Материалдар / Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3 D Coral графикада бейнелеп мән-мағынасын ашу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3 D Coral графикада бейнелеп мән-мағынасын ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шғармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін ашу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Сайрам ауданы

"№7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ







ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы құндылықтарды 3D Coral графикада бейнелеп мағынасын ашу





Секция: әдебиет

Авторы: 6-сынып оқушысы Эргешбеков Шодиер

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Полатова Айнур Исфандияровна

Ғылыми жетекші: БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, "Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к. Шойманова Молдир Балгабековна



Ақсу 2023



Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1.Абай феномені мұрасының–қазіргі қоғамдағы келбеті

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы

    1. Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәнін 3D Coral графикада бейнелеу

ІІІ.Қорытынды






























2

Андатпа

Ғылыми жұмыста данышпан ақынның, шығармашылық кемелдену бағытынан адаспай, эволюциялық өсу жолымен жүріп, шығармаларындағы ішкі логикалық ой сабақтастығын жүйелеп, ақынды толғандырған замана мен халық тағдырын ақын көзімен көріп, бұзылған заманды түзету жолын көздеп айтқан "заман емдерін" (адал еңбек ету, сөз ұғу, ғылым табу, "Адам болу", "Толық адам болу", халқын сүю, дос табу, махаббатын аялау) саралап, одан бүкіл адамды рухани тазарта отырып, әлемді, әлемді жаратушыны тануға жетелейтін Абайдың асқақ мұратына шәкірттерімізді бастауды мақсат еттік.

Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, шығармаларындағы құндылықтардың тәрбиелік мәнін 3D Coral графикада бейнелеу.


Аннотация

В научной работе мудрый писатель систематизировал путь эволюционного роста, избегал направления творческого прогресса, упорядочивал внутреннюю логику своих произведений, «современные методы» (верность, речь, наука «Быть ​​человеком», «Быть ​​человеком», «Любовь народа», «Найти друга» и «Любящая любовь») - это начать наших учеников в совершенной судьбе Абая, который ведет мир к Создателю мира, конина.Умственные взгляды Абая в воспитании, воспитательных ценностей в произведениях изобразительного Coral суть в графике 3D.


Аnnotation

In scientific work, the wise writer systematized the path of evolutionary growth, avoided the direction of creative progress, streamlined the internal logic of his works, “modern methods” (loyalty, speech, science “To be a man”, “To be a man”, “Love of the people”, “Find a friend” and “Loving love”) is to start our students in the perfect destiny of Abai, who leads the world to the Creator of the world, horse.Abay's mental views in education, educational values in works of fine Coral are the essence of 3D graphics.















3

Кіріспе


Абай –әлемдік тұлға. Сол биіктен табылған Абай есімі адамзат ойының аса көрнекті алыптарының қатарында бүкіл әлемге әйгілі болды. Ол қазақ халқының мұң-мұқтажын, мәдинетін, қоғамдық-философиялық ойларын, көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді.

Ол қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастаушы, ой-өріс пікірлерінің шеңберін кеңейтуші ретінде ұлттық болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз.

Абай шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өнуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, оның шығармаларындағы айтылған идеяларды қазіргі таңда барынша дәріптеу керек екендігін айтуға болады.

Абай шығармалары қоғамның ілгерлеуімен негізгі білім мен ғылымда екендігін дәлелдеп нақты айтады.

Абай шығармаларын құндылықтарынның мән-мағынасын ашу өзекті. Тіпті бұрынғыданда зор маңызға ие болып отыр. Себебі 21 ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш ұшу сермеу, екендігін көрсетіп отыр.

Ал біздің міндетіміз Абай шығармаларындағы құндылықтарын мән-мағынасын ашу, ұсыну және оны оқу өмірге жарату, ой түйу.

Қазір барлық білім саласында Абайды оқыту, дәріптеу шаралары жүру үстінде. Бірақта әлі де болса кітапты ақтарып, Абайдың шығармаларын зерттеп оқып, майын ішіп жатқан оқушы кемде-кем. Осы Абай мұрасын тек оқып қана қоймау керек. Себебі оны зерттеп, түсініп, өзіміз соны талдау тәжірбиесін құру мақсаты тұр алдымызда.

Осы мақсат міндетті іске асыру барысында, Абайдың шығармаларын оқытуда мен 3 д корал графикаға Абай шығармашылығында дана сөздерге талдау жасап, соларға графикалық кейіпкерді сомдау үлгісін жасап, әрбір даналық сөздеріне талдау жасай отырып, қасымдағы оқушыларға тәжірбиелік –шығармашылық тапсырмаларын ұсындым.















