Материалдар / Абайды тұңғыш танытқан Әлихан Бөкейханұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайды тұңғыш танытқан Әлихан Бөкейханұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ең алғашқы болып, тұңғыш Абайды таныған, еңбектерін жинап, жариялаған - Әлихан Бөкейхан туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
263
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайды тұңғыш танытқан Әлихан Бөкейханұлы


Ең алғашқы болып, тұңғыш Абайды таныған, еңбектерінде жинап, жариялаған - Әлихан Бөкейхан. 1905 жылы жарық көрген Ә.Бөкейхановтың «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» деген қазанамасы дәлел бола алады. Бүгінгі мақалада осы жайлы қаралады. Абай Құнанбаевты көбісі Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романы арқылы білетіні рас, бірақ қазаққа тұңғыш таныстырған Әлихан Бөкейхан. Абайдың еңбектерін де жинағанын, тек қазақ халқына емес, орыс ұлтына да таныстырып қоймай, еңбектерін де өз мақаласындақолданып, қазанама жариялағанын және Абай, Шәкәрім, Әлихан бір-біріне бөле болатындығы және әріптесі болып келетін көбісі біле бермейді. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан болатын.

Абай тұлғасына, ақындық шеберлігі мен поэзиясына алғаш назар аударып, оның өмірбаяны мен шығармаларын зерттеп, мақала жазған, төл шығармалары мен орыстың классик, әдебиетінен аударған өлеңдерінің тұңғыш жинағын шығаруға бастамашы болған. Абайдың өлеңдерін көз тірісінде, 1889 ж Омбы техникалық училищесінде оқитын 23 жастағы Бөкейхан «Особые прибавления к «Акмолинским областным ведомостям» газеті мен оның қазақша нұсқасы «Дала уалаятының» қосымшасында жариялады. Абай қайтыс болғаннан кейін, 1905 жылы Ә. Бөкейхан Абай шығармаларының қолжазбасын ақынның інісі Кәкітай Ысқақұлынан алып, «Семипалатинский листок» газетінің 3 санында, одан кейін 1907 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела ИРГО» жинағында жариялайды. Онда ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы толық мәлімет және поэзиясына алғаш рет жоғары баға берілген«Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты азанама мақаласы да жарық көрді. Бөкейханның Абайдың анасы жағынан туыстығы да болды. Құнанбайдың үлкен ұлы Құдайбердінің әйелі Бошантай Бөкейханның анасы Бегім ханымның туған сіңілісі болатын. Бөкейхан ұлы ақынмен туыс қана емес, әріптес те еді.

1886 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлистің ұсынысымен Семей облысында статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланса, Бөкейхан да шамамен 1896-1908 жылдары сол комитеттің толық мүшесі болып тұрды. Статитстика комитетінің «Семипалатинские областные ведомости газетінің» 1904 жылғы санында жарияланған жұмыс есебінде оның толық мүшелері қатарында Абай мен Әлиханның есімдері көрсетілген. «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» мақаласында автор өзі атап көрсеткендей, Бөкейхан ақынның төл шығармалары мен орыс әдебиетінен аударған (А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов т.б ) өлеңдерінің тұңғыш жинағын өңдеп (редакциялап) басып шығаруға ықпал етті. Бірақ бұл жинақты география қоғамының Семей бөлімшесінен 1906 жылы басып шығару жоспары өзін тұтқындап, Павлодар – Омбы түрмелерінде жабуы салдарынан жүзеге аспай қалды. Сол себепті жинақты Санкт-Петербургтегі Бораганский баспасынан шығарды. Оған қоса Әлихан Бөкейхан ақын Е.П.Михаэлис туралы да «Қазақ» газетінде екі құнды мақала жариялайды. Оның мәліметі бойынша, Михаэлис Семейде тұрғанда 3-4 айлап, қалада жатып, онымен кеш сайын жүздесіп, Пушкин, Лерментов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков – Щедрин, Достаевский, Белинский, Добролюбов, Писарев шығармаларымен танысады. Кейін Абайдың өзі де көп ізденіп, Чернышевский, Соловьев, Дрэпэр, Спиноза, Спенсер, Льюис т.б Ресей және Батыс ғалым, ойшылдарының еңбектерін оқып шыққаныайтылады. [1]

Зерттеу материалдарын қарастыра отырып Ortalyq.kz сайтында «Абай – поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осынша жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ» деп Әлиханның баға беруінің өзі Абайдың әдеби мұрасын терең, жан-жақты танып білген зерттеуші екенін көрсетеді.

