Материалдар / Абай Құнанбайұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз шығармашылығында білім мен ғылымды басты орынға шығарған Абай бар күш-жігерін халқының ұлттық санасын көтеруге жұмсады. Білімді, рухани дүниесі бай халық қана қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілмек. Осы қағиданы берік ұстанған Абай өлеңдері мен қара сөздерінде рухани дүниенің қайнар көзі – білім, ғылымды сөз етіп, адамгершілік пен ақыл, ар-ұят яғни адам бойындағы рухани байлықты басты орынға шығарды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбайұлы адамды адам етіп қалыптастырушы



Адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Абай Құнанбайұлы еш уақытта білім мен тәрбиені бір-бірінен бөліп алып, жеке қарастырмаған. Жақсы тәрбие білім арқылы келеді, - деп есептеген Абай, білім мен ғылымның адам өміріндегі орнын өте терең түсінді. Ол ғылым мен білімді тәрбиемен ұштастыра қарастырып, адамгершілік негізі – білім мен ғылым, - деген өте күрделі ой ұстанымда болды. Өз шығармашылығында білім мен ғылымды басты орынға шығарған Абай бар күш-жігерін халқының ұлттық санасын көтеруге жұмсады. Білімді, рухани дүниесі бай халық қана қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілмек. Осы қағиданы берік ұстанған Абай өлеңдері мен қара сөздерінде рухани дүниенің қайнар көзі – білім, ғылымды сөз етіп, адамгершілік пен ақыл, ар-ұят яғни адам бойындағы рухани байлықты басты орынға шығарды. Әлеуметін терең танып, азаматтық идеясы жан-жақты өскен білімді ақын, өзі өмір сүрген қоғамды әр қырынан тани түсіп, жаңа үлгідегі ақын болып қалыптасты.

Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет. Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Енді ақынның қара сөзіне көңіл аударып көрелік.

Абай, жаратылыс пен тіршілік танымдық, Алла мен адам танымдық ой толғамдарын отыз сегізінші қара сөзінде ежіктей түсіндіреді және жалпы «қара сөздер» атты еңбектерін не үшін жазып жүргенін жария етеді.

«Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып ескерткіш қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың төлеуі – махаббат.

Әуелі адамның адамдығы: ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер:  әуелі өзіңе тән мінез-құлық пен ден саулық. Бұлар туысыңнан болады» – деп басталатын сөз –  Абай қара сөздерінің ішіндегі ең көлемдісі. Абай бұл сөзінде өз еңбектерінде (қара сөздерінде) жиі кездесе беретін, мысал үшін алынып отырған «қазақ» сөзі онша кездесе қоймайды.

Абай көкіректе жатқан елі мен жеріне, ұлы мен ұрпағына деген ұлы сүйіспеншілік сезімді  қағазға түсіргенде,  жанындай жақсы көретін өз ұлты мен «жүрегінің қуаты» сол ұлттың болашақ ұрпақтары көз алдында тұрғаны сезіліп-ақ тұр. Абайды солардың болашағы қатты толғандырады.

Отыз сегізінші сөзбен танысқаннан кейін, жалпы Абай қара сөздері туралы ерекше сезімге бөленесің. Бұл сөздердің тек қана қазақ халқын емес, тұтас адамзат әулетін кісілік пен имандылыққа талпындыру жолында атқарып тұрған қызметін түсінгендей болған шақта, Алла тағаланың Абайдай құлын қазақ топырағынан жаратқанына мың рақметіңді айтасың.

38-қара сөзі. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаныдіні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Абай іліміне сүйенсек: Адамның ішкі жан дүниесі – адамгершілігі мен ақылының, сабыры мен қайратының, мейірімі мен әділетінің рухани қайнар көзі – білім мен ғылым. Білімі мен ғылымы жоқ немесе білім-ғылымы шала адам рухани дағдарысқа тез ұшырары хақ. Оның арғы жағында – адами азғындық тұр.

Біз, адамның адамдығы ғақыл (ақыл) ғылым деген нәрсе бірлән
(38
- қара сөз), -деген Абай тағылымын қаперімізге алмай өстік. Меніңше, ол – адамгершілік бастауында тұрған білім мен ғылымды және «Иманигүлді», «Толық адамды» насихаттайтын Абай ілімі! Бірақ, бұл өз алдына бөлек әңгіме. Себебі, "Абай ілімі" – адамгершілік, иман, ар-ұят туралы ғылым.



Абай өз елінің болашағын, жастарын – «жүрегімнің қуаты» деп атайды. Сол теңеу арқылы ол өзінің қазақ халқына деген зор махаббатын бейнелей алған.

Абайдық қара сөздері:

Адам баласының саналы жаратылыс ретінде қолынан келер барлық іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

Адамды адам етіп қалыптастыру бағдарламасы;

Адам баласының өмір сүру ережесі.

Абай қара сөздерінде:

Айтылмай қалған ой жоқ;

Қамтылмай қалған қылық жоқ;

Сыналмай қалған мінез жоқ.

Адал еңбек етіп, көкірек тазалығына қол жеткізе алғандар адамдық рухын асқақтата алады екен. Соны түсіндік.

Біз, Абай әлемінен– кісілік пен адамгершілік, рухани тазарыс пен сана бостандығы жолындағы ерекше бұлқыныс сапар бола алатынына көз жеткіздік.



Пайдаланған әдебиеттер

1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2-том. Алматы, "Ғылым"-1977.

2. Әуезов. М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы, "Санат"-1997.

3. Қазақстан. Ұлттық Энциклопедия. 3-том."Қазақ Энциклопедиясының" Бас редакциясы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!