Материалдар / Абай Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігі Абай шығармашылығы – қазақ әдебиетінің тұңғиығы. Оның қаламынан туған әрбір туындысы қазақ баласының бойындағы жағымды әрі жағымсыз қасиеттерді, ұлт өміріндегі тұрмыс-тіршілікті, ғылым-білім ілімдерін сипаттап баяндаған. Сөзі, мағынасы терең оралыммен жазылған Абай қарасөздері тәрюиелік жолындағы ең басты құрал болып саналады. Абайдың қарасөздері қазақ халқының аласапыранды тарихи кезеңінің үстінде туындаған парақ сөздері еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
1027
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігі

Абай шығармашылығы – қазақ әдебиетінің тұңғиығы. Оның қаламынан туған әрбір туындысы қазақ баласының бойындағы жағымды әрі жағымсыз қасиеттерді, ұлт өміріндегі тұрмыс-тіршілікті, ғылым-білім ілімдерін сипаттап баяндаған. Сөзі, мағынасы терең оралыммен жазылған Абай қарасөздері тәрюиелік жолындағы ең басты құрал болып саналады. Абайдың қарасөздері қазақ халқының аласапыранды тарихи кезеңінің үстінде туындаған парақ сөздері еді. Сол заман халықтың басындағы ең бір күрделі, елдің санасы сарсаңға түскен, асу қайшылықты, би-сұлтандардың әділетсіздігі көрініс тапқан ауыр мерзім. Осы заманның күйінішін естіп, көру арқылы оның даналығын күллі әлем тани білді. Ұлы ақынның қырық бес қара сөзі он сегіз мың ғаламның ақылдық кілті, өйткені аықл, білім, өнер, жақсы-жаман қасиеттер – бүгінгі атқан таңмен үндесіп, Абай сөздерінде шешімін тапқан.

Ұлы Абай өз шығармашылығында «Иманның» жақсылығын асыра сілтеп көрсетті, себебі иман – беріктік, айнымас көңілдің, ақ жүректің негізгі арқауы. Ақын оны өзінің он үшінші қарасөзінде «Иман» тақырыбын талқыға салған. Әрине, автор көтерген осы тақырып қай заманда болмасын адам баласы үшін жаратушы алдындағы құндылық болып табылады, себебі «иман» - Мұхаммед пайғамбарымыз жіберген жарлығына мойын ұсыну. Осыған инануға екі нәрсе керек деп ойлаймын. Олар: біріншіден, хайуандық мінезден қалай да болса құтылу, екіншіден, инабаттылық, жақсылық қылып, өзгеге жақсы көңіл беру, өйткені Алла тағала жарлығына қарсы шықпай, оның алдында күнәні ақтау қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Біреу «өлтіремін» деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды «иман» дейміз» деген екен. Абай айтқан бұл сөз қазірде иман жөніндегі сұраққа жауап. Сондықтан қазіргі қоғамда Алланың иман нұры шашылуы екі ұдайлы құбылыс.

ХХІ ғасыр – ғылым мен ақылдың көрінісі сақталатын заман деп айтсақ, артық етпесі анық. Жаңалықтарды ашу-ғылым мен ақылдың негізгі нышаны, жаңа идеяларды ойлап табумен басталары ақиқат. Ол үшін негізгі міндеттер атқарылуы тиіс. Олар: жаңаша нәрсеге көкірегі берік, байлаулы болу керек, бір нәрсені естігенде немесе көргенде ғибратлану қажет, оқығаныңды көңілденіп, ынтамен ұғып, сол іс жөнінде бірнеше рет ой қозғау қажет. Егер де осыны жүзеге асырғыңыз келсе, ақын айтқан төрт ой кеселді нәрселер: уайымсыз салғырттықтан, ойыншы-күлкілшілдіктен, қайғыға, бос уайымға салынудан, құмарлықтан арылыңыз, себебі не дегенмен де олардың кедергілері зор қауіпке әкеледі. Оны Абай ата өзінің отыз бірінші қарасөзінде: «Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды нәрселер» деген ой-тұжырыммен оқырман көңіліне жеткізе білген. Ой-кеселді қылықтар қай кезде болмасын адамды жолдан тайдыра алады.

Өмір болғасын әрбіреуіміз өзімізге демеу болатын жан досымызды іздейміз, себебі адам серігінсіз еш нәрсеге жарымайды. Қайғыңа ортақтасып, мұңыңды бірге шерте біледі. Бақытыңа бірге болып, көңілді күйіңді бірге тойлайды. Әйтсе де, бұл жағдай тұрақты болып қалмайды. Адал достықпен қатар, амал достықтың кесапатын көреміз. Абай атамыз өзінің қырықыншы қарасөзінде айтқан екен: «Біреуге «досым» деп ат беріп жүрсең, оған сенің жұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?... Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егер де жетілсе, бағанағы досына бір бітімі жоқ жұшпаны сол болатұғыны қалай?». Әрине, қоғамдағы осы көрініс өз шешімін таба алмайды. Біз ХХІ ғасыр жастары осы хикаяның негізгі кейіпкерлеріміз. Байлық көрсек жан жолдасымыздан қызғанып, достығымызды әп-сәтте сатып кетуге нық дайын тұрмыз.

Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлының қаламынан туылған қырық бес қарасөзі – он сегіз мың ғаламның ақылдық кілті деген шешімге тоқталғым келеді.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!