Материалдар / Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Абай - дана, Абай - дара Қазақта" тақырыбында жазылған эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Абай - дана, Абай - дара Қазақта" тақырыбында жазылған эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай - дана, Абай - дара Қазақта" тақырыбында жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
276
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Успен жалпы орта білім беру

мектебінің 10 сынып оқушысы

Усенов Алишер

жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Арынова А.М.



Абай-дана, Абай-дара қазақта



Биылғы жыл күллі қазақ елі үшін ерекше жыл, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жыл. Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі Абай атамыз артында өшпес із қалдырды. Поэзия, музыка, даналықта, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өнегелі шығармалар берген Абай Құнанбаев – қазақ елінің кешегі өмірін зерттеймін деген жанға таңғажайып тұлға.

Абай атамызды қалай дәріптесек те аз, деп ойлаймын. Оның шынайы шығармашылығы қазақ еліне ғана емес, дүние жүзіне де үлгі-өнеге болып табылады. Абайдың адамдар мен оның ортасы, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ойлары мен пікірлері ғасырлар өтсе де, маңызын жоғалтпайды. Себебі оның мұрасы барша адамзат баласының рухани азығы болып табылады.

Ол «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!» деген және тағы басқа да өткір философиялық сындарымен халқын бірлікке шақырған. Оған дәлел - әлі күнге дейін маңыздылығы мен құндылығын жоғалтпаған қарасөз. Абай Құнанбаевтың қарасөздерінің жалпы саны қырық бес. Олардың тақырыбы әр алуан, терең болып жазылғанымен, күллі қазақ халқы үшін асыл сөз. Абай - отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай - қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаған дара тұлға. Қорыта айтқанда мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!» деп аяқтағым келеді.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!