Материалдар / Абайды тану, өзіңді тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайды тану, өзіңді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарды Абайдың өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру. Шығармалары мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіне отырып бала тәрбиесінде ескеріп, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіру, баламыздың азаматтық бейнесін қалыптастыруда ескеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2022
247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайды тану - өзіңді тану

Мақсаты: Абайдың өмірбаянымен, шығармаларымен танысу.

Шығармалары мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіне отырып бала тәрбиесінде ескеріп, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіру, баламыздың азаматтық бейнесін қалыптастыру.

«Дейін, кейін» әдісі

«Дейін, кейін» әдісі арқылы,дейін бөліміне Абай жайлы не білетіндерін жазады, іс шара соңында Абай жайлы не білгендерін кейін бөліміне жазады.



  1. «Сандар сөйлейді» Абай жайлы ақпарат беру.

Математикалық есептер және олардың шешімі.Таныстыратын 5-сынып оқушылары және математика пән мұғалімі.

Математикалық есептер және олардың шешімі


  1. Есеп.

Абай жазған поэмалардың саны ең кіші тақ жай сан болса, Абайдың қанша поэма жазғанын табыңыз.

Шешуі: Жай сан дегеніміз 1-ге және өзіне ғана қалдықсыз бөлінетін сандар. Ең кіші жай сандарды жазайық. Олар 2,3,5,7 және тағы басқа. Осы жерде бізде ең кіші жай сан 2 екені көрініп тұр, бірақ ол жұп сан. Сол себепті есептің жауабы 3 болады. Сонымен Абай 3 поэма жазған.

2-Есеп.

Абайдың өлең жаза бастаған жасы ең кіші екі таңбалы натурал сан болса, Абайдың неше жастан өлең жазғанын табыңыз.

Шешуі: Есептің жауабы 10 болады. Себебі 10 - ең кіші екі таңбалы натурал сан. Сонымен Абай 10 жасынан өлең жаза бастаған.

3-Есеп.

Абай дүниеге келгенде Абай әкесі Құнанбайдың жасы жай сандарды өсу ретімен жазғандағы 13-ші реттегі сан болса, сол кездегі Құнанбай жасын табыңыз.

Шешуі: Жай сан дегеніміз 1-ге және өзіне ғана қалдықсыз бөлінетін сандар. Алғашқы 13 жай сандарды өсу ретімен жазайық.

Олар: 2;3;5;7;11;13;17;19;23;29;31;37;41. Сонда 41 саны 13-ші ретте тұр екен. Сонымен Абай дүниеге келгенде әкесі құнанбай 41 жаста болған екен.

4-Есеп.

Егер барлық бір таңбалы натурал сандарды қоссақ Абайдың жазған қара сөздерінің санын аламыз. Абайдың неше қара сөзі бізге белгілі?

Шешуі: бір таңбалы натурал сандар, олар: 1;2;3;4;5;6;7;8;9 болса

1+2+3+4+5+6+7+8+9 есебін шешеміз. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдалаып, есепті тиімді жолмен шешейік, яғнт 1+9=10, 2+8=10, 3+7=10, 4+6=10 және 5 сонда 10+10+10+10+5=45. Сонымен Абайдың 45 қара сөзі белгілі екен.

5-Есеп.

Абайдың медреседегі оқыған жылдарының саны оның қара сөздерінің санынының 15-тен бір бөлігі болса, неше жыл медреседе оқығанын табыңыз.

Шешуі: Санның бөлігін табу үшін сол санды берілген бөлшекке көбейтеміз. Сонда болады. 45-тің бөлімнде 1 бар деп ойлаймыз және 45 пен 15-те 15-ке екеуін бөлінетіндіктен 15-ке қысқартамыз. Сонда . Сонымен Абай медерседе 3 жыл оқыған екен.


6-Есеп.

Абай дүниеге келген жыл сол жылдағы Құнанбайдың жасы мен Абайдың қара сөздерінің санының ЕКОЕ-гі болса, қай жылы дүниеге келгенін табыңыз.

Шешуі: Яғни 41 пен 45 тің ЕКОЕ-сін табу керек. 41 бізде жай сан екені белгілі және 45 оның еселігі болмағандықтан:

ЕКОЕ (41,45) = 41*45=1845. Сонымен Абай 1845 жылы дүниеге келген екен.

7-есеп.

Абайда 10 баласы болған. Ұлдарының саны қыздарының санынан 4-ке артық болса, неше ұл неше қыз болғанын табыңыз.

Шешуі: Бұл есепті теңдеу құрып шешіп көрейік.

Берілгені:

Барлығы – 10

Қыздар – x

Ұлдар – x+4

Сонда: x+4+x=10 бұдан 2x+4=10 бұдан 2x=10-4

2x=6

x=6/2

x=3

Сонда қыздары – 3, ал ұлдары - 3+4 яғни 7-еу болған екен

Оқушыларды тыңдай отырып ата аналар кесте толтырады жұмыс барысында толықтырып отырады


Оқиғалар

Жауабы

1

Абай неше поэма жазған?


2

Абай неше жасынан өлең жаза бастаған?


3

Абай дүниеге келгенде әкесі құнанбай неше жаста болған екен.?


4

Абайдың қанша қара сөзі бар?


5

Абайдың медреседегі оқыған жылдары?


6

Абай дүниеге келген жыл?


7

Абайда неше баласы болған?


8

Абай қанша өлең жазған?


