Материалдар / Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдық мерекесіне орай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдық мерекесіне орай

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысы яғни 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген хакім Абайды білмейтін бас , естімеген құлақ жоқ шығар , сірә
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА 175-жыл .



«Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні».



19-шы ғасырдың екінші жартысы яғни 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген хакім Абайды білмейтін бас , естімеген құлақ жоқ шығар сірә… Ғасырдан ғасырға тоғысып, күні бүгінге дейін қазақтың ұлттық тарихы мен әдебиетінде, мәдениетінде ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше екені сөзсіз.

Ел арасына еңбегі сіңген аузы білектей ,тісі күректей ақындарымыз баршылық. Десек те дана Абайдың жолы да жөні де бөлек Тұлғасына санасы түйіскен , парасат-пайымы ой жетегінде өмірге деген өресі рухани сөз жетегінде, өрбіген атамыздың ел есінде мәңгі сақталатыны барлығымызға аян. Ғұламаның әрбір сөзі кең мағына мен терең философияға толы екендігі алдыңғы ғасырларда-ақ дәлелін тапқан . Қай туындысын оқысаңыз да, әсем сурет ,бейнелі кескін ,кестелі әлем бейнеленген Оқып отырып түпсіз тұңғиықтың жетегінде кетесің . Мұндай сезімге сендіру- ойшылдың ғұламалығының дәлелі іспеттес Хакім қаламының тылсым сыры өзінше бір әлем дер едім….

Абай атамыздың шығармаларын байқасаңыз ұлтымыздың тұрмыс тіршілігімен қоса мінезін, дүниетанымын , ділі мен дінін түгел қамтып, барынша реалистік көзқараста сипаттама беріп отырған . Сондықтан кейінгі жас ұрпақ яғни біздер ұлттық жаңғыру идеямызды осы жолмен өрбітсек биікке өрлейміз ! - деп сеніммен айта аламын .

Абай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деген тіркестерді бекер айтпаған Демек әрбір қазақ баласы – өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуы тиіс Кемеңгер, атамыз бір сөзінде: “атымды адам қойған соң мен қайтіп надан болайын” деп, өмірдің мәні мен мақсатын адам болудан бастау әділетті деп тұжырымдаған.

Біз, жастар легі ғұлама ойшыл атамыздың тәрбиесін бойымызға сіңіре отырып, ұлтты Абайша сүюден, ер мен елді сыйлаудан ,мемлекетті қадірлеуден бастауымыз керек.

Біз сонда ғана ұлтымыздың болмысын сақтап , болашақ ұрпағымызға саналы тәрбие беріп, жеткіншектерімізге әдебиет пен мәдениеттің ,тарих пен тағылымның тарауларын ғасырлар өтсе де жүрегімізге сақтауына септігімізді тигіземіз.

Дайындаған : Бектас Әмина Ерланқызы

Аты – жөні Бектас Әмина Ерланқызы

Жұмыс орнының атауы – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы N13-ші мектеп гимназиясы

Телефон нөмер- 87758607290

Электронды почта - Amina.erlanovna@yandex.kz

Мектепалды даярлық жетекшісі

Бастауыш пән мұғалімі мамандығын бітіргенмін

Білімім- Жоғары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!