Материалдар / "Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні



«… Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!…»

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті…

Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.

Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойланып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, данышпандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Бар асылын, ойын замана жастарына, келер ұрпаққа да арнады. Оның шығар-машылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда, хакімнің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істеу керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген «Қара сөздеріндегі» ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар үшінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші. Жиырма сегізінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық екінші, қырық төртінші сөздерінде жан-жақты сарапталады. Әрбір ұлттың ұлылығы өздеріне тән жағымсыз жақтарын жасырмай, аяусыз сынап, көрсете алатындығында деген пікір бар.

«Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға, жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе:

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз…», — деген тұжырым ұсынады. Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңінде:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз…» — деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бе нәрсе не?» деген сұраққа Абай:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз…» — деп, кесімді, тұжырымды жауап береді.

Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар – адамдық, әділеттік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлық, батырлық т.б. толып жатыр. Солардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері, «Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар.

«Бес дұшпан» — Абай айқындап берген адамгершілікке жат әдеп нормалары. Абай «Бес асыл» ісінде нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанында»:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз…»

деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т.б. толып жатыр.

Абай шығармаларындағы тәрбиенің бір арнасы жастық махаббат, ғашықтық сезім иірімдері арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу тәсілдері де әр халықтың өзіндік ұлттық сипатымен ерекшеленеді. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» деген Абай анықтамасы да сол ұлттық көзқарас арнасынан тамыр тартады. Абай «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Қызарып, сұрланып», «Жігіт сөзі», т.б. өлеңдерінде ғашықтық сезімнің тағылымды үлгілерін сипаттайды. Көркіне мінезі, ақылы сай жанды көре білу, жігіт жүрегін жаулап алар хас сұлуларды бағалай білудің үлгісін көрсетеді. Жас жігіттің қызды көргендегі алғашқы махаббат сезімін оятатын бойжеткеннің сыртқы келбетін Абай былайша суреттейді:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!

Киген киімі, тағынған әшекей бұйы­мы таза қазақы болмыстың, ұлттық ерек­шеліктің көрінісі. Ақын одан әрі сұлу қыздың аласы аз қара көзін, үлбіреген аппақ етін, әдемі тісін, бұраң белін әсерлі кейіпте көз алдыға келтіреді. Алай­да қыздың сыртқы келбетін ынтызар­лықпен суреттейтін ақын екі жастың отбасын құрып, отау тіккеннен кейінгі ерлі-зайыптылардың өзіндік орындары, үй тұтқасы болатын әйелдің қандай болу керектігі, нендей жаман қылық­тан аулақ болып, нендей жақсы әдетті бойы­на сіңіруі тиіс екендігі жөнінде ой тастайды

Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бұл әдеттердің бәрі де кедергі болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Ақын сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі – өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұршылықты олардан сақтандырмақ болды.

«Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың,

Не түсер қу түлкіден жыртың-жыртың…», — деп тиянақтылық пен ұстамдылықты адам мінезінің жақсы қасиеттеріне жатқызады.

«Осы жасқа келгенше

Өршеленіп өлгенше,

Таба алмадық еш адам

Біздің сөзге ергенді,

Өмірдің өрін тауысып,

Білімсізбен алысып,

Шықтық міне белге енді…» —

деп тоғыршылықтан адамдыққа, білімсіздіктен білімділікке қарай күрес жолында өткен өмірін баяндайды. Абайдың бұл ойлары «жақсылық ақиқатпен бірге болады, жамандық білімсіздіктің салдары», сондықтан да «өзіңді-өзің таны, өзіңді-өзің біл» деген этикалық принциптермен ұштасып жатыр.

Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз. Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.

Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шы-ғармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді.

«Осы жасқа келгенше

Өршеленіп өлгенше,

Таба алмадық еш адам

Біздің сөзге ергенді,

Өмірдің өрін тауысып,

Білімсізбен алысып,

Шықтық міне белге енді…» —

деп тоғыршылықтан адамдыққа, білімсіздіктен білімділікке қарай күрес жолында өткен өмірін баяндайды. Абайдың бұл ойлары «жақсылық ақиқатпен бірге болады, жамандық білімсіздіктің салдары», сондықтан да «өзіңді-өзің таны, өзіңді-өзің біл» деген этикалық принциптермен ұштасып жатыр.

Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз. Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.

Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шы-ғармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді.

Жан тазалығы адамның алдына қойған мұрат-мақсаттарының биік адами дәрежеде болғанына да байланысты. Абай жолымен жүріп келе жатқан қазіргі қазақ философиясы да осы мәселелерге өте зор көңіл бөлуде. Әрине рухты, сананы өзгерту, дамыту мәселесі – қилы кезеңдердің баршасында қоғам алдына қоярлық маңызды тапсырма. Абай өз парызын түсініп саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адамгершілік ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай дүниетанымының басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу.

Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде Абай мұрасын қолдану өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-парасаты биік болуына, мінез-құлқы, іс-әрекетіне ықпалы зор екені даусыз. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысаны «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп жас буынды елдің, халықтың қамын ойлайтын, адал қызмет ететін ұрпақ болуға шақырады.

– Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп ұрпағына даналық ақылын айта отырып, талапты болуға, жақсыдан үлгі алуға, ғылым, білім үйренуге үндейді.

Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін-жоғары бағалаған. Өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық- көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті. Абай өз өлеңдерінде мақсатын, ішкі-жан сырын, ешбір бүкпесіз жайып салады. Абай эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде халық музыкасының маңызына да тоқталады.

Қорыта айтқанда, ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз. 















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!