Материалдар / Абай Құнанбаев “Адамның кейбір кездері” өлеңіндегі адами құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев “Адамның кейбір кездері” өлеңіндегі адами құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог қызметкерлердің біліктілік санатын бекіту бойынша мұғалім портфолиосына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
905
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Ғылыми жоба тақырыбы:


Абай Құнанбаев

Адамның кейбір кездері” өлеңіндегі адами құндылықтар


Picture 2






Дайындаған:

Ғылыми жетекшісі:







2020-2021 оқу жылы


Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1.Абай феномені мұрасының–қазіргі қоғамдағы келбеті

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы

2.2 Адамның кейбір кездері... 

ІІІ.Қорытынды

































Андатпа

Ғылыми жұмыста данышпан ақынның, шығармашылық кемелдену бағытынан адаспай, эволюциялық өсу жолымен жүріп, шығармаларындағы ішкі логикалық ой сабақтастығын жүйелеп, ақынды толғандырған замана мен халық тағдырын ақын көзімен көріп, бұзылған заманды түзету жолын көздеп айтқан "заман емдерін" (адал еңбек ету, сөз ұғу, ғылым табу, "Адам болу", "Толық адам болу", халқын сүю, дос табу, махаббатын аялау) саралап, одан бүкіл адамды рухани тазарта отырып, әлемді, әлемді жаратушыны тануға жетелейтін Абайдың асқақ мұратына шәкірттерімізді бастауды мақсат еттік.


Аннотация

В научной работе мудрый писатель систематизировал путь эволюционного роста, избегал направления творческого прогресса, упорядочивал внутреннюю логику своих произведений, «современные методы» (верность, речь, наука «Быть ​​человеком», «Быть ​​человеком», «Любовь народа», «Найти друга» и «Любящая любовь») - это начать наших учеников в совершенной судьбе Абая, который ведет мир к Создателю мира, конина.

Аnnotation

In scientific work, the wise writer systematized the path of evolutionary growth, avoided the direction of creative progress, streamlined the internal logic of his works, “modern methods” (loyalty, speech, science “To be a man”, “To be a man”, “Love of the people”, “Find a friend” and “Loving love”) is to start our students in the perfect destiny of Abai, who leads the world to the Creator of the world, horse.






















Кіріспе


Абай –әлемдік тұлға. Сол биіктен табылған Абай есімі адамзат ойының аса көрнекті алыптарының қатарында бүкіл әлемге әйгілі болды. Ол қазақ халқының мұң-мұқтажын, мәдинетін, қоғамдық-философиялық ойларын, көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді.

Ол қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастаушы, ой-өріс пікірлерінің шеңберін кеңейтуші ретінде ұлттық болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз.

Абай шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өнуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, оның шығармаларындағы айтылған идеяларды қазіргі таңда барынша дәріптеу керек екендігін айтуға болады.

Абай шығармалары қоғамның ілгерлеуімен негізгі білім мен ғылымда екендігін дәлелдеп нақты айтады.

Абай шығармаларын құндылықтарынның мән-мағынасын ашу өзекті. Тіпті бұрынғыданда зор маңызға ие болып отыр. Себебі 21 ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш ұшу сермеу, екендігін көрсетіп отыр.

Ал біздің міндетіміз Абай шығармаларындағы құндылықтарын мән-мағынасын ашу, ұсыну және оны оқу өмірге жарату, ой түйу.

Қазір барлық білім саласында Абайды оқыту, дәріптеу шаралары жүру үстінде. Бірақта әлі де болса кітапты ақтарып, Абайдың шығармаларын зерттеп оқып, майын ішіп жатқан оқушы кемде-кем. Осы Абай мұрасын тек оқып қана қоймау керек. Себебі оны зерттеп, түсініп, өзіміз соны талдау тәжірбиесін құру мақсаты тұр алдымызда.























Ғылыми жобаның өзектілігі: Абай атамыздың 175 жыл толуына орай, Абай әлемінің жаңғыруы қазіргі қоғам үшін құндылығын қайта ақтару міндеті Абай шығармаларының мағынасын ашу, және шығармаларының құндылықтарын түсіну мен ұсынужобаның өзектілігі болып табылады.


Ғылыми жобаның мақсаты: Абай шығармаларының философиялық мәнін оқуда адами қасиеттердің мағынасын ашып құру.