4

Ғылыми жобаның өзектілігі: Абай әлемінің жаңғыруы қазіргі қоғам үшін құндылығын қайта ақтару міндеті Абай шығармаларының мағынасын ашу, және шығармаларының құндылықтарын түсіну мен ұсыну жобаның өзектілігі болып табылады.

Ғылыми жобаның мақсаты: Абай шығармаларының философиялық мәнін оқуда 3 D Coral графикада мағынасын ашып құру.

Міндеттері:

  • Квенистік тұрғыдан Абай шығармаларындағы терең мән мағынаны зерттеу;

  • Абай мұрасының феномендік құндылығын дәлелдеу;

Зерттеу кезеңдері:Ғылыми жобаның зерттелуі екі кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.

Гипотеза: Абай шығармаларындағы пәлсапалық құндылығын анықтау, және 3 д корал графикада ұсыну.

Зерттеу нысаны:Абай шығармашылығы

Зерттеу әдістері: Табылған ақпараттарға қорытынды жасау, алған ақпараттарды саралай білу

Зерттеу жаңалығы:Абай шығармаларының пәлсапалық құндылығын қазіргі кездегі маңыздылығын 3d корал графикада кескіндеу.























5

1.1.Абай феномені мұрасының – қазіргі қоғамдағы келбеті

"Абай - дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым". Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің осылай айтуы тегін емес. Абайдың осындай баға жетпес мұрасының оқу-тәрбие жұмысындағы маңызы өте зор. Өреміз жетіп, ұлтымыздың жас ұрпағын уақыт талабына сай ақылмен, білімпаздықпен, жаңаша таныммен, оқыту-тәрбиелеу ісіне Абай тағылымын пайдалансақ, ақ жол адастырмас.

Біз осы күнге дейін Абайды ақын, ұлы ойшыл ретінде таныдық. Абайтану негізін қалаған М.Әуезов бастап ғалымдарымыз Абайдың ғылыми мұраларын талдап, екшеп, таразылап ой-тұжырымдарын жасады. Бұл-біз үшін үлкен қазына, байлық. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан таразыласа, біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз.

Абай оқыту теориясының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білген. Ұсынған дидақтикалық пікірлерінің бүгінгі педагогикамен үндесе қабысып жатқандығын мақтанышпен айта аламыз. Өйткені білім алудың, адам болудың жолын жалпылама айтумен ғана шектелмеген. Қайта, қалай оқу, толық адам болу, оқығанды қалай меңгеру, ал меңгергенді қалай жүзеге асыру керек екендігі жөнінде ұсынған ойлары педагогикалық тұрғыдан өте байыпты. Абай білімді меңгеру мен толық адам болудың әдістемелік амалдарын даналықпен дәл нұсқап, оның педагогикалық, психологиялық негіздерін терең аша білген. "Мен - дейді Абай - егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім". Демек, адам мінезін өзгертуге болатындығына көзі жетіп, замандастарына зығырданы қайнап, Абайдың зілдене айтқан бұл сөзіндегі терең мағына - мінез өзгертсе, адамның жан дүниесі де өзгеретіндігінде. Бұл жағынан келгенде бүгінгі психолог-педагог ғалымдармен Абайдың ой-түсінігі іштей тұстасып жатқандығы қайран қалдырады. Ақыл-ой білімін игерудегі сатылық теориясын қолдайтын, әлемдік беделге ие болған поляктың көрнекті педагог ғалымы Винценты Оконь былай деп жазады: "изменяя поведение человека, можно изменить его психику". Міне, Абай атамыз адам болу үшін, терең білім алу үшін барлық адам бойындағы жаман мінезді де басқа да кеселді қылықтарды де өзгертуге болатынын айтады. Абайдың өзі айтқандай, бала оқуға өз еркімен емес, оқудың пайдасын түсінген кезде ғана білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланың бойындағы барлық қасиеттерді ояту, адами құндылықтарды меңгерту өз қолымызда екенін ескертеді. Абай өз қарасөздерінде білім алудың тиімді жолдары мен толық адам болудың қағидаларын өмірмен байланыстыра отырып, өз басынан өткен небір қиындықтармен ұштастыра келе бүгінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырады.

