Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай шығармашылығын оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абай шығармашылығын оқытуда жаңа технологияларды қолдану
«Инновация » деген сөз – латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан , ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Зерттеулер бойынша, «инновация» -
педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың
жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс – тәсілдерді оқу және
тәрбие жұмыстарына енгізу болып
табылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан
ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын
жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат
көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру
және оқу – тәрбие орындарының іс – әрекет қағидаларын қайта қарау,
мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл
педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың
сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу
үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын
пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр.
Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Инновациялық іс – әрекет – дәстүрлі іс –
әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің
негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама – қайшылықтар
болған жағдайда іске
асырылады.
Білім берудегі инновациялар арнайы
жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде
кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып
табылады.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет.
Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін
технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология
мен әдіс – тәсілдің ара – жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін
кейде қиын болып жатады. Абай шығармаларын оқытуда ең тиімді әдіс –
тәсілдердің бірі сын – тұрғысынан ойлау. Сын – тұрғысынан ойлауды
дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізгі Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы
оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға үйрету. Біздің елімізде «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы
келген бұл жоба қазақ тілінде мектеп тәжірибелеріне ене
бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау жобасының» ұғымы
белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін
зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе – теңдікте ұстап
зерттеу, оларға сеніммен қарау деп
санаймын.
Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Бұл
деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес. Жас балалардың
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес
ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ
барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым. Жобаның ішкі
құрлымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту
мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке
жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
Осы кезеңдердің мақсат мен
міндеттері:
1.Қызығушылығын ояту – үйрену процесі –
бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға
жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа
ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми
қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
«Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер
жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс –
әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы
оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға
салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –
бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат
жинап, оны байырғы біліммен
ұштастырады.
2.Мағынаны тану (түсіне білу) – ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өзен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады» белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұнын жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
3.Ой – толғаныс – тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір – бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы – ойды қайта түй-іп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашы-лықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.
Жоба 60 – қа жуық әдістерден тұрады. Мысалы: Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлініп, 1, 2, 3, 4 – келісу арқылы 1 – лер бөлек, 2, 3, 4 жеке «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын тапсырманың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінеді, мәтіннің 1 – бөлігін 1 – лер, 2 – бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 топтарға оқуға тапсырма беріледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет. Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек. Осылайша оқушылар бір – бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді.
Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы
табыспен меңгерту, оқығанды есте сақтау үшін тиімді оқушының оқуға
деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінудұрыс
көзқарас береді. Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге
қызығушылығын ояту қажет. Сол сұрақ әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы
баланың алдына мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Бұл
жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру,
балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық
әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді
нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты
міндеті.
Осы орайда өз тәжірибемнен Абай
шығармашылығын оқытудағы әдіс – тәсілдерімді ортаға сала кеткенді
жөн көрдім.
Тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.
2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: анымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Жаңа технология: Дамыта оқыту
Әдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат, фломастер
Сабақтың өту барысы:
І. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
Аффирмациялармен жұмыс жасау: Баяу музыка қойылады
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі!
- Мен өз күшіме сенемін!
- Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны қуанышпен қарсы аламын!
- Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!
- Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!
- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!
- Мен күннен күнге күшті болып келемін!
- Менің оқуым күннен күнге жақсарып келеді!
- Менің барлық армандарым орындалады!
- Мен бәрін дұрыс жасайтыныма сенімдімін!
- Мені бәрі жақсы көреді!
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз – өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.
- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?
- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.
І топ: С. Көбеев туралы мәлімет жинап келу
ІІ топ: «Менің арманым» шығарма жазып келу
ІІІ топ: Мәтіннен бай және кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жазып келу
Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату
- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні?
- Дұрыс айтасыңдар.
Ал,
талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рахым ойлап
қой,
Бес асыл іс көнсеңіз» - деген үзінді
аталарыңның қай өлеңінен
алынған?
- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?
