Материалдар / Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық әдеби кеш 7-сыныптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық әдеби кеш 7-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
239
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Мектеп директоры: Б. Нуралиев











107 Ю.Сареми атындағы мектеп- лицейі

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай

« Өлмейтұғын артына сөз қалдырған » атты

музыкалық әдеби кештің сенариі



















Сенариді дайындаған : Жұмабек Г



Шымкент 2019ж





Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық әдеби кештің сенариі.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның , кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай - лебі, Абай-үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын,ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты музыкалық әдеби кешімізге қош келдіңіздер!



Сахнаға Абай шығады. ( Ер мұғалім )



Жүрегімнің түбіне терең бойла,





Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

«Көзімнің қарасы» әнін орындайды. (Мұғалім)

Жүргізуші:

-Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенімен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

  1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? ( Көкбай ).

  2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? ( Әлихан Бөкейханов,1903 жылы Петербругта жазған).

  3. Абайдың шын аты кім? (Ибраhим).

  4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата (Үш күйі бар: «Тоқжанға», « Май түні», « Абайдың желдірмесі»).

  5. Абайдың аяқталмаған поэмасы? ( «Әзім әңгімесі»).

  6. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (27 шығармасын аударған).

  7. Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).

  8. « Абай жолы» романын кім жазды? ! ( Мұхтар Әуезов).

  9. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? ( Алматы қаласында).

10. Ескерткішті жасаған мүсінші кім? (Хакімжан Есмаханұлы Наурызбай).





Жүргізуші:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың өлеңдеріне берсек.

Мұғалімдердің орындауында Абай өлеңдері:

Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтың ән- күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениетінің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - халықтың жүрегінде, санасынан өшпес орын алғандығында.

Әнді сүйсең, менше сүй дей отырып, ендігі кезекті Абай әндеріне берсек.

Балагүлдің орындауында : « Желсіз түнде жарық ай» әні.

Жүргізуші:

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,

қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз

болуы тиіс»,-дейді Еліміздің алғаш президенті Н.Ә. Назарбаев.

-Орыстар үшін -Пушкин, ағылшындар үшін -Шекспир, өзбектер

үшін- Әлишер, грузиндер үшін -Руставели қандай ұлы құбылыс

болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесіз құбылыс деген

екен( Кайсын Шуваевич Кулиев).

Кезекті Абай әніне берсек. ( Орындайтын мұғалім).

Жүргізуші: Абай Құнанбайев қазақ әдебиеті поэзиясындағы

шоқтығы биік, дара да дана тұлға. Ақын жас ұрпаққа терең ойға

толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының

175 жылдығына орай дайындалған « Өлмейтұғын артына сөз

қалдырған» атты музыкалық әдеби кешімізді көріп

тамашалағандарыңызға алғысымыз мол.

Қатысушыларға үлкен рахмет!















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!