Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 10 сынып қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша толық нұсқасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

43


Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылскийвысший медицинский колледж» управления здравоохранения акиматаЖамбылской области


Сабақ жоспары

Поурочный план

ЦӘК/СМЖ-ЦМК/СМК

10-02-КТО/4-03/1


3 беттің 3 беті

стр3 из 3



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Мұғалімнің аты-жөні: Абдалимова З.И.

Күні:

Топ:

1

Курс: І


Қатысқаны:


Қатыспағаны:

Бөлімнің атауы

"Өлең-сөздің патшасы"

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.

Сабақ нәтижесі:


Студенттердің барлығы орындай алады: Әдеби шығармалармен танысады;

Студенттердің көбісі орындай алады: Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасай алады;

Студенттердің кейбіреуі орындай алады: ұлттық құндылықтар-дың маңыздылығын контекстермен үндестіре алады;

Бағалау критерийі

Әдеби шығармалармен танысады;

Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасайды;

ұлттық құндылықтар-дың маңыздылығын контекстермен үндестіреді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну

Тілдік құзіреттілік


Тақырыпқа байланысты термин сөздер: фабула, аударма,медресе, дәріс


Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұстатығы

Әдіс- тәсілдер

«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі, Ой шақыру,"Толықтыру сынамасы" «Ақпаратты сүзіп алу» әдісі

АКТ

Пәнге байланысты слайд, бейнефильм

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, көркем әдебиет

Алдыңғы оқу


Сабақтың жоспары

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс- әрекеттер

Дерек

көздер

Басталуы





Ортасы













І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • Студент зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.


2.1.Ой шақыру.

Абай туралы білетіндері туралы топтастыру жасату.


2.2. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Бала Абай кімдердің өлең-жырларын тыңдап өскен? (Шортанбай, Дулат, Бұқар

жырау, Марабай, Шөже ақындарын)

2. 1890-1898 ж прозалық үлгідегі шығармалары қалай аталады? («Қарасөз» деп аталады)

3. 1889 жылы қай өлеңі жазылды? («Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі жазылды)

4. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тақырыбы мен идеясы?

5. М.Әуезов Абайдың мұрасын неге теңеді? (Абай мұрасы-таусылмас қазына, сарқылмас

мұхит, түпсіз тұңғиық)

6 . Абай 8 жасында қайда және кімнен дәріс алған? («Ескітам» медресесінде ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған)

7. Абай неше жасында әке ықпалымен ел билеу ісіне араласа бастайды? (13 жас)

8. 1886 жылы қай өлеңі жазылды? («Ғылым таппай мақтанба» өлеңі)

9. «Отыз сегізінші қарасөзінде» адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар дейді. Оларды

ата? ( надандық, еріншектік, залымдық)

10. Ауылдың жас әйелдері Абайды қалай атаған? (Телғара)

11. Абайдың азан шақырып қойған аты? (Ибраһим)

12. «Телғара» сөзінің мағынасы? (сол екі ененітел-қатар еміп өскен дегенді білдіреді)

13. Абайды кім Абай деп атады? (әжесінің Ибраһим дегенге тілі келмей, ойлы болсын,

аңдағыш, абайлағыш болсын деген тілекпен Абай атады)

14. Абай қандай білім алған? (Семейдегі Ахмет Риза медресесінде, «Приходская

школада)

15. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1845 жылы, бұрынғы Семей уезі,

Шыңғыс болысында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында дүниеге

келеген)

16. Абайдың қандай күйлері бар? («Май түні», «Абай желдірмесі», «Торы жорға»)

17. Абайдың әндері? ( «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»,«Айттым, сәлем,

Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным»)

18. Абай кімдердің шығармаларын аударды? ( Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың)

19. Фабула дегеніміз не? (көркем шығармадағы суреттелген оқиғаны рет-ретімен

жүйелеу)


Дескриптор. Білім алушы:

Кері байланыс:

сұрақтарға жауап береді;


Ауызша жүргізіледі. Қолданылатын сөздер: талпын,жақсы, жарайсың.


2.3. Абайдың өмірбаяны туралы видеофильм көрсетіледі.


2.4.«Толықтыру» сынамасы

1. Абай Құнанбайұлы......... жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – ........., ..........., ............., ............, .........., ................... шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885 жылы алғаш білім туралы «Жасымда ........... бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен ........... ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.
5. Абайдың ............ қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «............ қарасы», «Желсіз түнде .......... ай», «Айттым сәлем, .................. », «Бой .......... » т. б. әндері бар.
7. Әлихан ......................Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
8. Алғаш өлеңді ........ жасында жазған.

9. Алғаш ауыл молдасы ......................... білім алды

10. Өз атымен ............ ж. «Жаз» өлеңін алғаш  жариялаған.

Дескриптор:

- сәйкес сөздерді табады;

------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

3.1. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісі

«Ғылым таппай мақтанба», "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?"өлеңдерін үш топқа бөліп талданады. Талдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Үлгі: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

1 . Өлеңнің астарында қандай ой бар? Өлеңде ғылым табу мен адам болу бір-бірімен ұштасып жатыр.

2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай? жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үлгі алу

3. Қай жолдар мен тармақтарда әлеуметтік, қоғамдық мәселелер дәлелдеме бола алады?

  • Бес нәрседен қашық бол. Бес нәрсеге асық бол.

  • Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма.

  • Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.


Дескриптор:

- өлеңнен негізгі ойды табады;

- өлеңнің негізгі идеяны табады;

- дәлелдеме болатын өлең жолдарын табады;

"Ән көңілдің ажары" "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?" әнін тыңдату.


Р. Зайкенова,

Л.П Нұрланова

«Қазақ әдебиеті»,

10 сынып оқулығы, «Арман - ПВ» баспасы,

Нұр – сұлтан 2019




















































https://www.youtube.com/watch?v=WuH0YJguPiw







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2024
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12