Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасының жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
УДК 371.4
Байгельдина М.Т.,ШҚО,Семей қаласы,Т.Аманов атындағы №«16 ЖОББМ».,тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасының жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалы
Аңдатпа: Әрбір халықтың рухани және адамгершілік тіректері бар. Қазақ халқының санасында осындай іргелі тіректердің бірі-көрнекті ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы. Оның шығармаларында халық шығармашылығының дәстүрлері мен қоғам проблемаларын түсіну барынша көрсетілген. Баяндамашы Абайды мектепте оқу кезеңдерін ашып көрсете білген. Оқушының жасерекшелігіне байланысты күтілетін нәтиже мен олардың көрсететін біліктілік деңгейі де сөз болған. Тақырып жан-жақты ашылған.
Аннотация: У каждого народа есть духовные и нравственные опоры. В сознании казахского народа одна из таких фундаментальных опор-творческое наследие выдающегося просветителя Абая Кунанбаева. В его произведениях максимально отражено понимание традиций народного творчества и проблем общества. Докладчик раскрыл этапы обучения Абая в школе. В связи с возрастом учащегося речь шла о ожидаемом результате и уровень квалификации, который они демонстрируют. Тема разносторонне раскрыта.
Abstract: Every nation has spiritual and moral supports. In the minds of the Kazakh people, one of these fundamental pillars is the creative legacy of the outstanding educator Abay Kunanbayev. His works reflect the maximum understanding of folk art traditions and problems of society. The speaker revealed the stages of Abay's education at school. Due to the age of the student, it was about the expected result and the skill level they demonstrate. The topic is comprehensively disclosed.
Кілт сөздер: рухани –адамгершілік тәрбие, Абай Құнанбайұлы, оқыту әдістемесі, энциклопедиялық қызмет, монографиялары, Абайтанушы ғалымдар, көркем-әдеби туынды.
Ключевые слова: духовно –нравственное воспитание, Абай Кунанбайулы, методика обучения, энциклопедическая деятельность, монографии, ученые-абаеведы, художественно-литературное произведение.
Keywords: spiritual and moral education, Abai Kunanbayuly, teaching methods, encyclopedic activities, monographs, Abai scholars, artistic and literary work.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
С. Торайғыров
Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық псилогияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз халқаның педагогикалық ой-парасаты ақыл тезі, жүрек қылынан өткізі келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап-тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймын. Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап көрсетті.
Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін ашып айтты. ”Дүниенің кілті өнер мен ғылымда тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды дейді оныншы қара сөзінде”. “Үш ақ нірсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” дей келе ақын. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз ғылым сол үшеуінің тілін білмек, - деп ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына бола үйренбе...” – деп ескерту жасайды. (32 қара сөз). Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат, білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, німез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық”,-деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз).
Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі болатын. Абай жастардың адам болу үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды.“Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде” - деп ақыл береді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» десе, Бейсенғазы Ұлықбек «Меніңше, осы сұрақ әр есті қазақты мазалауы тиіс. Неге десеңіз, қазақ бола тұрып, қазақ әдебиетінің асқар шыңы – Абайдың шығармаларын оқымау – ұят. Неліктен біз сарқылмас мұра қалдырып кеткен ақынымыз тұрғанда өзге ұлттың ойшылдарына жүгінеміз?!» деген сауалды қаны қазақ, жаны қазақ барлық қазақстандықтарға қойған.
Расымен, бүгінгі күні мектептерде Абай өмірі мен шығармашылығын оқыту әдістемесі қандай деңгейде? Абайды мектепте оқыту оқушылар үшін маңызды ма? – деген сұрақтар көпшілікке қызық болар, ендеше осы сұрақтарға өз баяндамамда жауап беруге тырысамын.
Бірінші кезекте, семинарға қатысушы қауым, сіздерді Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Хәкім Абайдың оқырмандарына «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім. Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» деуінің өзі оның жұмбағын шешуге жол ашатындай.
Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Сондай – ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу - бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат - міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдары. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.
Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойланып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Бойындағы даналық оны даралық жолына, данышпандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.
Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатымыз, құштарлығымыз бүгінгі күн санап артқандай. Ақын шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген қажеттіліктің бар екенін сындарлы жылдар айқындап берді.
Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беретін, жанға жайлы, ыстық леп ескендей. Бар асылын, ойын замана жастарына, келер ұрпаққа да арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Абай шығармалары сөз өнерінің биік үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат-мүддесіне толық жауап береді. Әдебиет басқа оқу пәндері сияқты осы мақсат, міндеттерді арқалай отырып, басқа қырларымен де ерекшеленеді.
