"Абай салған сырлы әндер" кіріктірілген сабақ 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абай салған сырлы әндер" кіріктірілген сабақ 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру, Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу, Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру мақсатында өткізуге арналған кіріктірілген сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай салған сырлы әндер 

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауып 
Көрнекіліктер: 
Сабақтың барысы: 
Құлақтан кіріп бойды алар 
Әсем әнмен, тәтті күй 
Көңілге түрлі ой салар 
Әнді сүйсең менше сүй деп - Абай атамыз айтқандай бүгінгі музыка сабағына қош келдіңіздер! 
Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер 
Сабақтың мақсаты: 
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру 
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. 
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. 
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауып 
Көрнекіліктер: 
Сабақтың барысы: 
Құлақтан кіріп бойды алар 
Әсем әнмен, тәтті күй 
Көңілге түрлі ой салар 
Әнді сүйсең менше сүй деп - Абай атамыз айтқандай бүгінгі музыка сабағына қош келдіңіздер! 
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу - құралдарын тексеру) 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Жаяу Мұса Байжанұлы, «Ақ сиса» әні және зерттеу жұмыстары 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде, ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. 

Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері, өмірі туралы туралы бастауыш сынып мұғалімі түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді) 
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы. 

Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған. 
Сазгерлік шығармашылығы 
– Абайдың 28 әні бүгінге жеткен. «Сегізаяқтың» – сегіз, «Көзімнің қарасының» – төрт, «Сұрғылт тұманның» – үш, «Евгений Онегиннің Татьянаға жазған хатының» үш вариантын қосып санағанда 64 ән, үш күйі бар. Күйлері сахнада ойналмайды. Абайдың әндері деп «Бойы бұлғаң», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», сондай - ақ Лермонтов арқылы Гетеден аударылған дүниелерін айтамыз. Баласы Тұрағұлдың естеліктеріне қарағанда, Абай кез келген өлеңін ыңылдап отырып жазған. Соған қарап зерттеушілер «Абайдың өлеңдерінің бізге жетпеген басқа да әуендері бар шығар деген ой туады» «Торыжорға», «Май түні», «Майда қоңыр», «Желдірме» атаулы күйлері бізге жеткен. 

Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды. 
Абайдың ғарышта шырқалған әні - «Көзімнің қарасы». Оны миллиондаған халық тыңдаған. Тыңдаған адамдар әннің тілін түсінбесе де, оның туған Отанмен байланысып жатқанын іштей сезінген болатын. Әннің байсалды сипаты, кең тынысты әуені, жай екпіні, қазақ халқының болмысын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады. Абайдың бұл әні миллиондаған халықтың жүрегіне жол тапты. Алғаш ғарышта қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев орындаған. Бейне ролик тамашалау 
Сонымен бірге бұл әнді шетелдіктер де орындап жүр. Соның бірі италияндық сазгер, әнші Сон Паскаль орындаған. Бейне ролик тамашалау 

Музыка тыңдау: Көзімнің қарасы 
Көзімнің қарасы 
Көңілімнің санасы 
Бітпейді іштегі 
Ғашықтық жарасы 

Қазақтың данасы 
Жасы үлкен ағасы 
"Бар" демес сендей бір 
Адамның баласы 

Жылайын, жырлайын 
Ағызып көз майын 
Айтуға келгенде 
Қалқама сөз дайын 

Жүректен қозғайын 
Әдептен озбайын 
Өзі де білмей ме 
Көп сөйлеп созбайын 

Ән үйрену «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» 
1. дыбыс жаттығуларын жасау 
2. әнді хормен, аспаппен орындау 
Сахналық көрініс 
Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс 
Сөзжұмбақ: 
Бағалау 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
702
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі