Материалдар / Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші қарасөзі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші қарасөзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдеріне көмегі тиеді деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2019
840
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:

Әдебиет



Мектеп: №181

Күні: 18.10.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: Каденова Күлипа Абызбайқызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 2

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші қарасөзі»

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік қалыптасады. Қарасөздерінің жазылу себептері мен философиялық ойын ұғынады.Шығарманы жан-жақты талдауға үйренеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсініктері қалыптасады.Он бірінші қара сөзін мәнерлеп оқиды,мазмұндайды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармаларының жазылу себептері мен философиялық ойын ұғынады.Он бірінші қарасөзінің мазмұнын түсініп,мәнін ашып талдайды.

Кейбір оқушылар істей алады:Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармаларының жазылу себептері мен қарасөздеріндегі философиялық ойды ұғынады.Он бірінші қарасөзіне жан-жақты талдау жасап,идеясын әңгімеде қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар

Негізгі сөздер мен тіркестер:көкірегі байлаулы,ғибрәтлану, тұшыну, салғырттық.
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:ой-тұжырымдар,шынайылық,өміршеңдік,ой кеселдері. т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: Он бірінші қарасөзіндегі ой-тұжырымдардың шынайылығы не?Ой кеселдері деген не?т.б.
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:Ақын кеңесі мен өсиетін күнделікті тәжірибемен байланыстырып көр,айт.

Жетістік критерийлері

Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік қалыптасады. Қарасөздерінің жазылу себептері мен философиялық ойын ұғынады.Шығарманы жан-жақты талдауға үйренеді.

Алдыңғы оқу

Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулар мен ескертпелерді жазу)

Ресурс-тар:

Ба-сы




1 мин



2 мин

2 мин



10мин

Сынып оқушыларымен амандасу.Оқушыларды түгелдеп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.

«Сәтті күн» ойын әдісі арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.(Тақта алдына қатарға тұру,әрқайсысы бүгінгі күннің несімен сәтті болатынын айту) «Алма,алмұрт,апельсин» әдісі арқылы топқа бөлемін.

Үй жұмысын сұрау,қорытындылау

1. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрау.

2. «Бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа» дегенде ақын нені меңзеп отар?.

(Сөзбен мадақтау арқылы бағалаймын)



тақта, оқулық,

дәптер, суретті кеспе-лер






Орта-сы

3 мин



































2мин

3мин













6 мин















4мин

























3мин

























4мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижесін хабарлау .

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың Ұл - қызы да болу керек дарынды.

Негізгі идея: Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Абайдың қарасөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара -сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді.Қара -сөздерінің жалпы саны-45. Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім - ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді
Жаңа сабақ 1-қадам Жеке жұмыс Отыз бірінші қарасөзбен жұмыс

1.Электронды оқулықтан «отыз бірінші» қарасөзін тыңдату.
2. Оқушыларға кезекпен оқыту (Мақтау сөзбен бағалау)

2- қадам . Топпен жұмыс
1 - топ
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;

2 - топ: үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек..

3-топ Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер
(Берілген үзіндіні әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)
(Критерий бойынша бағалау)
3-қадам Жеке жұмыс (сұрақ – жауап бойынша)
- Бұл қарасөздің идеясы қандай? - Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
- Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
- Иә, бар.
- Егер болса, ол кім?
- Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
- Абайдың қарасөзі кімнің ойын білдіреді?
- Абайдың әр қарасөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
- Абай бар асыл ойын кімге арнады?
- Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
- Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. (Смайликпен бағалау)

.
Сергіту сәті «Асыл сөздің жалғасын тап» (3 мин )
1. Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық... (Аздырар адам баласын)
2.Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті... (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

3.Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға... (Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)
4.Баламды медресеге біл деп бердім... (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)
5.Талап, еңбек, терең ой... ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз) 6. Өсек, өтірік, мақтаншақ.... ( еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз ) (Ұпаймен бағалау)
4-қадам Жұптық жұмыс
Сатылай кешенді талдау (Үлгіні толтыру)
«Отыз бірінші» қарасөзі
Авторы:
Жанры:
Тақырыбы:
Идеясы:
Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар:
1.
2.
3.
4.
Ойкеселдері:
Тәрбиеліктүйіні: (Өзара бағалау)

Оқулық, тақта ,

бор,портрет,































Электронды оқулық,







Талдау үлгісі жазыл-ған парақшалар,













Сұрақ-тар.



























