!

(Яғни, осы өлең жолдарынан түсіп қалған сөздерді тауып, желліммен желімдеп жапыстыру керек.)

IV. Сергіту кезеңі

Педагог: Балалар тақтаға жыл мезгілдеріне сәйкес өлең шумақтарын тауып, магнитпен сәйкестендіру қажет.Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8

Ал балалар осы тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Абай ауылына саяхат жасайық!

Алдарында тұрған киіз үй Абай атамыздың ауылы.

Енді сендердің мақсаттарын осы алдарындағы жапырақтарында Абай атамыз туралы мәліметтер жазылған. Осы жапырақтар арқылы Абай ауылына саяхаттайық. Яғни жапырақтағы мәліметтерді оқып,киіз үйге салайық!

Қорытынды

Ал балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытынды кезеңінеде келіп жеттік.

Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абайдың ойлары арқылы қалыптастыру мақсатында Абайдың рухани әлемімен өзімізді рухтадық.

Қорытынды сөзімді төмендегідей өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр:


ҚЫРЫҚ БЕС ҚАРА СӨЗІН МҰРА ҚЫЛҒАН,

БАСТАУ АЛҒАН ХАЛЫҚТЫҚ АСЫЛ ЖЫРДАН.

ҮЛГІ БОЛҒАН ҰРПАҚҚА ӘРБІР СӨЗІ,

ТАЙДЫРМАЙДЫ БІЗДЕРДІ ТУРА ЖОЛДАН.

Қош, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!