Міндеттері:

  • Квенистік тұрғыдан Абай шығармаларындағы терең мән мағынаны зерттеу;

  • Абай мұрасының феномендік құндылығын дәлелдеу;


Зерттеу кезеңдері: Ғылыми жобаның зерттелуі екі кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.


Гипотеза: Абай шығармаларындағы пәлсапалық құндылығын анықтау, және адами құндылықтардың жастардың бойында табылса, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі бар білімді ұрпақтың болуы


Зерттеу нысаны: Абай шығармашылығы


Зерттеу әдістері: Табылған ақпараттарға қорытынды жасау, алған ақпараттарды саралай білу


Зерттеу жаңалығы: Абай шығармаларының пәлсапалық құндылығын қазіргі кездегі маңыздылығының артуы.

















1.1.Абай феномені мұрасының – қазіргі қоғамдағы келбеті

"Абай - дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым". Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің осылай айтуы тегін емес. Абайдың осындай баға жетпес мұрасының оқу-тәрбие жұмысындағы маңызы өте зор. Өреміз жетіп, ұлтымыздың жас ұрпағын уақыт талабына сай ақылмен, білімпаздықпен, жаңаша таныммен, оқыту-тәрбиелеу ісіне Абай тағылымын пайдалансақ, ақ жол адастырмас.

Біз осы күнге дейін Абайды ақын, ұлы ойшыл ретінде таныдық. Абайтану негізін қалаған М.Әуезов бастап ғалымдарымыз Абайдың ғылыми мұраларын талдап, екшеп, таразылап ой-тұжырымдарын жасады. Бұл-біз үшін үлкен қазына, байлық. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан таразыласа, біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз.

Абай оқыту теориясының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білген. Ұсынған дидақтикалық пікірлерінің бүгінгі педагогикамен үндесе қабысып жатқандығын мақтанышпен айта аламыз. Өйткені білім алудың, адам болудың жолын жалпылама айтумен ғана шектелмеген. Қайта, қалай оқу, толық адам болу, оқығанды қалай меңгеру, ал меңгергенді қалай жүзеге асыру керек екендігі жөнінде ұсынған ойлары педагогикалық тұрғыдан өте байыпты. Абай білімді меңгеру мен толық адам болудың әдістемелік амалдарын даналықпен дәл нұсқап, оның педагогикалық, психологиялық негіздерін терең аша білген. "Мен - дейді Абай - егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім".

Демек, адам мінезін өзгертуге болатындығына көзі жетіп, замандастарына зығырданы қайнап, Абайдың зілдене айтқан бұл сөзіндегі терең мағына - мінез өзгертсе, адамның жан дүниесі де өзгеретіндігінде. Бұл жағынан келгенде бүгінгі психолог-педагог ғалымдармен Абайдың ой-түсінігі іштей тұстасып жатқандығы қайран қалдырады. Ақыл-ой білімін игерудегі сатылық теориясын қолдайтын, әлемдік беделге ие болған поляктың көрнекті педагог ғалымы Винценты Оконь былай деп жазады: "изменяя поведение человека, можно изменить его психику". Міне Абай атамыз адам болу үшін, терең білім алу үшін барлық адам бойындағы жаман мінезді де басқа да кеселді қылықтарды де өзгертуге болатынын айтады. Абайдың өзі айтқандай, бала оқуға өз еркімен емес, оқудың пайдасын түсінген кезде ғана білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланың бойындағы барлық қасиеттерді ояту, адами құндылықтарды меңгерту өз қолымызда екенін ескертеді. Абай өз қарасөздерінде білім алудың тиімді жолдары мен толық адам болудың қағидаларын өмірмен байланыстыра отырып, өз басынан өткен небір қиындықтармен ұштастыра келе бүгінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырады.

Абай бірінші қарасөзінде "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, яоқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысыи жоқ",- демей ме. Ғылым жолына түсіп, ақындықты мұрат еткен Абайды сонда толғандырған не екен десек "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман", "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" болыпты. Ұйқысын сергітіп, арманын ұлғайтқан қалың елі қазағымның тағдыры екен. Халқын шексіз сүйе отырып заманының "шайтан өрнек тауып бұзылғанын", "терін сатпай, телміріп көзін сатқан" замандастарының бишаралығына күйіне отырып, замандастарына жақсы мен жаманның, алыс пен жақынның нарқын ажыратып беріп, заманды, оның адамын түзетудің жолын көрсетеді. Ол - адал еңбек етіп, ғылым тану, адам болып сөзді ұғу, ел бірлігі, достық, махаббат, өнерді сүю, "толық адам болу", адамзатты сүю, жаратылысты, жаратушыны тануға ұмтылу жолдары.

