Материалдар / "Абайдың адамгершілік немесе "Толық адам" туралы дана ойлары" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абайдың адамгершілік немесе "Толық адам" туралы дана ойлары" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ,оқушыларға жалпы, әдебиетті сүйер қауымға арналады .Абай мұрасын тереңірек білуде көмегі бар дүние деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
527
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың адамгершілік немесе «Толық адам» туралы дана ойлары

Жайылғанова Гүлзира Қыдыралықызы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№3 ЖОББМ» КММ –нің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытаАбайдың есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылмақ . Өйткені оның шығармаларында, яғни өлеңдері мен қара сөздерінде халқымыздың ұлттық болмысы, тұрмыс- тіршілігі мен әдет- ғұрпы , салт -санасы, тілі мен діні, тіпті рухы айқын көрініс тапқан. Сондықтан бәрі Абай әлемін бірегей құбылыс деп бағалайды . Тұңғыш ЕлбасымызН.Назарбаевтың«Заман ауысып, дүние дидары өзгерсе де,халқымыздың Абай ақынға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін биіктерге, асқар асуларға шақыра береді»,-деген өнегелі сөзі Абай мұрасының мәңгілік мәнін жоймайтын асыл қазына екенін танытса керек.

Абай мұрасының қазақ халқының рухани жаңғырып, дамыған елдер қатарына қосылуына тигізетін пайдасы зор. Ұлы ақынның шығармалары бүгінде маңыздылыған, өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ақыл-нақылға толы сөздері баршамызға рухани азық пен рухани нәр алатын бастау бұлақ болып табылады . Абай -рухани төлқұжатымыз, адастырмас темірқазығымыз. Ұлы ғалым Қ.Сәтбаев «Абайды және «Абай жолын» қазақ халқының энциклопедиясы»деп бағалады. Талантты ақын С.Торайғыров «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп бекер айтпаған болар?!.Абай әлемі- қазақ әлемі. Алаштың адастырмас темірқазығына айналған ұлы тұлғаның рухани келбеті бүгінде, осы заманда да тұтас ұлт болмысын айшықтап тұр. Олай

болса, Абай атамыз жаңа ғасыр биігінде де өміріміздің , рухани жаңғыруымыздың маңызды тірегі болады деп айта аламыз. Абай- поэзия әлеміне жаңа тың дүниелер қалдырған, қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен саясаткер, өз ұлтының жанашыры.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов ұлы ақынның дінге, адамгершілік қасиетке байланысты танымы, негізінен,«Алланың өзі де рас,сөзі де рас» өлеңіндегі пікірлерінен көрінеді дейді. Және Абайдың дін, тәрбие, адамшылық, әдеп жайлы ойларын қара сөздерінің ішінде 12,13,27,28,35,36,38,43,45-ші қара сөздеріндегі ойлары да толықтыра түсетінін айтады. Осы аталған қара сөздерін талдағанда, діни танымына байланысты ойларын түйіндегенде байқайтынымыз-ақын шығармаларындағы уағыздалатын мәселенің бәрін адамгершілікке тірейді. Сырттай қарағанда, ақын діншіл ойды әңгімелейтін көрінеді. Бірақ оның таратпақ болған негізгі ой желісі- әдеп және адамгершілік туралы. Абай-өзі өмір сүрген ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбиелеу, түзеу арқылы өзгертуге ұмтылған. Осы себепті ақын өзінің адамгершілік таным тұрғысынан өз қоғамындағы өмір сүруші жастардың адамгершілік негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Оның танымының мәні болған үш сүю (имани гүл) жайлы, яғни үшеуі деп отырғанымыз ақыл, қайрат, жүрек туралы ұстанатын өзекті ойын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» берілген тезистік ойы арқылы таратады.

Абай 17-сөздегі жүректің атқарар қызметін «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі жүректің тікелей баламасы ретінде берілетін әділет, шафғат сөздері арқылы да аңғартады. Осы танымын анығырақ әрі түсініктірек болсын дегендей қазақ қауымының әлеуметтік тұрмысынан нақтылы мысал келтіре отырып танытуға да ұмтылады:


Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа,

Алдың — жалын, артың — мұз,

Барар едің қай жаққа? —


дегендегі алдыңғы екеудің, яғни ақыл мен қайраттың соңғысыз яғни әділет, шафғатсыз қазақтың бойына біте қалған қасиеттер бола қалса, ол нәрсіз, дәмсіз, жеміссіз адамшылық сипаттан құр алақан қалдырар еді деп, өзінің зор адамгершілік идеалының мұнарасынан қарап баға беріп отыр

