400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мұғалімдерге арналған көмекші кұрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

Сабақтың мақсаты

Поэманы мазмұндай отырып, идеялық негізін, ой астарын түсінеді,тарихи деректермен байланыстыра алады.

Күтілетін нәтиже

Поэманы мазмұндай алады, идеялық негізін, ой астарын түсінді, тарихи деректермен байланыстырды

Модульдер, оқыту әдістері

Жаңа әдіс-тәсілдер, диалогтік оқыту, АКТ, СТО, бағалау

Топтық, жеке жұмыстар, постер қорғау, ролдік ойын, дербес пікір стратегиясы, Венн диаграммасы


Қолданылған материалдар

Интерактивті тақта, түрлі- түсті маркерлер, А4 форматы

Дереккөздер

Ғаламтор материалдары, оқулық, Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы», ғаламтор материалдары


Сабақтың барысы



Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.«Күн» суреті арқылы сыныпта жағымы ортаны қалыптастыру. (2 мин)


Күн суретін бір-біріне ұсына отырып, «күн» сөзі бар тілектер айтады.


2.Топқа бөлу Мозаика стратегиясы (жыл мезгілдері) Топ басшысын сайлау, бағалау парақшасын беру. (2 мин)

Абайдың жыл мезгілдері өлеңдерінің шумақтары арқылы бөлінді. Топтасып

отырады.


3. Үй тапсырмасы. «Тізбектеу» стратегиясы . Абай «Сегіз аяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдерін мәнерлеп айту, өзіндік талдаулары. (10 мин)

Өлеңді 3 оқушы мәнерлеп, жатқа тізбектей айтып, 4-оқушы түйіндеп, ой қорытады.

Ойқозғау









Жаңа сабақ








Мағынаны тану

Балалар, өткен сабақты пысықтау мақсатында. А. Құнанбаев туралы бейнекөрініске назар аударайық.Бейнекөріністі тамашаладық, енді осы көргендерің бойынша өз пікірлеріңді ортаға салсаңдар.

Абайдың эпикалық шығармаларының бірі- «Ескендір» поэмасы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болмақ.

Бүгінгі сабақ бойынша өздеріңнің мақсаттарың қандай?

Ортақ мақсатты айқындау

Жалпы Абайдың қанша поэмасын білесіңдер?

Ал, поэма дегеніміздің өзі не? (5 мин.)

Кіріспе."Ескендір"поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып–жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы–Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы 42 шумақтан, 4 тармақтан тұрады. (1 мин)


Тапсырмалар: (8 мин. орындауға, 8 мин. қорғау)

І топ. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары. (Постер қорғау)






ІІ топ.Жорықта бұлаққа кездесуі, Ескендірдің бұйрығы. Күзетшінің сыйлығы

( Ролдік ойын)




ІІІ топ. Аристотель шешімі, ақын өсиеті. «Дербес пікір» стратегиясы

  1. Өзіндік пікір ( ой, идея)

  2. Дәлел.

  3. Өз пікірін айғақтайтын мысал.

  4. Өз пікіріне қарсы дәлел.

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

  6. Қорытынды


ІV топ

Абай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру.

Аристотель кім? (Венн диаграммасы)





Оқушылар бейнекөріністі тамашалады.Ой-пікірлерін ортаға салады.


Оқушылар сабақтың мақсатын анықтауға талпынады.

Абай поэмалары

"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі"

-"Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.



1.Ғаламтор материалдарын, қосымша ресурстарды пайдаланып, тарихи деректерге сүйене салыстыра зерттеп, Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары тарих, география пәндерімен байланыстыра қорғайды.

2.Шөл далада бұлаққа тап болуы, ол бұлақтың иесін табуды бұйырғаны, күзетші арасындағы диалог көрсетіледі.

3.Мәтіндегі ғұлама шешімін, ақын өсиетіне өзіндік ой-пікірлерін қосып, мысалдар келтіре дәлелдеді.

4. Аристотельді поэмада жұмбақтың түйінін шешуші, әрі оның ғұлама, байсалды, әділ, ғалым, ақыл иесі екендігінен үзінділер келтіреді, Шыңғысхан, Ескендір жорықтары салыстырылып, сипаттама береді.


Ой қорыту

«Қызыл лента» стратегиясы . Сұрақтары: (7 мин.)

  1. «Қасиет бар бұл сүйекте,

Көзіңе көрсетейін, хабардар бол» ,- деп Фирдоуси айтты ма? (жоқ, Аристотель)

  1. Ескендірдің мекені Македония шаһары ма? (иә)

  2. «Хәкім» сөзінің мағынасы ғалым ба? (иә)

  3. Жұмбақтың мәнін ұлы ойшыл Аристотель Ескендірден сұрай ма? (жоқ, Ескендір Аристотельден сұрайды)

  4. Поэмада Ескендірдің шапқыншылық әрекетін әшкерелей ме? (иә)

  5. «Ескендір» проза жанрына жата ма? (жоқ, поэзия)

  6. «Ескендір» поэмасының идеясы махаббат па? (жоқ)

  7. «Ескендір» поэмасы 42 шумақтан тұра ма? (иә)

  8. «Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,

Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе.

Айырған екі асықты оңа ма екен,

Деп тұрсың, алғыс айтар кім өзіңе?» бұл Ескендір поэмасының үзіндісі ме? (жоқ, Қалқаман-Мамыр дастанынан үзінді)

  1. «Қара сөздер» Абайдың соңғы туындысы ма? (иә)

  2. Абайдың «Әзім әңгімесі» поэмасы аяқталған ба? (жоқ: аяқталмаған)

  3. Абайдың: «Дүниеге көзімді ашқан-Михаэлис» дегені дұрыс па? (иә)


«иә» бір қадам алға жылжиды, «жоқ» жауап дұрыс болмаса, орнында қалады.

Қорыту

"Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз" Н. Ә. Назарбаев.


Үйге тапсырма

Тойымсыздық сыры неде? ой толғау, үзінді жаттау.

Бағалау

Формативті, (бағдаршам түстері) бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, жиынтық бағалау

Рефлексия

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?





:














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
5553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі