Материалдар / Абай шығармаларын оқыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай шығармаларын оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда орта мектепте Абай шығармаларын оқытудың кейбір жолдары туралы түсінік беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
261
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай шығармаларын оқытудың маңыздылығы.

Егеменді ел мүддесі тұрғысына сай жаңа адамды қалыптастыруға жалпы бастау болар тәрбиенің көзі Абайдан табылады. Абай мұрасын оқытуда өркениетке бет бұрған қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары осы заман талабымен жаңаша пайымдап, қайта ой сарасынан өткізуді талап етеді. Абайдың адам тұлғасын қалыптастыруға негіз боларлық ғибрат сөздері ұрпақ тәрбиесіне ат салысам дегендердің тілегімен тікелей қабысып жатыр.

Солай бола тұра, мектепте қазіргі оқылып жүрген Абай шығармалары өзінің көлемі мен баланың жас және дара ерекшелігіне, білім-білік дәрежесіне лайықтылығы жағынан талапқа сай алынбағандығы байқалады. Дәл осы айтылғандардың салдарынан әр өлеңдегі мазмұнды оқушыға меңгертуге керекті әдістемелік негіз жоқтығы, әдістемелік ізденістердің тапшылығы Абай шығармашылығын оқытуда көп қиындық тудырады.

Ал бүгінгі қазақ елі өзінің ұлттық мәдениетін жандандырамыз деген егемендіктен келген құлшыныс тұсында, әсіресе, Абайды танытудағы олқылықтың есесін толтыруға дереу кірісу қажеттілігі ешбір дау туғызбаса керек. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жауаптылардың көпіртіп айтар уағыздан арылған тұста олқылықтың орнын толтырар асыл сөз бен ақыл сөз де Абайда екені анық. Абайдың тұлға қалыптастыруға қатысты айтқан сөздері – бүгінгіге де, болашаққа да бағдарлама. Олай болса, Абай ғибратын ұрпақ бойына сіңіру, оның шығармаларындағы мазмұнды оқушы өміріне азық етерлік деңгейге көтеру – өзекті мәселе.

Мектепте білім беру дегеніміз – арнайы және мақсатты түрде тәрбие де беру. Қазіргі қоғам құрылысы, оның саясаты мен экономикасы өзгеріп отырған кезде ұрпақ тәрбиесінің мазмұны да үлкен өзгеріске ұшырады. Өйткені жаңа қоғамдық құрылыс адам атаулының бұрынғы белсенділігі, жауаптылығы, шығармашылық қабілеті деген сияқты қасиеттерінің мазмұндық ұғымын өзгертті. Бұрынғы игіліктің түгелге таяуы көптікі, қоғам мен үкіметтікі, сондықтан да бәрімізге ортақ деген ұғымға саятын. Енді игіліктің жекеменшіктік түрі өмірге еніп, күн өткен сайын өрістеуі артып келеді. Адамның әлеуметтік белсенділігі, оның қоғамдық қатынасы күрделеніп, оның қоғамдағы әлеуметтік мәні де өзгеруде. Мұның бәрі ұрпақ тәрбиесінің мазмұны және әдісі жағынан да өзгеруін қалайды.

Өз алдына егемендік алған қазақ елі өз ұрпағының, ұлтының азаматын, жаңа адамын тәрбиелеп шығу үшін осы жаңа бағытқа сәйкес тәрбие мазмұнындағы өзгеріс пен оның іске асырылуына керекті әдістің қолданылуын қамтамасыз ететін ақыл-кеңеске, әдістемелік ізденіске, осы бағытта жазылған оқу құралдарына зәру екені анық. Осы мұқтаждықтың өтелу жолының бірі есебінде Абай шығармаларын орта буын оқушыларына оқыту арқылы жаңа қоғамның жаңа адамына керекті қасиет қалыптастыру жолы, оны мектептегі сабақ жүйесінде іске асыру әдістемесі көрсетіледі. Орта буын оқушыларына ұсынылатын материалдар негізінен адамгершілік тақырып болғандықтан және олардың барлығы жаңа қоғамның жаңа адамына керекті қасиетті тәрбиелеу мақсатына бағытталады.

Ал оқу-тәрбие процесінде Абай шығармаларын нәтижелі өтудің бір кепілі мұғалімнің әдебиеттану, педагогика, психология ғылымдарын терең меңгеріп, әр сабақта ұтымды әдіс-тәсілдерді аталған негіздермен бірлікте қатар өре білуі. Оқушыларды Абай шығармаларына қызықтыру жолдарын іздеу, оларға керекті практикалық жұмыстар жүргізу, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жүргізген оң нәтижелерді ұстаздар қауымына, сондай-ақ мұғалімдік мамандыққа даярланушы жастарға ұсыну уақыт күттірмейтін іс-шараның бірі болып есептеледі.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!