Абай бірінші қарасөзінде "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым 6

жоқ",- демей ме. Ғылым жолына түсіп, ақындықты мұрат еткен Абайды

сонда толғандырған не екен десек "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман", "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" болыпты. Ұйқысын сергітіп, арманын ұлғайтқан қалың елі қазағымның тағдыры екен. Халқын шексіз сүйе отырып заманының "шайтан өрнек тауып бұзылғанын", "терін сатпай, телміріп көзін сатқан" замандастарының бишаралығына күйіне отырып, замандастарына жақсы мен жаманның, алыс пен жақынның нарқын ажыратып беріп, заманды, оның адамын түзетудің жолын көрсетеді. Ол - адал еңбек етіп, ғылым тану, адам болып сөзді ұғу, ел бірлігі, достық, махаббат, өнерді сүю, "толық адам болу", адамзатты сүю, жаратылысты, жаратушыны тануға ұмтылу жолдары.

Абай қарасөздері-философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашады.

Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары қарасөздері. Жалпы саны-45. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы "Абай" журналында жарық көрді. Абай қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қарасөздерінің негізгі тақырыптары:

1) керегін тапса, ел алсын; 2) өз мініңді көре біл; 3) қанағатсыздық; 4) өмірдің мағынасын түсіне бермейді; 5) мал туралы мақалдарды сынайды; 6) малға бірлік емес, іске бірлік керек; 7) жан азығы мен тән азығы; 8) байлық кө тұндырады; 9) дұрыс жолды ұқтыру мүмкін емес; 10) жақсылық жасасаң, құран оқыр адам табылады; 11) біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос; 12) иман, ұят; 13) иман-дәстүрлі сенім; 14) жүрек-қайраттылық; 15) өз ісіңе есеп бер; 16) жеңіл ойлау; 17) қайрат, ақыл, жүрек; 18) адам баласы - ақыл, ғылым, ар, мінезімен артық; 19) адам естіп, көріп, ұстап, танып, біліп есті болады; 20) дүние бірқалыпты тұрмайды; 21) мақтаншақ (десін дейді, демесін демейді); 22) жаман мінез; 23) салғырттық; 24) көре алмаушылық; 25) оқу, білімнің пайдасы; 26) надандық; 27) Сократ пен Аристотель (жаратушы құдіретін түсіндіреді); 28) бәрі де өзіңе байланысты (бай, кедей болуы); 29) мақалдарды сынайды (атың шықпаса, жер өрте); 30) мақтаншақтық ( ұялмас бетке талмас жақ береді); 31) естігенді ұмытпастыққа төрт нәрсе бар; 32) мінез салты; 33) мал керек болса, қолөнер үйренбек керек; 34) екі дүниенің рахаты, адалдық туралы; 35) имандылық; 36) имандылық; 37) афоризм; 38) әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім -ғалым; 39) екі қасиетімізді жоғалта бастадық, бірі- сөз тыңдау, екіншісі - намысқойлық; 40) қазақтың шын сөзге ермей, өтірікке сүттей ұйыйтыны несі екен? 41) қазақты билеу үшін қолында билігі бар кісі немесе бай кісі керек; 42) жалқаулық; 43) жүректің айнасы бұзылса, күңгірт көрсетеді; 44) талапсыздық; 45) махаббат сезімі - адамшылдықтың алды;

Афоризмдер. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құталы алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.

7

Сократтан алынған үзінді (27-сөзде) ерекшеленеді. 38 -сөз - "ғақлият-тасдихат". 46-сөз -тарихи очерк. Мұнда қазақ халқының пайда болуы туралы айтылады. Сонымен, ерекше көзге түсетін қарасөздер саны-11. 1-сөзде ақын мақсатын айтады. 2-сөзде халықтарды салыстырады. 3-сөзде билеуші тапты сынайды. 4-сөзде күлкі әшкереленіп, "ызалы күлкі - өзі де қайғы" деп қорытынды жасайды. 5-сөзде және 29-сөзде қазақтың мақал-мәтелдері сыналады. 6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,43 - сөздерде ел мінезі сыналып, надандық әшкереленіп, білім насихатталады.

Абайдың "Он жетінші қарасөзі" болашақ ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерді сіңіруді ойлайды.

Ақыл: -Дүние мен ахиреттегі пайда мен залалды ілетұғын -мен, Менсіз... залалдан қаша алмайды, ғылымды үйрене алмайды.

Қайрат:- Ерінбей, жалықпай үйрену-менің ісім. Адасқан жолға бара жатқан бойда қайта жиғызып алатұғын - мен.

Жүрек:- Адам денесінің патшасымын, менсіз тіршілік жоқ. Ұят, рақым мен мейірім, әділет, нысап менен тарайды.

Ғылым: - Ей, қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік - тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ең қажеттісі - жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі - қасиетті адам. Абайдың бұл таластыруынан қасиетті адам мынадай болады: еңбексүйгіш, парасатты, жүрегі нұрлы, мейірімді, терең білімді, еліне адал қызмет етуші, ақылды, қайратты да қажырлы. Абай болашақ ұрпақтың бойынан осындай жақсы қасиеттерді көргісі келеді. Сол ұрпақ қана болашағының кірпіші болатынына сенеді.

