Материалдар / «Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу»

«Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал "Абайтану" курсына көмекші материал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

«Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу»

Ақынның әр сөзінің өзі ақылмен тең деп білемін.Абай тарихқа , ең алдымен ,ойшыл, ағартушы ретінде енеді.Абай өлеңдері қашан да есті, ойлары терең , тәрбиелік мәні зор екендігін көреміз.Ұлы ақын туған халқына осы өлеңдерді ,қара сөздерді арқылы жиі ой салып, көкірек көзін ашып, оны жаман қылықтардан аулақ етіп, халықты бірлікке шақырады.

Абай өнерге өте құмар болған.Абайды танымайтын адам жоқ.Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін біледі.

Өлсе де Абай ата – мұра қалды,

Өзі өлсе де, аты оның өше алмады..

Өйткені , ол қазақтың әр үйіне,

Күн қылып, жарық ашып, шырақ жақты.

Абай-қазақтың алып-асқар ақындарының бірі.Ол өз өлеңдерімен бүкіл қазақ халқының жүрегінен орын алады.Әсем де сырлы өлеңдері құлаққа жылы тиеді.Қазақтың мұңын мұндап, жоғын жоқтаған Абайдай-ақ болсын.Оның қараңғы қазақ үшін күйініп шығарған өлеңдері көп.Абай ғылымды көкседі.Бірақ сол жарық сәулені таба алмаған соң, артындағы жастарға арнап білім, ғылым туралы өлеңдер жазды. Яғни , Абай – тәрбиеші педагог. Қандай да бір қазақ баласы есі кірген күннен бастап Абайды жаттап өседі.Мектепке барған баланың көз алдында құс жолындай сайрап,ақын өнегесі жатады.Оның тәрбиеге толы ойы бізді қанаттандырады.Абай -біздің рухани көшбасшымыз.

Ғалымның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

Әр халықтың өзінің қасиетті де қадір тұтқан азаматтары болады.Ал біздің біртума, барлық талант бір бойына біткен, поэзияның ақтаңгері –Абай.Абай - педагог.Абай жастайынан білімге құмар болған.Ақын ауыз әдебиетіндегі дастандарды жатқа оқыған.Абай -шындықты жырлаған реалист ақын.Абайдың мәңгілікке халықпен бірге, тарих көшімен бірге болуы да сондықтан шығар.Өмір атты теңізде бір кеме кетіп барады, оның «Абай» деген жазуы бар, жалауы желбіреп тұр.Ол жалау сол кемемен мәңгі бірге!

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қазақтың қос арысы, қос данасы,

Қалайша бас имессің оған сірә.

Абай – қазақтың баға жетпес кемеңгер ақыны. Абпайды жер жаһанға, әлемге паш еткен қазақтың жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов еді. «Абай жолы» сынды эпопеясы шет елдерде танымал. Абай қазақтың тұңғыш сазгері. «Топжорға» , «Май түні» атты күйлерімен тарихта қалған. «Топжорға» күйінде мал патшасы жылқының жүйріктілігіне тоқталған, шебер суреттеген. Сондай-ақ сыршыл композиторы деп өзінің жүректен шыққан «Айттым, сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» , «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін білеміз. Абайдың философиялық дарындылығын қырық бес қара сөзінен білеміз. Абайдың қара сөздері келешек ұрпақты тәлімдіден тәрбие, өнерліден өнеге алуға бағыттайды. Абай – аудармашы И.А.Крыловтың 14 мысалын қазақ тіліне аударған. Мысалда жануарлар бейнесі арқылы ел басындағы әділетсіз әкімдер, небір жалқаулар, ақымақ адамдарды суреттеген. Қазақ елінің бүгінгі болашағы үшін арпалысқан бірегейі – Абай. Абай атамыз қазақ халқының маңдайына біткен жарқыраған жұлдызы, сәулесін шашқан күндей боп, халқына өзінің сарқылмас мұрасын тарту еткен. Абай шын аты – Ибраһим. Оны әжесі Зере еркелетіп, Абай деген екен.

Өлмейді тілім,

Бұқардың кәрия ізі бар.

Өрлейді тілім,

Абайдың дария сөзі бар.

Абай атамыздың 175 - жылдықтойы құтты болсын!!! Ұлағатты ұстаз Абай атамыздан бізге сарқылмайтын мұра қалды.

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар болғаны шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы. Аталған уақыт аралығында қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем. Еліміздің шымырланып, қайта түлеу қажеттігін сезінгендіктен, қайрау мен намысқа тию арқылы ішкі жан-дүниесінің қайтадан жаңаша құрылу қажеттігін ұсынды. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның жақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауат туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын айрықша өлшемдер сияқты.

деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.

Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден , адамды қор қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.

Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. Ол туралы айтылар сөз, жасалар істер әрқашанда өз арнасын табуы тиіс. Абай өлмес мұра қалдырды, оны алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - біздің ғұмырлық парызымыз.

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері - Абай Құнанбаев. Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында қасиетті Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі - Зере.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-шы жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.

Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер-демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.

1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді.

  Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Абай қазақ әдебиетінің тарихында сыншылдық реализмнің негізін қалаушылардың бірі болды. Өзінің аса жоғары табиғи дарынымен ол барлық ақын-жазушылардың алды болуымен қатар, өз еңбектерінде тек қана халқының мақсат-мүддесін қорғай отырып, оған көркемдік образ бере білді. Қазақ әдебиетінің демократиялық бағытын негіздей отырып, Абай дәл сол кезде қазақ әдеби тілінің тууын зерттеген. Оның поэзиясы ойға қонымды, әрі жинақы, аса бай әдеби тіл мәнерін шебер қолдануы арқылы белгілі.

Қазақ халқының қоғамдық ортасында дамып жетілген Абай поэзиясы халықтың әдеби бай қазынасынан нәр алып отырды. Ақын 1880-1900 жыл-дардағы халық өмірінің елеулі өзгерістерінің бірі болып саналатын сол кездегі қоғамдық-тарихи жағдайдың қазақтарға тигізген әсерін жан-тәнімен түсіне отырып, өз шығармасында қазақ қауымының даму барысын әрі терең, әрі шыншылдықпен суреттей білді.

Өнер жолындағы жоғары, аса керемет жетістіктер мен ескілікті біржолата сыпырып, жаңашылдықты тарихи түрде мойындатуы және халық өмірінің ішкі дүниесін жан-тәнімен түсінуі, өлеңдерінің бай қоры Абай шығармаларының классикаға көтерілуіне, әлем әдебиеті мен орыс әдебиетінің бай қазынасынан нәрлі қорек ала білген Абай қарапайым қазақ халқын реалистік түрде жырлай бастады. Оған жұртшылыққа кеңінен танымал: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған аң күмістей кең маңдайлы», «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Интернатта оқып жүр» атты, сол кездегі ел басқарушылар, жыл мезгілдері, махаббат лирикасы қамтыған өлеңдері куә. «Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» ,-деп күңіренеді.

Абай тек қана халқының жоқтаушысы, тек қана ащы тілінен әшкерелеуші сатирик болған жоқ, сонымен қатар ол халық арасындағы өріс алып келе жатқан тың бастаулар: адамгершілік, өнер-білімге деген құштарлық, жаңа өмірге талпыныс сияқты даму көрсеткіштерді де тілге тиек ете білді:

Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.

«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтындығына, қорғайтындығына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген Елбасы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