9

Абайдың әндері


10

Абайдың достары


11

Абайдың әжесі


12

Абайдың анасы



II.Құлақтан кіріп бойды алар.. Абайдың әндері

Абай-қазақ поэзиясындағы ғашықтық жырлардың ең озық үлгісін жасап кеткен ақын.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да ,

Аспанда ай менен күн шағылса да

Дүниеде сенен артық маған жар жоқ

Саған жар менен артық табылсада

Абай тек ақын ғана емес,сонымен бірге жүрек тербеген оқиғалы, ғажайып әндер де шығарған-композитор.Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Абайдың "Ата - Анаға Көз Қуаныш", "Татьянаның Хаты", "Айттым Сәлем Қаламқас", "Сегіз Аяқ" 1889ж(Абзал Қуанышұлы), "Сегіз Аяқ" (Жүсіпбек Елебеков) т.б атты әндерібар.Көзімнің қарасы 1891ж Желсіз түнде жарық ай 1898ж


Осы әндерді орындап топқа топқа бөліну.



III. Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы постер қорғау

1-топ «Ғылым таппай мақтанба» 1886ж

өлеңіндегі адамзатқа қажетті асыл қасиеттер жеке тоқталып өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. 2,15,17,18,19,44,45 қара сөздерін дегі негізгі ойға тоқтала кетеді


2-топ Адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді жазу

Адам бойындағы жаман қасиеттер

Адам бойындағы жақсы қасиеттер





3-топ «Ғылым таппай мақтанба» 1886ж өлеңіндегі адамзатқа

қажетсіз қасиеттерге жеке тоқталып өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. 26,29,38,42қара сөздерін дегі негізгі ойға тоқтала кетеді



Сергіту сәті «Екеуінің бірін ақта»

Қой ма, бүркіт пе? Қызғаншақ па,қорқақ па? еріншек пе,дүние қоңыздық ?

Қарға ма, бүркіт пе? Әділдік пе,жанашырлық па? Мейрімділік пе,қамқорлық па?

Сүт пе, айран ба? Екі жүзділік пе, тәкапарлық па? Қаталдық па,талапшылдық па?

Етік пе ,шұлық па? Өсек пе,өтірік пе? Мақтау ма, жамандау ма?

IV.Абай –табиғат суретшісі

Топтар Абайдың жыл мезгіліне байланысты жазылған өлеңдерін жатқа айтып сурет салады.

Жазғытұры 1890ж

Жаз

Күз1889

Қыс



V.Ұрпағын ойлаған ақын жайында ата аналарды ақпараттандыру

Абайды Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов “халқымыздың бас ақыны”, ал Мағжан Жұмабаев болса “хакім ақын” деп лайықты бағаларын берген болатын.

Абайдың шығармашылығы - әрбір қазақ баласының көңіліне шуақ, өмірге деген көзқарасына анықтық беретін бағыт. Өйткені, Абай атамыздың әрбір қара сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, олардың қыр-сырлары қайта ашыла түседі. Абай бірінші сөзінде қара сөздердің жазылу себебін түсіндіре келіп, одан әрі оқырманға ой салады. Мысалы, 15-сөзінде: “Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім,” – дей келіп, екеуінің айырмашылығын айқын суреттейді.

Абай сөздерін қорыта келе, «адам баласы адам баласынан тек ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен оза алады, онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық,» - дейді .Абай өзінің философиялық, психологиялық және педагогикалық еңбектерін ешкімге ұқсамайтын түрде өзі тапқан формада жазған. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Ырыс - алды тірлік» дейді.

Ұлы ақын «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде: Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айтады.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді.

Абай атамыз айтқан афоризмдер

Жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақтың мақалының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымалық түгіл құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғын да бар.

«Жарлы болсаң,арлы болма» дейді.Ардан кеткен соң тірі болып құрысын. «Атың шықпаса жер өрте» дейді.Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат. «Ата анадан мал тәтті,алтынды үйден жан тәтті»Ата анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емеспе?

1. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. 

2. Баланың мал табары болады, мал шашары болады. 

3. Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.

4. Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

5. Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.

6. Тіл жүректің айтқанына көнсе - жалған шықпайды.

7. Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

8. Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

9. Құдайшылық - жүректе.

10. Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

11. Көпке қорлық жүрмейді.

12. Құдайдан қорық, пендеден - ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! 13. Надан ел - қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.

14. Ауруды жаратқан құай, бірақ ауыртқан құдай емес.

15. Шала мейір - шала байқайды.

16. «Қалауын тапса қар жанады» «Сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ» депСұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше - малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек.  17. Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? 

18. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. 

19. Мал - жұтайды, өнер - жұтамайды.

20. Атасының баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.

21. Ер - артық сұраса да азға разы болады, ез - аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. 

22. Адам баласын заман өсіреді. 

23. Дүниеде жалғыз қалған адам - өлген адаммен тең: қапашылықтың бәрі соның басында. 

24. Үміт үзу - қайратсыздық.

25. Дүниеде еш нәрсе баянды емес: жамандық та өтеді. 

26. Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.

27. Тоқ тіленші - адам сайтаны.

28. Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.

29. Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. 

30. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас. 

31. Қайғысыздан - сақ бол, қайғылыға - жақ бол. 

32. Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл. 

33. Қиянатшылар: жарым адам, жарым молда, жарым мұсылман. 

34. Мал, мақтан, құрмет өзі іздеп тапса - адамды бұзбайды һәм берік болады.

35. Нысап пен ұят әділеттен шығады. 

36. Адаспай тура іздеген хәкімдер болмаса - дүние ойран болар еді.

37. Әрбір ғалым - хәкім емес, әрбір хәкім - ғалым. 

38. Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл. 

39. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық. 

40. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық. 

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы.

Жақсылық пен жамандықты,Әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе Абайды оқыңыз.Адамгершілікпен арлылық,махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, абайды оқыңыз.Өлім мен өмір,адам жанының қалтарыстары менсырлары туралы білгіңіз келсе Абайды оқыңыз.Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздесеңіз,он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.























Қосымша материалдар

Ад

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!