Абай қарасөздері-философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашады.

Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары қарасөздері. Жалпы саны-45. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы "Абай" журналында жарық көрді. Абай қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қарасөздерінің негізгі тақырыптары:

1) керегін тапса, ел алсын; 2) өз мініңді көре біл; 3) қанағатсыздық; 4) өмірдің мағынасын түсіне бермейді; 5) мал туралы мақалдарды сынайды; 6) малға бірлік емес, іске бірлік керек; 7) жан азығы мен тән азығы; 8) байлық кө тұндырады; 9) дұрыс жолды ұқтыру мүмкін емес; 10) жақсылық жасасаң, құран оқыр адам табылады; 11) біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос; 12) иман, ұят; 13) иман-дәстүрлі сенім; 14) жүрек-қайраттылық; 15) өз ісіңе есеп бер; 16) жеңіл ойлау; 17) қайрат, ақыл, жүрек; 18) адам баласы - ақыл, ғылым, ар, мінезімен артық; 19) адам естіп, көріп, ұстап, танып, біліп есті болады; 20) дүние бірқалыпты тұрмайды; 21) мақтаншақ (десін дейді, демесін демейді); 22) жаман мінез; 23) салғырттық; 24) көре алмаушылық; 25) оқу, білімнің пайдасы; 26) надандық; 27) Сократ пен Аристотель (жаратушы құдіретін түсіндіреді); 28) бәрі де өзіңе байланысты (бай, кедей болуы); 29) мақалдарды сынайды (атың шықпаса, жер өрте); 30) мақтаншақтық ( ұялмас бетке талмас жақ береді); 31) естігенді ұмытпастыққа төрт нәрсе бар; 32) мінез салты; 33) мал керек болса, қолөнер үйренбек керек; 34) екі дүниенің рахаты, адалдық туралы; 35) имандылық; 36) имандылық; 37) афоризм; 38) әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім -ғалым; 39) екі қасиетімізді жоғалта бастадық, бірі- сөз тыңдау, екіншісі - намысқойлық; 40) қазақтың шын сөзге ермей, өтірікке сүттей ұйыйтыны несі екен? 41) қазақты билеу үшін қолында билігі бар кісі немесе бай кісі керек; 42) жалқаулық; 43) жүректің айнасы бұзылса, күңгірт көрсетеді; 44) талапсыздық; 45) махаббат сезімі - адамшылдықтың алды;

Қарасөздердің 6-7 түрі көлемі қысқа, аз болып келеді. Олар: 16,18,19,20,24,31,45. Барлығы - жетеу. Ерекшелігімен көзге түсетін қарасөз - отыз жетінші.

Афоризмдер. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құталы алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.

Сократтан алынған үзінді (27-сөзде) ерекшеленеді. 38 -сөз - "ғақлият-тасдихат". 46-сөз -тарихи очерк. Мұнда қазақ халқының пайда болуы туралы айтылады. Сонымен, ерекше көзге түсетін қарасөздер саны-11. 1-сөзде ақын мақсатын айтады. 2-сөзде халықтарды салыстырады. 3-сөзде билеуші тапты сынайды. 4-сөзде күлкі әшкереленіп, "ызалы күлкі - өзі де қайғы" деп қорытынды жасайды. 5-сөзде және 29-сөзде қазақтың мақал-мәтелдері сыналады. 6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,43 - сөздерде ел мінезі сыналып, надандық әшкереленіп, білім насихатталады.

Абайдың "Жиырма сегізінші сөзінде" халықты имандылыққа, ақылды, тоқтатуға, біреуге қиянат жасамауға шақырады. Күндестіктен аулақ бол, еңбек ет, ғылым үйрен, бәрі де өзіңе байланысты деп түсіндіреді. "Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, бірақ қалдырған құдай емес; ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп нанып ұқсаң болар, әйтпесе, жоқ,"-деген үзіндіден түсінеміз.