Данагөй ақын «Түзетпек едім заманды» деп өз арманы тұрғысынан жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуді мақсат етті. Осы жолда Абай әрбір жастың бойында қандай ізгі адами қасиеттер болу керектігін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқындап берді. Бұл өлеңді М.Әуезов «Абайдың бұл өлеңі- көп ойды қорытып айтқан, мағыналы және мәнді өлеңі » деп бекерге айтпаған. Осы өлеңде ақын көтеріп отырған басты мәселе- жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің болуы . Мәселен, Абайдың:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,-деген өлең сөздерінің ой төркініне назар аударсақ, ақын арнайы таңбалап сынап отырған өсек,өтірік, мақтаншақ ,еріншек, малшашпақ және осыларға қарсы қойылатын, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым жайлы мағынасы кең ұғымдардың тамыры тереңде жатыр. Бұл ұғымдардың табиғатын 7-ші қара сөзінде айтылған ойлармен салыстыра аламыз. Және де Абай баладағы адам болу талабы неден басталады деген сұраққа «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»,-деп жауап беретіні бар. Абай адам болам десеңіз деген талаптың алғы шарты- ғылымды меңгеруге ұмтылу талабында жатыр дейді. Абай ақынның асқан ойшылдығы, оның діни талғам-талабынан да айқын көрінеді

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас», - дейді. Бұл тұжырымға ол батыс, шығыс даналарының еңбектерін терең біліп, зерделеп барып келгені анық. 38-ші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді. Президентіміз Қ.Тоқаев Абай туралы мақаласында: «Біздің ойшыл, хакім Абай- әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға»,- деп көрсетті

Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келеді. Ондағы ең басты мәселенің бірі- адамның ақын,мінез жағынан пісіп жетілуі.

Абайда өз шығармаларында «адам болу» шарттарын қара сөздерімен қатар «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпазболма әрнеге» , « Адамның кейбір кездері» өлеңдерінде айқын атап өтеді. Оның адам болу жайлы ойлары өлеңдерінде айтылғанымен, оның негізгі пайымдаулары қара сөздерінде толықтай қарастырылады. Оның қара сөздерінде кездесетін «адам болу», «жарым адам», «адамның адамшылдығы», «толық адам», «толық инсаният» т.б. терминдерінен аңғарамыз.

Абай жас ұрпақтың толық адам болу жолында рухани діндар топтың қойып отырған бенделіктің кәмалаттығы деген ғұмырсыз кезқарасы ешбір ақыл сынына толмайтын, кісіні нандырар қисыны жоқтығын қазақ қоғамында баланың толық адам боп қалыптасуына залалын тигізетін нәрсе бала тәрбиеленетін әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерінен қиянатшыл болады деп қаралады. Мұндай ортада өскен бала бойына жаман қылықтарды ұялатуына байланысты тәрбие процесінде оны жөндеуге қаншалықты күш жұмсалса да, толық адам боп шығуы қиынға соғатындықтан: «Қиянатшыл балалар талапқа да, ғылымға да, ұстазға да... қиянатпен болады. Бұл қиянатшылдар жарым адам... Олардың адамшылығының кәмалат таппағы қиынның қиыны», — боп, тәрбие ырқына көнбей шырық бұза бермек. Осы себептен де Абай баланы қиянатшылдық әсерден жастайынан сақтап, әуел бастан-ақ оның бойына мейір-махаббатты, ізгілік, рахым, шафғатты молырақ сіңдіре беруге шешуші мән береді. Өмірдегі шындық пен қиянатшылдық бір-біріне қарама-қарсылықтағы жау құбылыстар. Жалпы оны адамшылық жолында әшкерелейді. Суфизм ағымында ғасырлар бойы уағыздалып, мадақталған бұл танымның емірсіздігін, «бенделіктің кәмәлаттығы әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тарихатка кірсе, дүние ойран болса керек... бұл жолдағылар қор болып кету каупі бар... ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұмыр өзі хақикат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмалат жоқ»,—деп, терең танымынан, сыншылдық кезқарастан туындайтын ой қорытындысын жасайды.

Абай 38-ші қара сөзінде адамның адам болып қалыптасуына үш түрлі себеп болады: яғни нәсілінен, әлеуметтік ортасынан және алған тәрбиесінен дейді. Және « адамның адамшылығы ақыл,ғылым, жақсы ана, жақсы құрбы,

жақсы ұстаздан болады» деп тұжырым жасайды.

Президентіміз Қ.Тоқаев «Абай мұрасы-біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деп, осындай данышпан ойларына сай айтса керек.

Абай ойының өзекті желісі- толық адам. Абай адамзат баласының бойында ұялауға тиіс ең асыл қасиеттерді атап өтеді. Олар: мейірім, рахым, әділет, шапағат, ар-ұят. Осы қасиеттердің әр адамның бойында болуын қалайды. Ол атақты, танымал «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде:

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға..
Әділет, шафқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға,-дейді. Және
17-қара сөзінде ақыл,қайрат туралы ойларын одан әрі түйіндейді.