Дәл бүгінгі қыюы кетіңкіреп тұрған заманды Абай көріп тұр ма, қалай? Мынау, секілдеп, сауда-саттықпен азып-тозып бара жатқан кей ұрпағына үн қатып, ой тастап тұр емес пе? "Ей, әлеумет! Ата-бабамнан қалған мұра деп шырылдайтының дұрыс-ақ, енді сол жеріңнің жемісін же! Байлығыңа ие бол, иелік еңбекпен келеді, еңбексіз құр айғаймен ие бола алмайсың! - деп тұрған жоқ па?"

Жастықта бір күлгенің - бір қаралық,

Күлкі баққан бір көрер бейшаралық,

Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,

Ең болмаса еңбекпен мал табалық.

Басында әке айтпаса ақыл жарлық,

Ағайын табылмаса ой саларлық.

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?





8


2.1 Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы



Абай қарасөздері бүгінгі тәрбиенің негізгі көзі болып отыр. Бүгінгі жастардың бойындағы патриоттық сезімдерді Абайдың нақыл сөздері арқылы оятып, оларға тәрбие берсе артық болмаған болар еді. Рахат тұрмыс үшін өз елін шетелге айырбастап кете баратын перзент ананың әлдиі мен Абайдың нақыл сөздерімен сусындап өссе қатігездіктен аулақ болар еді. Ақын бойындағы туған жерге елжіреу, осы сүю сезімдері ояна қалса, не болар еді?.. Неге екенін өзі де білмей, туған жерге ат басын кілт бұрар ма еді? Бүгінде ардан безген, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, тар құрсағын кеңейтіп жарық дүниеге әкелген ата-анасын қарттар үйіне тапсырып жатқан ұрпақты көріп, жаның сыздайды, жүрегің ауырады. Отбасын құрып, оның үлкен жауапкершілігінен қашып, қиындыққа төзе алмай жүрген отағасыларды немен ақтап аламыз? Туған анасын, әкесін, бауырын, тіпті баласын, отбасын қырып өлтіріп жатқан біздің ұрпақ емес пе? Теледидар мен газет-журналдардан, тіпті күнделікті өмірде өзіміз куә болып жүрген, туған баласын қоқыс жәщігіне тастап, ұрпағынан безген көқек аналарды көргенде, ұлтымыздың болашағы жолында күрескен, бүкіл ел мен руды басқарған, отбасының ұйытқысы бола білген дана аналарымыздың тектілігі қайда кеткен деп шошимыз. Бұл ұрпақ, ұлтының рухани байлығынан мақұрым қалған, бесікте жатып бесік жырын тыңдамаған, Абайдай ақындардың ұлағатты сөздерін жаттамаған ұрпақ ісі деп ойлаймын. Құрсақта біткен ұрпаққа ата-бабамыздың асыл мұрасын, Абайдай ақындардың асыл сөзін айтып, бесік жырындай жырласа, өмірдегі осындай адам шошырлық жағдайлар болмас еді. Білімге қадам басқан ұрпаққа халқымыздың бай ауыз әдебиетін, Абай бастаған ақындардың оттай жалынды сөздерін жаттатып, санасына сіңірсе, Отанын, анасын, әкесін, туған елін атамекенін, аяулы жарын сүйетін болашағымыз қалыптасары анық. Бүгінгідей ұрпағын тентіретіп тастап кететін жүрегі мен жаны жарымжан ұл болмас еді деп ойлаймын. «Тәрбие басы- тал бесік» дейді ата-бабамыз. Осындай кемшіліктерді өзгеден іздегенше, неге отбасындағы тәрбие мен мектеп, қоғам тәрбиесіне көңіл бөлмейміз?

Жүсіпбек Аймауытов: «Кіршіксіз таза махаббат кімде болу керек?- деп жазады ол. – Баласын сүйген анада болу керек. Сүйген ашық жарда болу керек. Жүректі елжіретіп ерітетін, өлгенді тірілтпесе де, өшкенді жандыратын өмірдің қызығы, ләззаты-осылар. Бұларсыз өмірде мағына жоқ». Міне, жоғарыда айтқан қоғамның келеңсіз жағдайларында айтылған өмірдің ащы шындығында сүйіспеншіліктің жоқтығы осыған әкеліп отыр. Бүгінгі тәрбиеде Абайдың қарасөздерін ұрпағымызға үйретіп, көңіл бөлсе, ұрпағымыз азбас еді деп ойлаймын. Сондықтан Абайдың қарасөздері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне аса қажет құндылық екенін біреу түсінсе, біреудің оған әрі өресі жеткен жоқ. Шетел ғалымдарының бала тәрбиелеудегі әдістері мынадай деп шатасқанша, тәрбиенің қөзін неге Абай қарасөздерінен алып,

9

зерттеп, тәрбие құралдарын жазбасқа. Осы мәселе жанымызды жегідей жеп, Абайдың қарасөздерін өзімізше зерттеп, келешекке аз да болса татымды сөз айтсақ деп ойладым.