ІІ. Операциялық орындаушылық кезең
1. Абай әлеміне саяхат
- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды кітапханаға құлақ түрейік.
Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.
- Өткен сабақта Аидаға Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын. Қане, назар аударайық (Аида слайдпен айтып шығады.)
2. Жаңа тақырыпты хабарлау, мақсатын қою.
- Жарайсың, Аида! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.
3. Мәтінді таныстыру«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін.
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?
Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын:
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.
4. Сөздік жұмысы
Алтын сандықтағы сөздер:
Сабырсыз - шыдамсыз, төзімсіз
Қарама - қарсы мағыналы сөз - шыдамды, ұстамды, салмақты
Мысалы: Ол анасының келуін сабырсыздана күтті.
Көрсеқызар – қызыққой, еліктегіш
Мысалы: Сауысқан жылтыраққа құмар көрсеқызар еді.
Алауыз – береке – бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Қарама – қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл,
бірлігі жарасқан.
Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын.
Күндейді – қызғанады.
Қарама – қарсы мағыналы сөз – тілегін тілейді, қуаныш – қайғысын бірге көтереді.
Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады.
Мертігеді – бір жері шығады, сынады
Мысалы: Өзі оңбай мертікті.
Міндейді – мін тағады, жамандайды
Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді.
Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтын
Мысалы: «Нағыз бір тойымсыз, жалмауыз екенсің!»- деді ренжіп.
Алтын сандықтағы сөздерді оқушылар біртіндеп алып оқиды, тақтаға іледі.
5. Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту
6. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды
мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез – құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.
7. Топтық жұмыс
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ – тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 – тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез – құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер(ватманға орындайды):
АДАМНЫҢ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТАРЫ
Жағымды
Жағымсыз
ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді – сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды):
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
ІІІ - топ: Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.(Топтар жұмыс жасап жатқанда Абайдың бір әнін баяу қосып қою)
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.
2 - тапсырма
- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап
болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын
пікірталас жасап
көрейік:
Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша
өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу.
Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы
мүмкін.
Пікірталастың тәртібі:
Кезектесіп сөйлеу.
Бірін - бірі тыңдай білу.
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
Бірін – бірі сыйлау.(арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау).
Пікірталас сұрақтары:
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?
- Адамгершіліктің өлшемі бола ма? Қандай адамды адамгершілігі мол адам дей аламыз?
- Адамгершілік қайдан «пайда болады»?
- Өз достарыңның бойынан адамгершілікке тән қандай белгілерді байқап жүрсің? Әлде керісінше қылықтар байқағандарың бар ма?
ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына
жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін
білдіретін тілегімізді
айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып
келеді. (слайд 19)
- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі, - деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау)
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.
Үйге: Абай атаға хат жазу, өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты: 1) Ғылым таппай мақтанба өлеңін оқытып, өлеңнің мазмұнын, мағынасын түсіндіру. Ақынның бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына - ғылым, білім, өнер екендігін, кейінгі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандығын айтып, ақын шеберлігін ашу.
2) Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, ой – өрістерін дамыту.
Сөздік қорларын арттыру.
3) Оқушы жүрегіне Абайға деген сүйіспеншілікті ояту. Ғылым білімге шақыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап , тіл дамыту
Көрнекіліктер: Абай портреті, шығармалары жинақталған кітап көрмесі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Психологиялық даярлық: «Жүректен жүрекке»
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Слайд: Абай кім?
/Қазақ халқының ұлы ақыны/
2. Қай жылы, қай жерде туған?/Семей жерінде, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келді/
3. Абайдың достары кім?/Михаэлис, Долгополов/
4. Оның қандай шығармалары бар?
/«Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» және т б/
5 сыныпта сендер осы өлеңдермен таныс болдыңдар. Естеріңде бар ма?
Кім айтып береді?
V Жаңа тақырып: Мұғалімнің алғы сөзі. Жаңа
сабақты мен мына эпиграфынан бастағым келіп тұр «Абай – ақындардың
ақыны» С. Торайғыров
Ұлы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін
жастарға арнаған. Бүгінгі ұсынылып отырған «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңі ұрпағына өсиет ретінде жазылған. Ақын бұл өлеңінде адам
бойындағы ең үлкен қазына ғылым, білім, өнер екендігін
айтады.