Интерактивті тақта

















Сатылай кешенді талдау үлгісі жазыл-ған парақша-лар

Со-ңы

5 мин




1. Ауызша кері байланыс

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

БББ әдісі арқылы сабақты жинақтаймын. .(Әр оқушы бір-бір ауыз сөзбен айтады,стикерге жазады.)

2.Бағалау

3.Үйге тапсырма 1) «Он бірінші қарасөзін» жаттау,

2)«Бұл кеңестен менің түйгенім» шағын шығарма жазу.

Стикер-лер


Саралау

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

1.Он бірінші қарасөзін мәнерлеп оқиды, мазмұндайды.

2. Он бірінші қарасөзінің мазмұнын түсініп,мәнін ашып талдайды.

3. Он бірінші қарасөзіне жан-жақты талдау жасап,идеясын әңгімеде қолдана алады.

Бағалау

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Сөзбен мадақтау

2.Критерий бойынша бағалау

3.Смайликпен бағалау

4. Ұпаймен бағалау

5.Өзара бағалау












Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс, құндылықтардағы байланыс

1.тарих

2.халық ауыз әдебиеті

3.қазақ тілі

4.кино

Рефлексия

Сабақ туралы пікір (сәйкес келетінін жазу)

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?





Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

1.Сабақтың мақсаты тек осы бір сабақта игерілетін жұмысқа сай,нақты,орындалуы мүмкін мақсаттар болды.

2. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік қалыптасты. Қарасөздерінің жазылу себептері мен философиялық ойын ұғынды.Шығарманы жан-жақты талдауға үйренді.Қарасөздің мазмұны бойынша жұмыс жасай білді. 3.«Сәтті күн» ойын әдісі арқылы жағымды ахуал қалыптасты, жақсы көңіл – күй орын алды.

4.Мен берілген уақытты толық игердім.



5.Келесі сабақта оқушылардың бір-бірін нақты бағалауына мән беруді ойластырамын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуда да)?

1.Оқушылардың өзіндік ізденісі - Алдыңғы сабақтарға қарағанда А В С деңгейінде оқитын оқушылардың барлығы да тапсырмаларды орындауға ынталы қарқында болды.

2. Оқушылардың өз ойын айтуы - А деңгейіндегілер өз ойын айтуда үнемі қарқынды, В С деңгейіндегілер де жақсы баға алу үшін ұмтылды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуда да)?

1. Зерттеуге берілген тапсырмалар - Электронды оқулықпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалармен жұмыс,сергіту жаттығуы жақсы болды.

2. Топтық тапсырмалар - Топтық тапсырма,Сұрақ-жауап жұмысы сәтті болды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Зерттеушілік тапсырмаларды үлгерімі жақсы оқушыларға беріп, үздік оқушыларға сыни пікір айтқызу - Тапсырмалар оқушыны жалықтырмайтын,білімдік деңгейі жоғары болғаны орынды..

2. Ұлттық марапат түрлерін сабақта оқушыларды бағалауда пайдалану - Егер сабақтың мазмұнына сай болып жатса,жақсы болар еді.

3. Критериалды бағалауда оқушылардың бағаны нақты қоюға баулу – Ол үшін оқушы критерилерді дұрыс түсініп,дұрыс баға бере білу керек.

4. Көркем сөйлеу дағдысын арттыру – Мүмкіндігінше оқушының әдеби тілде көркем сөйлеуін қадағалаймын.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!