Бүгінде біз тәуелсіз елдің тұрғындарымыз, сөз бостандығы, демократияда өмір сүріп жатырмыз. Әр нәрсені өз орнымен ешкімге жалтақтамай айта аламыз. Осы орайда Абай мұрасын оқытуда да бұрын айтылмаған, көптеген жайттарды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру – ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы деп білемін.
Өзі бір әлем, өзі бір ғаламшарға тең болардай адамдар бар. Қаншама жылдар бойы олар ел мен жерді, алыс пен жақынды қосып, жаңа бір жол сілтейді. Тілім жаңадан шыға бастағанда әжем Абайдың өлеңдерін жаттатқызып қоятын. Сол күндерден Абай мен үшін бір жақын туысымдай көрінетін. Мен үшін ол бір таныс, жүрегіме жақын тұлға болды. Себебі біздің отбасымызда барлығы дана Абайды, дара Абайды сүйіп оқиды. Ана құрсағында жатып – ақ оның әндерімен сусындап, оның өлеңдерін тыңдадым.
Зередей ақылды, Ұлжандай саналы әжем де маған Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы көп сыр шертетін. Өзімен жасау ретінде келген Абайдың жинағынан қоңыр даусымен қарасөзден түйін төгетін. Бұл кітап отбасылық жәдігеріміз, біз оны көздің қарашығындай сақтаймыз. Әжемнің «Балам, Абай айтқан толық адам бейнесін сенен көргім келеді» деген сөздерінің мәнін, оның даналығының құпиясын білгім келеді. Бұл жолда маған мәдени құндылықтардың әлемдік қазынасын даналықтың інжу-маржандарымен байытқан Абайдың өзі көмектеседі.
Кей сәттерде Абаймен сырласамын да. Көкейіме жиналған сан сұрақтың бірін айтып, Абайдың кез келген өлеңінен бір жол оқимын. Арамызда бір рухани диалог қалыптасқандай күй кешемін.
Абайды оқыған әр адам азғындық, ашкөздік, жамандық және басқа да жалпыадамзаттық бұзылыстардан аулақ болары хақ. Абайдың өсиеттері мен сияқты жас ұрпаққа жалау. Оның «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген нақыл сөзінен білімге, ғылымға құштарлығым артып, арымды таза ұстауға, мінезімді сабырлыққа шақыруға тырысамын. Жабырқасам Абай әнін айтамын, күйін шертемін.
Мәңгілік мұраның дара тұлғасы – Абай шығармашылығы терең тұңғиық. Оның кемеңгерлігі сол тұңғиықтың түбіндегі маржан шығармаларында. Абайдан бізге 170 өлең, 45 қара сөз, 56 аударма, 4 күй, 28 әні мұра боп қалды. Мұра болған шығармалардың тақырыптары сан алуан.
Өз басым Абай тағылымынан нәр аламын. Ақынның «Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол» деген сөздерін өмірлік ұстанымыма айналдырдым десем қателспеймін.
Абайдан
оқығаның табылады,
Абайды
оқымаған қағынады.
Абайды оқы,
ерінбе, еркелеме,
Абайдан
іздегенің табылады – дегендей, Абай қазақ халқының энциклопедиясы
іспетті.
Өз сөзімді қорытындылай келе «Абай деген - терең теңіз, алып мұхит, ал мен оның бетін ғана қалқыдым» - деп М.Әуезов айтқандай Абайды тану мәңгілік толастамас асыл мұра.
Абай - қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани нәр бұлағы, жан азығы, болашағының адастырмас темірқазығы. Абай сөзі-халқымыздың өткен тарихын, рухани мұрасын танытумен бірге, бүгінгі және келешек өміріміздің де бағдаршамы, ақ жолы, ғибратты ұстазы, Абайды оқу, одан рухани нәр алып, жан әлемін байыту арқылы қазақ елі, адам баласы әділетті, адал ғұмыр, бақытты заман бесігіне бөленері хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
М. Мырзахметұлы. Әуезов және Абай. Алматы «Қазақстан», 1996 жыл;
-
Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан. Алматы «Жазушы» 1993 жыл;
-
М.Әуезов. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы «Санат» 1997жыл;
-
Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы. Абай жайлы сөз. «Өскемен» 1995 жыл;
-
Р.Сыздықова. Абай шығармасының тілі. Алматы «Ғылым» 1968 жыл;
-
«Абай» энциклопедиясы «Атамұра» 1995 жыл;
-
К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 жыл;
-
Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 жыл;
-
М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 жыл;
-
Қ.Мұқамедханов. Абайдың ақын шәкірттері. Алматы 1994 жыл.