Өз заманының барлық рухани болмысын сезеніп, халқының болашағы үшін жаны ауырған ақынның шәкірттерінің бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңінде қазақ қоғамы үшін Абай атқарған еңбекті бағалай келіп:

Мынау Абай - бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөз ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық - деп толғайды.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан

Жалыналық Абайға, жүр, баралық.

Білімді сол кісіден ізденейік!

"Әдейі іздеп біз келдік сізге" делік.

"Өмір зая болмастық өнер үйрет

Ақылыңды аяма бізге" делік.

Отыздан асқан Абайдың кемеңгер даналығын, ақылгөйлік парасатын Шәкәрім осылай бағалайды, ақынның қазақ халқы үшін қандай тұлға екенін дәл болжайды. Осынау парасатты азамат тұлғасынан үлгі алудың, оның айтқан ақыл-кеңесін тыңдап, ғылым мен өнер үйренудің, мәдениетті елдер үлгісіне көз тігудің қажеттігін алға тартады. Нені үйренсең де алдыңда үлгі тұтар нысанаң болсын, содан үйрен, соған қарап өркен жай, ондай нысана біз үшін, бізден кейінгі үшін Абай болмақ деген пікір айтады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белді өкілі, лирикалық жыр шеберлерінің бірі - Мағжан Жұмабаев. Ақын Абай сынды ұлы алантқа табынып өткен, содан үйренген, оның ұлылығына, ақындық құдіретіне бас иген. 1912 жылы Қазанда шыққан "Шолпан" жинағына енген "Алтын хакім Абайға" деген 24 жолдан тұратын өлеңге Мағжан Абайдың хакімдігін, көсемдігін, шешендігін, ақындығын, даналығын сыйғызған:

Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Мағжан Абайдың ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп алмай, қосып айтады. "Абай аты" мен "Абай сөзі" алты алашқа ғана емес, әлемге әйгілі болатынын сол кездің өзінде-ақ сезінген. Абай поэзиясының мәңгілік екенін көрегендікпен жырға қосты.

Жастарға айтар үш тілек-білімді бол, еңбек ет, отбасын құр. Бойыңа тәрбие мен білімді бірдей сіңір, өйткені Әл Фараби бабаң: "Тәрбиесіз білім алған адам-халықтың қас жауы!" - деген екен. Бұдан мыңдаған жыл бұрын данышпан бабамыздың бұл сөзі жас жеткіншектің туған еліне қаншалықты қадірлі екенін бағалауына мүмкіндік береді.

10


Азамат атануға тырыс, азамат атан да еліңе пайдаңды тигіз, өйткені Абай атаң: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!"-деп, елге пайдалы еңбек етуді міндеттеп кеткен.

Жастар міндеті: жастар өзінің ұлттық болмысын саналы түрде өздері қалыптастыруы қажет.

"Жастардың ұлттық болмысы қандай қасиеттерімен қалыптасады" деген сұраққа жауап ретінде:

1.Ең алдымен өз ұлтын қалтқысыз сүю, ұлт тілін білу қасиетімен;

2. Ұлт әдет-ғұрпын жүрегімен қабылдап, пайдалана білуімен; 3. Ұлт санасы туралы түсінігі болуымен; 4. Ошағын сүю, Отанын сүю қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуымен; 5. Діни түсінігін, дін жолындағы еңбектерін қазақ халқының арман-мақсаттарымен сәйкестендіре білуімен; 6. Бар адам асыл арманы-тәрбиелі, білікті ұрпақ өсіру екенін, оның жаратылыс заңы, қоғам талабы екенін мойындау, соны сапалы орындауға ұмтылуымен қалыптасады - дер едік.


2.2. Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәнін 3D Coral графикада бейнелеу


Білім беру саласында қазір ақпараттандыру, цифрландыру және соны оқу мен оқытуда қолдану шаралары атқарылып жатыр.

Біз Абай шығармашылығын оқытуда түрлі технологияларды пайдалануымызға болады. Қазіргі түрлі бағдарламалар ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!