V Сөздік жұмысы: /слайд/
Ғылым – наука
Мақтанба – не гордись
Ойнап босқа күлуге – время нельзя безтолку проводить
Баптанба – не успокаивайся
Қашық бол – остерегайся
Тілеуің, өмірің алдында – вся жизнь впереди
Терең ой – глубокая мысль
Талап – стремление, требование
Қанағат – довольствоваться малым, скромность
Болмасаң да ұқсап бақ – подражать, быть похожим
Жамандықтан жиренсең – отрекаться от плохого
Жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру
VІ Оқулықпен жұмыс/Мұғалім/ мен оқимын ал сендер қарындашпен түсініксіз сөздерді белгілеп отырасыңдар.
- мәнерлеп оқу
- мазмұнын түсіндіру
- оқушыларға оқыту
VІІ Сұрақ жауап
1. - Ақын жастарды неге шақырады? / Ғылым, білімге, өнерге /
- Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?/
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек/
- Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
/Талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым/
Сын тұрғысынан ойлау жұмысы
2. Өлеңдегі бес асыл істі тауып, дәптерге жазып қойындар.
3. Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Қалай түсінесіңдер? / Ақын жасөспірімдерді
білімді болуға шақырды, әрбір адам өмірінде бір кәсіппен терең
шұғылдану керек деген ойларын жеткізбекші болған. Ал ол үшін адам
өзін бес нәрсеге тәрбиелеу керек
дейді.
Ғылым, білім, өнер туралы мақал – мәтелдерді
еске түсіру арқылы «Кім жылдам ойынын»
ойнаймыз
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз –
деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
/«Өнерлі, білімді болу үшін жақсы оқыған адамнан үйрену керек. Өзіңді бей – жай ұстамай, ғылым жолында қиындықтан қорықпай ұзақ еңбектеніп, өз мақсатыңа жетуге болады».
4. «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын дәптерлеріне жазып алып, түсіндіру
/Білімді болсаң, сол білімді тек өз басыңа жаратып қоймай, біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл/
Ребус шешу: Ғылым – теңіз, білім – қайық / слайд/
VІІІ Қорытынды
Балалар бүгінгі сабағымызда біз Абайдың қандай өлеңімен таныстық?
Абай өлеңдері балаларға өмір жолын үйретуді, болашағына жол сілтейді деп тұжырым жасап, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Тақырыбы: «Абайдың сөз өнері арқылы тіл мәдениетін үйрену». Ұлы Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген сөзі, ақынның даналығын сөз етуге итермелейді. Өйткені, әр адам атауына Абай жақын. Оның ақындық өнеріне тамсанамын, ой толғамдарының тұңғиығын, Абай мектебінің білім,ізгілік мектебі тіл мәдениетіне итермелейді.
Тіл мәдениеті дегеніміз не? Қазіргі заман
талабына сай, мәднеиетті адамның бір көрінісі – тіл мәдениетінің
жоғары болуы, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуі. Әр адамның сөйлеу
мәнерінен, сөз қолданысынан, тіл мәдениетінен, оның кім, қандай
кісі екенін аңғару қиынға соқпайды. Бұл пікірге: «Сөзіне қарай
кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма», - деген Абай сөздері
дәлел.