Қазіргі біздің қоғамымыздағы адамдардың жауапкершіліктерінің жоқтығы, адамгершілік қасиеттерінің азаюы рухани жұтаңдықтарына байланысты деген пікірлер айтылуда. Осы күрделі мәселелердің шешімін ұлы Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. Ал «Толық адам» деп кімді айтамыз? «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity»түсінігіне сай келеді. Бұл- тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға тән сипаттама. Осы ұғымды Абай ХІХ ғасырда түсіндіріп айтты деген болатын Қ.Тоқаев Абай туралы мақаласында. Абай «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек» деп адамға ақыл, қайраттан басқа жылы жүректің де керек екенін айтады. Осы үш ұғымды үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл- қазақ халқының өмірлік қағидасы.

Осындай түсінікпен өмір сүрген халқымыз өзі қиын жағдайда отырып, басқа ұлттарға көмек қолын созып, бір тілім нанды бөліп жегенін білеміз. Бұл жөнінде Елбасымыз өз мақаласында келелі ойларын білдіреді. Және «Толық адам» туралы ақынның тұжырымдарын қайта зерделеуге шақырады.

Ал ұлы ақын толық адам ұғымының қазақ ортасындағы нақтылы бейнесін өзі үміт артқан баласы Әбдірахман бейнесі арқылы береді. Надандықтың шырмауында қалған туған халқын озық өнерлі елдер тобына жеткізудің басты құралы ғылым, өнер деп ұғынып, сол жолға саналы түрде ұмтылар жастардың бейнесін Әбіш арқылы береді. «Адам болам десеңіз» тезисіндеАбай әділет пен рахымды ерекше орынға қойып, осы асыл сипаттар Әбдірахман бойынан көптеп табылатынын айтады

Тура сөзді жақтаған,

Бала айтса хақ сөзді,

Бұрылмастан тоқтаған.

Аямаған кәріптен,

Қолдан келген көмекті...

Бөтен көзде көрсе жас,

Ойнаймын деп күлдіріп...

Дүниелікке көңіл тоқ,

Ағайынға бауырмал,—


дегендегі Әбдірахман тұлғасын сипаттауға қолданған қасиеттер Абай ғұмыр бойы аңсаған адамшылықтың асыл мұраттары жайындағы ой-пікірінің басты желілерін тұтас қамтығандай. Бұл болашақ ұрпақ бойында дәл осындай дәрежеде қасиеттер болуын армандаған; ақын мұратының асқақ жолы еді. «Адам болам десеңізге» сәйкес сипаттарды бойына ұялатқан Әбдірахман сынды шын мәніндегі толық адам болу қажет деген өзіндік ой қорытындысын ұсынады.. Менің ойымша, ақынның ой-тұжырымдарынан түйгенім, толық адам дегеніміз-интеллектісі жоғары, жүрегімен сезініп, биіктерге ұмтылатын адам.

«Толық адам» туралы Абайдың тұжырымдарын қайта зерделеуіміз керек. Шындап келгенде, бұл тұжырым өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы мәселелерінің негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін»,-деген Елбасы Қ.Тоқаевтың пікірі орынды айтылған және осы пікірге мен де толықтай қосыламын.

Биыл қазақтың маңдайына біткен жарық жүлдызы, ұлттық мақтанышы, Елбасымыз жаңа Қазақстанның ұлттық брендіне бағалаған Абай Құнанбайұлының туғанына -175 жыл. Осы орайда Президентіміз Қ.Тоқаев « Абай және ХХI ғасыр» атты мақаласын жариялап, ұлы ақынды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауға шақырдыЕлбасының бұл шешімін бәріміз бір кісідей құптап, Абайдың асыл мұрасын насихаттап, одан рухани нәр алуға тиіспіз.

« Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ ,айтқанын істесек ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» -деген Елбасымыздың сөзі әр уақытта жадымызда тұруы тиіс деп ойлаймын.

Ұлы Абайды ақындық пен адамдықтың кені де,

Ұлы Абайды білмесең сен, білмегенің еліңді.

Бұл дүниеден нені ұқтың, жас жүрегің не білді?

Ұлы Абайды сүймесең сен, сүймегенің еліңді,-деген

өлең жолдары ұлы Абайдың ұлылығын, даналығын танытса керек.

Абайдың ғибратты, саналы өмірі, мәні мен маңызын еш уақытта жоймайтын шынайы шығармалары- қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлем жұртына да үлгі-өнеге,зор тағылым.Ақынның асыл мұрасы-бүкіл адамзат баласының рухани азығы.Бұл турасында Президентіміз Қ.Тоқаев :«Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді.Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ,туған еліміздің әлем халқы алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.

Өркениетті елдер қазақтың бітім-болмысын, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық»-деген болатын Абайдай данышпан, ғұлама ақыны бар қазақ елі бақытты. Қазір әлем жұртшылығы Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай деңгейге жетуіміз керек. Ол үшін дана хакімнің шығармаларын шетелдіктерге өз дәрежесінде насихаттап, дәріптеуіміз керек .Өйткені қазақ халқы- Абайдың халқы .Қанша уақыт өтсе де Абайдың өсиет-өнегесі маңызын да, мәнін де жоймай бізді, Қазақстан халқын алға жетелей беретіні сөзсіз.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!