Абайдың қарасөздері тақырып жағынан ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Алайда әңгіме- сұхбат жанрының өзінің ерекшелігін толық пайдаланыпғ Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Абайдың "Он жетінші қарасөзі" болашақ ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерді сіңіруді ойлайды.

Ақыл: -Дүние мен ахиреттегі пайда мен залалды ілетұғын -мен, Менсіз... залалдан қаша алмайды, ғылымды үйрене алмайды.

Қайрат:- Ерінбей, жалықпай үйрену-менің ісім. Адасқан жолға бара жатқан бойда қайта жиғызып алатұғын - мен.

Жүрек:- Адам денесінің патшасымын, менсіз тіршілік жоқ. Ұят, рақым мен мейірім, әділет, нысап менен тарайды.

Ғылым: - Ей, қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік - тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ең қажеттісі - жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі - қасиетті адам. Абайдың бұл таластыруынан қасиетті адам мынадай болады: еңбексүйгіш, парасатты, жүрегі нұрлы, мейірімді, терең білімді, еліне адал қызмет етуші, ақылды, қайратты да қажырлы. Абай болашақ ұрпақтың бойынан осындай жақсы қасиеттерді көргісі келеді. Сол ұрпақ қана болашағының кірпіші болатынына сенеді.

"Он тоғызыншы", "Жетінші", "Отыз бірінші" сөздерінде Абай өзінің ілім-білім, оны игеру жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салады. Өзінің "Жетінші" сөзінде жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... Біреуі-білсем екен демелік. Не көрсем соған талпынып құлағы естіген, көзі көргеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Адамның қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге ақын "Он тоғызыншы сөзін" арнаған.

Ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шешуге "Алтыншы", "Сегізінші", "Он бірінші" сөздері арналады.

Абайдың кейбір қарасөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. "Бесінші", "Жиырма тоғызыншы" сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндердің астарлы сырын сынға алады.

"Отыз төртінші сөзінде" қазақ мұсылмандыққа бой бермейді, өтірік сөйлейді. Сондай-ақ адам баласы бір-біріне қонақ, бірінсіз бірінің күні жоқ, сондықтан бір-біріне зияндық ойламасын дейді.

"Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып көз алартыспақ лайқ па?

Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп,өз бетімен еңбегіңді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? "

"Отыз сегізінші сөзінде" ақын адам баласына оның мінездері туралы өз пікірін, ақылын айтады. Оны төмендегі үзіндіден толық аңғарамыз.

" Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі-надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білсін.

Надандық -ғылым-білімнің жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік - хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік, ұятсыздық -бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Бұлардың емі - халқына махаббат, халық ғаламға шапхат, қайратты, тұрлаулы, ғадалат ісінің алды-артының айқарлық білімі, ғылымы болсын". Бұл Абайдың ғылымды жүйелеуінен толық түсінік береді.

Естіп, көргенді есте сақтауға үйрету үшін Абай 19-сөзінде: адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.

Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, салғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына келсе, естіп-есітпей не керек? деп психолог Абай ұғыну жағдайын жеке адамның кінәсі деп көрсетіп, бо сөз бен қысыр әңгіме, өтірікті бріле тыңдайтын ойсыз надандықта дейді. Әрине, Абайды түсіну оңай емес. Бала түгілі көкірек көзі болмаса ересек адамның да түсінуі қиын. Ұстаздың басты мақсаты да - шәкірттерінің көкірек көзін ояту.

Жаңа дүниені ұғу үшін жол көрсету, қалыптастыру үшін естіп, көргенді есте сақтауға үйрету үшін тек Абайды ғана үйреніп қоймай, бүкіл білім атаулыны игеру үшін қалай ұғып, қалай есте сақтап, қалай үйренудің нақты жолын көрсететін 31-сөзін оқып көрейік.

"Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде не көргенде ғибратләну керек; көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.

Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе кллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер". Осы сөз арқылы, Абай арқылы алдымыздағы шәкірттерімізге, бүгінгі ұрпаққа жетесіне жеткізе отырып, мектептің негізгі қағидаларының бірі ретінде түсіндіріп, бір кездегі Лениннің "Оқы, оқы және оқы" деген өсиеті секілді, білім кемесінің көк байрағы ұраны етіп неге алмасқа деген ой келеді.

