Материалдар / Абайддың қарасөздерінің көркемдік құндылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайддың қарасөздерінің көркемдік құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
124
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абайдың қарасөздерінің көркемдік құндылығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығарманы көркемдік құндылығына талдау;

Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына талдау;

Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәсемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

  • Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар?

  • Қарасөздерінің тақырыбы қандай? ·

  • Қарасөз жазу себебі неде?

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады. Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды.

Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген. Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Оқушылар Кім? Не? Қашан? сұрақтарына жауап беру арқылы өлең мазмұнын ашады, тақырыппен байланыстырады.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Қалыптастырушы бағалаулар


ҚБ









Оқушылар тақтадан көрінген сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтыруға мүмкіндіктері бар.

Сабақтың

ортасы

Мағынаны тану.

1-тапсырма. Қара сөзден мысалдар келтіре отырып, кейіпкердің жасалу тәсілін анықтаңыз, ойыңызды

дәлелдеңіз.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесін ашады;

  • кейіпкерлердің жасалу тәсілін анықтайды.

ҚБ

2-тапсырма. Берілген үзінді арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз, өз ойыңызды білдіріңіз.

Естігенде бір нәрсені ұмытпауға төрт себеп : әуелі - көкірегі байлаулы берік болмау керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ,ойға бекіту керек;төртінші ой кеселдерінен аулақ болу керек.Ой кеселдері : уайымшыл,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратығын нәрселер.

Дескриптор:

  • шығарманың идеясын ашады;

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық

  • мәселені анықтайды;

  • өзіндік көзқарасын білдіреді. ҚБ

ҚБ

3-тапсырма. «Талдап білу» әдісі

Оқушылар Абай қарасөздерінің тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Анықтаушы – шығарманың көркемдік құндылығын дәледейтін аргументтер дайындайды.

Талқылаушы – шығарманың тарихи құндылығы бойынша 3 сұрақ дайындайды, басқа топтарға қояды.

Байланыстырушы - шығармадағы тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.

Топ шешені – шығарма идеясын ашатын монолог/өлең шумақтарын/ құрастырады.

Қорытындылаушы – топтық жұмысты қорытындылап, Абай қарасөздерінің тарихи және көркем құндылығына баға береді.

Дескрипторлар:

  • шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды;

  • шығарманың тарихи құндылығын анықтайды;

  • шығармалардың тарихи және көркем құндылығына баға береді.

ҚБ

Қара сөзден мысалдар келтіре отырып, кейіпкердің жасалу тәсілін анықтаңыз, ойыңызды

дәлелдеңіз.






Берілген үзінді арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз, өз ойыңызды білдіріңіз.














Оқушылар Абай қарасөздерінің тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.






ҚБ

















ҚБ

















ҚБ



6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың соңы


Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

Менің түйгенім...

Қиындық туғызған тұсы...

Туындаған сұрақ...










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!