Абай – тілді ғажап өнер ретінде таныған және
сол өнерді жетік мең-герген, жоғары бағалаған. Абай ақынның осы
қасиеттерін үлгі етудің маңызы зор, себебі, қазір тіліміз өгейсіп,
сөйлеу мәдениеті жадаң тартқан уақыт. Арамызда сөйлеген сөзі
сылбыр, бөтен сөздерді жиі қайталап,с өзді дұрыс қолдана алмайтын,
тіл қадірін кетіруші адамдар
көп
кездеседі. Қазіргі кезде тіл мәдениетімен
айналысып жүрген ғалым зерттеушілеріміз аз емес. Яғни, тіл мәселесі
әліде қарастырылуда. Тілге құрмет – сол тілді білумен ғана
шектелмеуі тиіс. Сөйлеуші сөз жақсысын дұрыс тере білуі, таңдап
қолдануы, ойын дәл, анық жеткізе білуі қажет. Осы айтылған сөздерге
Абайдың мына өлең жолдары дәлел:
«Өлең сөздің патшасы, сөз
сарасы, Қиыннан қиыстырар ер
данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп, Теп – тегіс жұмыр келсін
айналасы»,
Абайдың сөз зергері, үлкен стилист,
классиктігінің негізі осында деп білемін. Ұлы ақынның сынды көркем
сөз шеберінің тіл туралы айтқан пікірі: «Бөтен сөзбен былғанса сөз
арасы, Ол ақынның сөз білмес бишарасы», - деп тіл
қадірін кетірушілерге соққы береді.
Тіл тазалығын сақтау – ана тілін ардақтайтын
әр азаматтың қасиетті борышы. Көбіне,айтар ойын шашыратып, тілді
шұбарлап, айтар көрікті ойдың өңін қашырады, мәселе, ойындағысын
түсінікті, жүйелі түрде жеткізе
білу.
Дұрыс сөйлеуге дағдылану, тіл мәдениетінің
шыңына жету жеңіл емес. Бұл негізі отбасында, бала – бақшада,
мектепте қазақ тілін жүйелі оқу, үйрену, тіл дамыту, сауатты жазу
арқылы жетіледі. Қоршаған орта, көркем шығармалар,шешендік сөздер,
радио, теледидар – тілді, тіл мәдениетін шыңдаудың тамаша жолы
«Көкірегі сезімді, тілі орамды» болашақтың қалыптасуына майталман
сөз шеберлерінің, әйгілі шешендердің мұраларын өнеге ету септігін
тигізеді.
Абайдың зергерлігіне, даналығына әжесі Зере
мен шешесі Ұлжанның
ақын – жыраулардың көркем шығармалардың әсері
болған, Абайдың әжесі
мен шешесінің тілдік тәрбие беруі қазіргі ата
– аналарға өнегелі үлгі болса
деймін.
Тіл мәдениетін арттыру үшін, мақал –
мәтелдерді қолдана білу сөз-
дің ажарын кіргізіп, тілдің әсерлі болуына
септігін тигізеді. Ақын халық мақал – мәтелдерінің кейбірін сол
қалпында қолданса, ал «еңбек етсең, емерсің», «жарлының бір тойғаны
– шала байығаны» - деген халық мақалдарының мағынасын сақтай
отырып, өзгертіп құраған. «Еңбек етсең,
ерінбей,
Тояды қарның
тіленбей». «Бір тойған – шала
байлық».
Абай қазақтың әдеби тілін осындай көркем, бейнелі сөздермен мейлінше байытты, сондықтан ақын шығармашылығын оқи отырып, сөйлеу мәдениетін, сөз мәдениетін меңгеру мүмкін. Нақтылай келе, тіл мәдениетін көтеру – тіл байлығын меңгеру, оларды ұтымды, дұрыс пайдалану.
Сабақтың тақырыбы: Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды бұрынғы қазақ
аулындағы аңшылық өнерімен
таныстыру.
ә) дамытушылық: оқушылардың еске сақтау
қабілетін дамыту, оларды ізденімпаздыққа, байқампаздыққа үйретіп,
ой – өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: оқушыларға аңшылықтың кәсіптік
маңызынан басқа адамның көңіл күйне әсер ететін саяттық өнер, оның
құс салып, ит жүгірту сияқты түріне ақынның көңіл күйін оқушы
жүрегіне жеткізу, аңшылық жайында олардың эстетикалық сезімін ояту,
адамгершілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,
шығармалары, сабақтың тақырыбы жазылған плакат, жоспары жазылған
плакат, «құстың алғанынан салғаны қызық» сөздері жазылған қағаз,
күйтаспа, бүркіт пен түлкі
суреті.