Яғни, әрбір жаңа дүниені естігенде, я көргенде қайта ұмытып қалмас үшін, көкірегіңді байлап, сол нәрсені өзіңе үлгі ет, соған талаптан, ынтамен ұғып талаптан, еңбектеніп бірнеше рет ішіңнен қайталап, көңіліңе бекіт. Ол үшін бос уақытыңды ойын-күлкімен өткізбе, ойын-күлкі үшін мал шашылады. Жаман нәрсеге құмарланба, уайымсыз, қайғйсыздықеріншектің ісі деп талдап айту қажет. Жеріне жеткізіле айтылып, жүрек түкпірінен шыққан сөздің далаға кетпесі анық. Сонымен қатар Абай атасын білім көшінің нысанасы етіп ұстаған шәкірт, өлеңді рахаттана жаттаумен қатар, болашағына бастау алары хақ.

Дәл бүгінгі қыюы кетіңкіреп тұрған заманды Абай көріп тұр ма, қалай? Мынау, секілдеп, сауда-саттықпен азып-тозып бара жатқан кей ұрпағына үн қатып, ой тастап тұр емес пе? "Ей, әлеумет! Ата-бабамнан қалған мұра деп шырылдайтының дұрыс-ақ, енді сол жеріңнің жемісін же! Байлығыңа ие бол, иелік еңбекпен келеді, еңбексіз құр айғаймен ие бола алмайсың! - деп тұрған жоқ па?"

Жастықта бір күлгенің - бір қаралық,

Күлкі баққан бір көрер бейшаралық,

Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,

Ең болмаса еңбекпен мал табалық.

Басында әке айтпаса ақыл жарлық,

Ағайын табылмаса ой саларлық.

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?

25-сөзінен "... Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік дағуасына (теңдей) кіреді, аса арыздана жалынбайды. Дінге де жақсы - білгендік" деп, бүгінгі заманның бірден-бір қажеттігі болып тұрған тіл үйрену мәселесіне жол нұсқаса, 45-қарасөзінде "Құдай табарақа уатағаланың барлығының үлкен дәлелі неше мың жылдан бері әркім әр түрлі сөйлесе де бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі" деп, діни ұғымға сын көзбен қарай, жаратушыны мойындай отырып "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" дейді.


2.1 Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы



Абай қарасөздері бүгінгі тәрбиенің негізгі көзі болып отыр. Бүгінгі жастардың бойындағы патриоттық сезімдерді Абайдың нақыл сөздері арқылы оятып, оларға тәрбие берсе артық болмаған болар еді. Рахат тұрмыс үшін өз елін шетелге айырбастап кете баратын перзент ананың әлдиі мен Абайдың нақыл сөздерімен сусындап өссе қатігездіктен аулақ болар еді. Ақын бойындағы туған жерге елжіреу, осы сүю сезімдері ояна қалса, не болар еді?.. Неге екенін өзі де білмей, туған жерге ат басын кілт бұрар ма еді? Бүгінде ардан безген, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, тар құрсағын кеңейтіп жарық дүниеге әкелген ата-анасын қарттар үйіне тапсырып жатқан ұрпақты көріп, жаның сыздайды, жүрегің ауырады. Отбасын құрып, оның үлкен жауапкершілігінен қашып, қиындыққа төзе алмай жүрген отағасыларды немен ақтап аламыз? Туған анасын, әкесін, бауырын, тіпті баласын, отбасын қырып өлтіріп жатқан біздің ұрпақ емес пе? Теледидар мен газет-журналдардан, тіпті күнделікті өмірде өзіміз куә болып жүрген, туған баласын қоқыс жәщігіне тастап, ұрпағынан безген көқек аналарды көргенде, ұлтымыздың болашағы жолында күрескен, бүкіл ел мен руды басқарған, отбасының ұйытқысы бола білген дана аналарымыздың тектілігі қайда кеткен деп шошимыз. Бұл ұрпақ, ұлтының рухани байлығынан мақұрым қалған, бесікте жатып бесік жырын тыңдамаған, Абайдай ақындардың ұлағатты сөздерін жаттамаған ұрпақ ісі деп ойлаймын. Құрсақта біткен ұрпаққа ата-бабамыздың асыл мұрасын, Абайдай ақындардың асыл сөзін айтып, бесік жырындай жырласа, өмірдегі осындай адам шошырлық жағдайлар болмас еді. Білімге қадам басқан ұрпаққа халқымыздың бай ауыз әдебиетін, Абай бастаған ақындардың оттай жалын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!