Нағыз «Абайтану» Әлихан Бөкейханның жас күнінен-ақ ақынның ұлылығын тануынан, оның поэзиясынан ұлт әдебиетінде, дәлірек айтсақ - енді ғана қалыптаса бастаған жазба әдебиетінде әлі жоқ жаңашылдығын көріп бағалай алуынан басталды. Әлиханның мұндай сезімталдығын, көрегендігін оның 1889 жылы «Особые прибавления к «Акмолинским ведомостям» және «Дала уалаятының газетінде» жариялаған ең алғашқы орысша-қазақша 16 мақаласынан айқын аңғарамыз.

1904 жылдың жазында қырдан қаралы хабар  алысымен, Әлихан Омбыдан «Абай мархұмның өлеңдерін кітап қылып басыңдар деп балаларына  хат жазады». Кәкітайдың мезгілсіз қайтыс болуына орай 1915 жылдың басында «Қазақ» газетінде жариялаған бұл азанама мақаласында Әлихан әрі қарай: «1905-інші жылдың әпрел аяғында Кәкітай (Ысқақұлы Құнанбай) Абайдың жазба кітабын алып, Омбыдағы маған келді. 1905-інші жылы жазғытұрғы саясат ісі не екенін біздің «Қазақ»-ты оқушылар білер. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, Пушкин, Лермонтов сөздерін бірге оқып, мәз-мейрам болдық», - деп есіне алды (Ғали хан. Кәкітай (Ысқақұлы Құнанбай). Мүнәһиб-Некролог. //«Қазақ», 1915.18.02, № 105. Орынбор. – 2 б.). Міне Абайдің өз өлеңдері, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтан аударғандары мен қара сөздерінің Тұрағұл жинап көшірткен қолжазбасы қолына тиіп, Омбыдағы өз үйінде «бірер жұма жатқан» әрі туысы, әрі досы Кәкітаймен сырлы әңгімесінің нәтижесінде ұлы ойшыл ақынның өмірі қысқа да нұсқа баяндалған, ал шығармашылығына «Еуропаның әйгілі ақындарына мақтаныш болады» деп асқақ баға берілген тұңғыш «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мүнәқып-мақала дүниеге келді.

Назар аударатын мәселе, мақаланың соңында автордың өзі марқұм Абайдың өмірі туралы мәліметті ұлы Тұрағұлдан (Абайдың өзі Тураұл деп атаған екен. – С.А.) алғанын атап көрсетеді. Ал автордың өз қолында ойшыл-ақынның өлеңдері жазылған қойын дәптері болған. Міне сол дәптерін ол 1903 жылы Омбыға келгеніне бір-ақ жыл болған қандасы, шәкірті әрі болашақ ең жақын үзеңгілесі - Ахмет Байтұрсынұлына берді. Ол туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында Ахметтің өзі былай деп жазды:

«Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, тіпті, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан. Абайдың сөздері тап болып, басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге едәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді... 1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті» (А. Б. Қазақтың бас ақыны (Басы 39 һәм 40-ыншы нөмірлерінде). – Орынбор: «Қазақ», 1913.22.12, № 43. – 2 б.).

Ал Әлиханның мүнақып-мақаласы алдымен семейлік «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 3 санында (Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог. / «Семипалатинский листок», 25-27.11.1905 г., №№ 250-252. Семипалатинск. – Cc. 2-3, 2-3, 3.) одан кейін Орыстың императорлық география қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Отдела И.Р.Г.О.» жинағында болар-болмас өзгеріспен екінші рет жарияланды (вып. № 3, 1907 г. Семипалатинск).

Сан ғасырға жүк болатын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы қай кезеңде де өзінің құндылығын жоғалтқан емес. Ойшыл Абай халқының мүшкіл халін ойлап, өткір сөзімен сол қауіптен құтылар сара жолды көрсетті. Яғни, Абай рухани білімді әлем заңдылықтарының негізгі қайнар көзі ретінде ұсынды. Ендеше, кемеңгерді тарихи жағынан кеңірек тану, оның жүрегіне терең бойлау – қазақ баласы үшін рухани тәрбиемен сусындаудың негізгі жолы. Абайды бізге таныстырғаны үшін, қазақи тәрбиенің фундаментін бекітіп қалап кеткен Әлихан Бөкейханға мыңда бір алғыс. Өлім мен өмірдің арасында жүріп Абай шығармаларын сақтап қана қоймай, оның өлеңдерін және қара сөздерін жеткізе білді.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Аққұлұлы С. Әлихан қазақты болашағы зор, өте дарынды халық деп сүйген// Алаш айнасы-2011 – 5 наурыз

  2. Аққұлы С, Ұлттың ұлы тұлғасы//Жұлдыз 2006 № 8

  3. Әлихан Бөкейхан Энциклопедия/Бас.ред. Ж.Тойбаева – Алматы: Қазақ энц., 2018.

  4. Сағынтай С. «Біз кімге борыштармыз?» //Орталық Қазақстан 2007-29 желтоқсан

  5. Аbai.kz

  6. Оrtalyq.kz

  7. dalanews.kz

1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!