Сабақты жүргізу тәсілі: әңгімелеу, сұрақ –
жауап, салыстыру, ойландыру.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. М. Өтемісұлының өмірі.
2. «Тарланым» өлеңі кімге арналған?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
4. Өлеңді жатқа айт.
5. Өлеңдегі метафора, эпитет, теңеу сөздерді ата.
III. Жаңа сабақ.
1. Абай кім?
2. Абайдың өмірбаянын білеміз бе?
3. Ақынның қай өлеңін жатқа білеміз?
1845 жылы тамыз айында қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Ақынның әкесі Құнанбай ірі бай, әйгілі ру басы болған. Құнанбай бастапқыда, ауыл молдаларынан ескіше хат тани бастаған Абайды он жасында Семейге алып келіп, медреседегі діни оқу орнына береді. Медреседегі діни сабақтары араб, парсы, татар тілдерінде жүретін. Мұның өзі жастайынан өлең-жырға әуес жас Абайға шығыс халықтарының атақты ақындары Фердауси, Саади, Низами, Навоидың шығармаларын оқуға мүмкіндік береді. Медреседе оқып жүргенде Абай осы ақындарға еліктеп, бірен-саран өлеңдер жазады.
Семейде болған кезінде Абай өз талабымен бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Сөйтіп, ол орысша хат танып, орыс тілінде жазылған кітаптарды өздігінен оқи алатын дәрежеге көтеріледі. Орыстың ғылымы мен мәдениетіне бет бұрған Абайдың бұл игі қадамы ұзаққа созылмайды. Ол үш айдай ғана оқиды. Абай он үшке келісімен әкесі оны оқудан шығарып, жастайынан билікке баулу, өзінің қөмекшісі, ізбасары етіп әзірлеу мақсатымен Шыңғысқа алып кетеді.
Абай қаршадайынан ел ісіне араласа жүріп, әкесі сияқты азулы би – болыстардың билікке таласқанын да, қалың көпшілікке жасаған озбырлық сұқия әрекеттерін де, ел арасының ескіден қалған ру тартысы, барымта таласы тәрізді дауы мол, шым – шытырық, талас – жанжалдарды да, қазақ кедейлерінің қараңғы қапастағы ауыр азапты тұрмысын да көзімен көреді. Осының бәрі Абайдың әділетсіздіктен жиренуіне, өзі шыққан ортадан түңілуіне себепші болады.
Абай – ақын, әнші, сазгер, аудармашы.
Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін домбырамен
қосылып, оқушылар орындайды.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің
мақсаты айтылады. Өлеңді тұтас, толық түрінде оқу, суреттеу,
сипаттау элементтері.
Ескі қазақ аулында аңшылықпен кәсіп еткен.
Аңшылық кәсіп еңбектің бір түрі. Жүгірген аңды (түлкі, қасқыр,
қоян) қазақ бүркіт немесе тазымен аулаған. Ұшқан құсқа лашын,
қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды баулып салған. Бұл өлеңде
бүркітпен түлкі аулау суреті берілген. Қырда жер ашық болады да,
жаңа жауған қардан кейін түлкінің ізі сайрап жатады, ол – олжа
беретін қанды із. Сонар – жаңа жауған қардағы із. Бүркітші сонарға
шыққанда, ауыл адамдары аңшыға ере шығатын болған. Олжаның алдын
құс иесі солардың біреуінің қанжығасына байлайды. Ол байлаған
түлкіні ырым етіп, «үйірімен үш тоғыз болсын» деп алатын
болған.
Әңгімені жоспар бойынша әңгімелеу.
1. Қансонарда аңға шыққан бүркітші.
2. Бүркіт пен түлкінің бір – бірін көруі.
3. Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қанға батысуы.
4. Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті.
5. Құстың иесіне қораздануы.
6. Ақынның аңшылық жайындағы ойлары.
