Материалдар / АБАЙДЫ ОҚЫ-ТАҢЫРҚА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АБАЙДЫ ОҚЫ-ТАҢЫРҚА

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
262
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








САБАҚ ЖОСПАРЫ

Picture 10




САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: «АБАЙДЫ ОҚЫ-ТАҢЫРҚА»

















Ақтөбе 2020

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.


Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.


Ұйымдастыру бөлімі:


ZOOМ ақылы білімалушылардың байланысқа қосылуын ұйымдастыру, білімалушыларды түгелдеу, сабақ мақсатын айту (студенттер қосылу барысында Абайдың фото галереясы видео ролик көрсетіліп тұрады)


Сабақ барысы:


Абай Құнанбайұлы туралы видео-ақпарат көрсетіледі


Құрманбай Нұрболат:


Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.



Сайлау Нұрай:


Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі - дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну - Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз алдыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. Абай ақын боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңіне өзі ән шығарып таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің халықта ерекше бағаланады.


Құрманбай Нұрболат: Ендеше бүгінгі сабағымызды Машраб Жәудір: Абай атамыздың «Білімдіден шыққан сөз» атты өлеңінен бастасын.


Машраб Жәудір:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.


Жүрегі - айна, көңілі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?


Әбілет басқан елерме,

Сөзге жуық келер ме?

Түзу сөзге сенер ме,

Түзелмесін білген ез?


«Айтшы айтшылап» жалынар,

Ұққыш жансып шабынар.

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез.


Жас баладай жеңісқой,

Байлаулы емес ақыл, ой.

Ойлағаны - айт пен той,

Ыржың-қылжаң ит мінез.


Сұлу қыз бен я батыр

Болмаған соң , тәңірі алғыр,

Шығып кетер, я қалғыр,

Оған ақыл - арам без.


Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын беріп,

Дертті ішіне ем көріп,

Неге алтынды десін жез.


«Ой, тәңір айшыл» кер есек,

Қулық, сұмдық не өсек

Болмаған соң, бір есеп -

Мейлі қамқа, мейлі бөз.


Сайлау Нұрай: Жәудір, бұл өлеңді таңдаған себебіңіз?....

Машраб Жәудір:.........

Құрманбай Нұрболат: Қайсар, Өлеңдегі ақынның ойы?...

Сайлау Нұрай: Юлдашева Муниса: «Жасымда ғылым бар деп ескемедім»- деп Абай атамыздың білімге ерекше назар аудару керек деген өсиетін өлең арқылы жеткізбекші


Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


Құрманбай Нұрболат: Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 - 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.


Сайлау Нұрай: Бүгінгі сабақтада Ұлы Абайдың қарасөздеріне тоқталуды жөн көрдік.

Кенес Мөлдір: Абайдың 31 қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Кенес Мөлдір: ....... (ой толғау)

Өмірбек Мағжан ......( өз ойын айту керек)


Құрманбай Нұрболат: Ақбердиев Бейбарс: Абайдың 34 қара сөзі


Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп - бәріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін? Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егерде осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?

Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы - олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса - мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен! Егерде екі нәрсе кез болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ахиретке керектіні алмай, екінші бір кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең құдай өзі кеңшілікпенен кешіреді дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе ахиретті дүниеге сатқаным жоқ деп, нануға бола ма?

Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?


Құрманбай Нұрболат: Зулейха, Абай атамыздың 34 қара сөзі туралы өз ойын айтсаңыз...


Сайлау Нұрай: Абайдың 41 қара сөзі

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.


Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.

Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес.

Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма - сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық!


Құрманбай Нұрболат: Ұлы Абайдың өлеңін оқыда – таңырқа демекші Аян, сіз сабаққа қандай өлең даярладыңыз?


Нысанбай Аян: Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар

Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?


Сайлау Нұрай: Шыңғыс оқылған өлең туралы өз ойыңыз...


Құрманбай Нұрболат: Біржан кезекті сізге берсек...


Кадіркеев Біржан: «Өзгеге көңілің тоярсын, өлеңді қайтіп қоярсың..»

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

Жыласын, көзден жас ақсын,

Омырауым боялсын.

Қара басқан, қаңғыған,

Хас надан нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар,

Құлағын ойлы ер салсын.

Тыңдамаса еш адам,

Өз жүрегім толғансын.

Әр сөзіне қарасын,

Іштегі дертім қозғалсын.

Әуелесін, қалқысын,

От-жалын боп шалқысын.

Жылай-жырлай өлгенде,

Арттағыға сөз қалсын.

Мендей ғаріп кез болса,

Мойын салсын, ойлансын.

Қабыл көрсе сөзімді,

Кім таныса, сол алсын.

Не пайда бар - мың надан

Сыртын естіп таңдансын.

Онан дағы бір есті

Ішкі сырын аңғарсын.

Өздерің де ойлаңдар,

Неше түрлі жан барсың.

Ғылым да жоқ, ми да жоқ,

Даладағы аңдарсың.

Жүрегіңмен тыңдамай,

Құлағыңмен қармарсың.

Соны көріп, соларға

Қайтіп қана сарнарсың?!


Сайлау Нұрай: Тоғжан, «...Өзгеге көңілің тоярсын, өлеңді қайтіп қоярсың ....»-деп ақын Абай біздерге қандай ой салып отыр?


Құрманбай Нұрболат: Кенжебек кезек сізде...


Бердік Кенжебек: «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»


Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін, онын беріп, алар сатып,

Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?

Барып келсе Ертістің суын татып,

Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,

Елді алып, Еділді алып есіреді,

Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.

Әрі-бері айналса аты арықтап,

Шығынға белшесінен әбден батып.

Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа

Құдай құмар қылыпты қа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!