Материалдар / Абай шығармалырын оқыту

Абай шығармалырын оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буынға сабақ беретін мұғалімдерге пайдас бар деп ойлаймын. Астана туралы кішкене көмек болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
211
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектеп — қазақтарға білім берудің басты құралы … Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» — деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның үміті мол.

Білім беру жүйесінің негізгі ордасы мектеп екенін ескере отырып оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім — білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны, қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Бүгін мектеп табалдырығында жүрген әрбір өскелең жас ұрпақ — ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытуды мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға сапалы білім мен саналы білім, тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындатуды болашақ ұстаз білуі тиіс.

Бүгінгі таңда, оқушылармен жұмыс барысында, барлық мұғалімдер, педагогтар Президентіміздің 2030 жылға дейінгі жолдамасын басшылыққа ала отырып ойланып, әр мектептің күшіне сай, оқушылар мен жақсы жұмыстар жүргізіледі.

Бұған ұлы Абайдың мына пікірлері дәл келгендей «Егер де ұлың адам болсын десең, оны оқуға бер! Қайырымдылықты аяма! Ол білімсіз оңбаған болып қалса, одан кімге пайда? Ол сен үшін жұбаныш бола ма? Оның өзі бақытты бола ма? Өзі халыққа жақсылық жасай ма?»

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.Абай шығармаларын оқытуда ең тиімді әдіс – тәсілдердің бірі сын тұрғысынан ойлау. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. 
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.Біздің елімізде «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. 
«Сын тұрғысынан ойлау жобасының»ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын. 
Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес.Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым.Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері: 
1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып,кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,тобында талқылайды.Яғни,айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашыла-ды.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады. 
2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орын-дайды.Оның өзен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады» белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 
3.Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі.Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс.Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түй-іп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады.Әр түрлі шығармашы-лықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жете-лейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаг-раммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады. 
Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады.Мысалы: 
Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлініп,1,2,3,4-келісу арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 жеке «жұмыс»тобын құрай-ды.Оқуға ұсынылатын тапсырманың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 логикалық бөлікке бөлінеді, мәтіннің 1-бөлігін 1-лер,2-бөлігін2 санын алғандар,3,4 топтарға оқуға тапсырма беріледі. 
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсіну әр оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет.Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек.Осылайша оқушылар бір-бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді. 
Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту,оқығанды есте сақтау үшін тиімдіоқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінудұрыс көзқарас береді.Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Сол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланыңалдына мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.Бұл жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту»бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 
Осы орайда өз тәжірибемнен Абай шығармашылығын оқытудағы әдіс – тәсілдерімді Абай Құнанбаевтың «Қыс»  өлеңін талдау сабағында қалай қолданғанымды ортаға сала кеткенді жөн көрдім. 

Мақсатым — әр оқушының  өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ақын  өлеңдерін терең меңгерту.   

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс әдебиеті 
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушыларды түгендеу 
Топқа бөліп отырғызу 
Сабаққа дайындықтарын тексеру 
«Қызығушылықты ояту.» 
«Абай кім?»тірек сызба бойынша сөйлейді. 
Абай 
Ақын Жазушы Сазгер Аудармашы 
Мұғалім сөзі: Негізгі күн көрісі мал болғандықтан, соның жайын ойлап, сай-сала, ықтасынды паналаған көшпелі қазақ елінің қалың қар, қақаған аяз, ақ түтек бораннан көрген азабы аз болмаған. 
Ұлы ақын , міне, сол қазақ үшін қаҺарлы маусымға да «Қыс» деген өлең 
арнаған. Ал қысты адам кейпінде, адам бейнесінде суреттеу ұлы Абайға дейін болмаған. 
Ақ киімді, ақ сақалды, үсті –басы ақ қырау, алып денелі соқыр, мылқаудың басқан жері сықырлап келіп қалды, әрі сондай қорқынышты болса, әрі сондай әсерлі, бейнелі. 
Жаңа сабақ. « Мағынаны таныту» 
Сөздікпен жұмыс: 
Түсі суық- суровый вид 
Сықырлау-скрипеть 
Бұлт –туча 
Қасы-брови 
Сілку- трясти 
Алты қанат үй шайқалды — раскачалась шести крылатая юрта 
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс: 
Шидем-қойдың терісінен тігілген тон 
Алты қанат ақ орда- киіз үй 
Өлеңін мәнерлеп оқу : А.Құнанбаев « Қыс» 
1-тапсырма: 
Өлеңді суреттеу 
2-тапсырма: Аудармасын тап. 
Дұрыс аудармасын тап.Екі топқа орыс халқының ақындарының өлеңдерінен үзінді беру. 
3-тапсырма: 
Суретпен жұмыс. Абай атамыз суреттеген қысты табады. 
4-тапсырма: Жұмыс дәптерімен жұмыс. 
Бекіту:  Абай Пушкин Оқушы