Қыс кезі, түлкінің ізін жаңа жауған қардан
кейін аңшылар оңай табады. Аңшының астында жараулы аты, қасында
жолдастары болады. Өздері ықшам киінген. Бүлар тау сағасында із
кесіп жүріп, сылаң етіп, қайтқан түлкінің ізін көріп қалады. Қағушы
ойда жүріп, тонын сабап, тастан түлкі шыға ма деп жүрген еді. Түлкі
ізінің бағытын көрісімен қырда тұрған аңшы бүркітшінің томағасын
алды. Түлкіні көзі шалған қыран төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылады
деп, қайқаң етіп аспанға көтеріледі. Түлкі де бүркітті көре салып,
қашып құтыла алмайтынын білді де, аузын ашып, қоқақтап, тісін
қайрап тұра қалды.
Аңшылар жығыламын-ау дегенді ұмытып, қуанып
шауып келеді. Қырық пышақтай тісімен қыржыңдап тұрған түлкі осал
жау емес. Бірақ өзінің сегіз найзасына, күшіне сенген паң, батыр
қыран түлкінің айбатын елең де қылар емес, қанат – құйрығы суылдап,
шыдамы кетіп, көктен сорғалап келіп, түлкімен жарық – жұрық етіп
айқаса түседі. Көк тағысы мен жер тағысының айқасы қан майданға
шыққан екі батырдың жекпе – жегіне ұқсайды. Екеуі адам үшін қанға
батуда.
Осы жерде ақын өзгеше бір көркем образ
жасайды. Қарды шомылған қаса сұлудың денесіне, қара бүркітті оның
шашына, қызыл түлкіні оның көзіне ұқсатады. Ал қыранның екі қанатын
сұлудың бүлк – бүлк еткен екі шынтағына мегзейді. Қара шаш бүркіт
бірде оның қызыл жүзін жасырып, көрсетпейді. Енді бірде ақын осы
көріністі сағынысып көріскен ер жігіт пен қалыңдыққа
ұқсатады.
Алпыс екі айлалы түлкіні алған қыран иесіне
қоразданып қояды. Аңшы «алғашқы олжа деп, мұны жолдасына тартқанда,
ол жымыңдап, үйірімен үш тоғыз» деп қанжығасына байлайды. Аңшылар
көңілі жайланып, тымағын бір сілкіп
киеді.
Бұдан ақын өзінің аңшылықты сүйетінін, құс салудың өзі бір құмарлық екенін айтады. Құс салушылардың әңгімесі аңшылық болады. Олар бір – бірімен дос, ақ пейіл.
Құс салу – қызық іс, өлеңнің мәніне құс салған аңшы ғана түсінеді. Бір мезгілде, бір орында табиғаттың белгілі бір шеңберінде берілген бір құбылыстың жаңды көрінісін суреттеу дейміз.
IV. Қорытындылау. Балалар, аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді оқып, мазмұндап келу, эпитет, метафораны табу.
VI. Бағалау.
Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқушыларға таныстыру, меңгерту барысында кез келген оқыту технологияларын қолдануға болады. Бұл жерде мұғалімнің шеберлігі, үнемі ізденісі, келешек ұрпақтың қамын ойлап, соларға жаны ашитын мейірімділігі басты рөл атқарады. Жұмыста оқыту технологиясының бір – екі түрінен ғана мысал келтірілді. Одан да басқа түрлі оқыту жолдары ақиық ақын туындыларын игерте отырып, білім нәрімен сусындатуға болады. Абай шығармаларын оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі өзгертіп, озық технологияның ұтымды жақтарын қолдану – бүгінгі білім беру саласындағы мұғалімнің сабақтың мақсатына жетудегі,яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарының жүзеге асуына құндылығы ерекше. Оқушының сабақ барысында іс-әрекетінің, оқуға қызығушылығының, шығармашылық қабілетінің шыңдалуы, танымдық қабілетінің дамуы ұстаздың сабақ өткізу барысында әр түрлі оқытудың әдіс – тәсілдерін тиімді қолдана білуінің маңызы ерекше. Әсіресе, Абай шығармаларын оқытуда мұғалімнің көздеген мақсаты мен білім алу кезіндегі оқушының іс – әрекетінің айқын, анық болуы ақын туындыларын тереңінен меңгеруге жол ашары анық.