Сабақты қорытындылау. «Ой- толғау» 
Ал, балалар біздің жерімізді халық «ұлылар мекені»- деп бекер айтпаған. Осы жерде ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың өмірге келуі — сирек құбылыс. Бұл өңірде бұдан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген. 
Осы Семейде туған қандай атақты, ұлы адамдарды білеміз? 
Абай атамыз туралы не білдік? 
Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау. 
Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттап келу. 
Ұлы Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз»деген сөзі, ақынның даналығын сөз етуге итермелейді. Өйткені,әр адам атауына Абай жақын. Оның ақындық өнеріне тамсанамын,ой толғамдарының тұңғиығын,Абай мектебінің білім,ізгілік мектебі тіл мәдениетіне итермелейді. 
Тіл мәдениеті дегеніміз не? Қазіргі заман талабына сай , мәднеиетті адамның бір көрінісі – тіл мәдениетінің жоғары болуы, дұрыс сөйлеп,сауатты жаза білуі. Әр адамның сөйлеу мәнерінен,сөз қолданысынан,тіл мәдениетінен,оның кім, қандай кісі екенін аңғару қиынға соқпайды.Бұл пікірге: «Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма»,- деген Абай сөздері дәлел. 
Абай – тілді ғажап өнер ретінде таныған және сол өнерді жетік мең-герген,жоғары бағалаған. Абай ақынның осы қасиеттерін үлгі етудің маңызы зор, себебі, қазір тіліміз өгейсіп,сөйлеу мәдениеті жадаң тартқан уақыт.Арамызда сөйлеген сөзі сылбыр,бөтен сөздерді жиі қайталап,сөзді дұрыс қолдана алмайтын, тіл қадірін кетіруші адамдар көп 
кездеседі.Қазіргі кезде тіл мәдениетімен айналысып жүрген ғалым-зерт-теушілеріміз аз емес. Яғни, тіл мәселесі әліде қарастырылуда. Тілге құр-мет – сол тілді білумен ғана шектелмеуі тиіс.Сөйлеуші сөз жақсысын дұрыс тере білуі,таңдап қолдануы,ойын дәл,анық жеткізе білуі қажет. Осы айтылған сөздерге Абайдың мына өлең жолдары дәлел: 
«Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырарер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп –тегіс жұмыр келсін айналасы,» 
Абайдың сөз зергері,үлкен стилист,классиктігінің негізі осында деп білемін.Ұлы ақынның сынды көркем сөз шеберінің тіл туралы айтқан пікірі: 
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 
Ол ақынның сөз білмес бишарасы,»- деп тіл қадірін кетірушілерге соққы береді. 
Тіл тазалығын сақтау –ана тілін ардақтайтын әр азаматтың қасиетті борышы. Көбіне,айтар ойын шашыратып,тілді шұбарлап.айтар көрікті ойдың өңін қашырады,мәселе,ойындағысын түсінікті,жүйелі түрде жеткізе білу. 
Дұрыс сөйлеуге дағдылану,тіл мәдениетінің шыңына жету жеңіл емес.Бұл негізі отбасында, бала-бақшада,мектепте қазақ тілін жүйелі оқу,үйрену, тіл дамыту,сауатты жазу арқылы жетіледі. Қоршаған орта, көркем шығармалар,шешендік сөздер,радио,теледидар – тілді,тіл мәдениетін шыңдаудың тамаша жолы «Көкірегі сезімді,тілі орамды» болашақтың қалыптасуына майталман сөз шеберлерінің,әйгілі шешендердің мұраларын өнеге ету септігін тигізеді. 
Абайдың зергерлігіне,даналығына әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның 
ақын-жыраулардың көркем шығармалардың әсері болған, Абайдың әжесі 
мен шешесінің тілдік тәрбие беруі қазіргі ата-аналарға өнегелі үлгі болса деймін. 
Тіл мәдениетін арттыру үшін , мақал –мәтелдерді қолдана білу сөз- 
дің ажарын кіргізіп,тілдің әсерлі болуына септігін тигізеді. Ақын халық мақал-мәтелдерінің кейбірін сол қалпында қолданса,ал «еңбек етсең, емерсің», «жарлының бір тойғаны – шала байығаны» — деген халық мақалдарының мағынасын сақтай отырып,өзгертіп құраған. 
« Еңбек етсең,ерінбей 
Тояды қарның тіленбей ». 
«Бір тойған -шала байлық». 
Абай қазақтың әдеби тілін осындай көркем, бейнелі сөздермен мейлінше байытты, сондықтан ақын шығармашылығын оқи отырып,сөйлеу мәдениетін, сөз мәдениетін меңгеру мүмкін. Нақтылай келе, тіл мәдениетін көтеру – тіл байлығын меңгеру, оларды ұтымды,дұрыс пайдалану. 
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үстінде пайдалану үшін, әр бір мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүдесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