Материалдар / Абайдың достық туралы ойларын сабақта пайдаланудың ұлттық тәрбиеге ықпалы

Абайдың достық туралы ойларын сабақта пайдаланудың ұлттық тәрбиеге ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақынның мұралары туған халқы үшін сан рет басылса да, ескірмей, жалықтырмай, қайта жаңа қырларымен танылып, айшықтана түседі, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасып, нұрлана бермек.Заманында оза туған ұлы тұлғаның ойлары қазіргі кезеңде де өмірмен тікелей байланысты екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2018
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың достық туралы ойларын сабақта пайдаланудың ұлттық тәрбиеге ықпалы АБДИРОВА ГУЛСАРА МАМБЕТАЛИЕВНА Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп директоры Абай өлеңдеріндегі ынтымақ, бірлік, татулық, лебі адамгершілік қағидаларымен ұштасып жатады. Ақынның орыс халқының тілін, ғылымын, өнерін үйрен деуі ағаттық емес. Өз тіліңді ұмытпай, өзге тілді білгенге не жетсін. А.Құнанбаев шығармаларындағы ойшылдық қасиет осы күнге дейін барлығын таң қалдырып келген болатын.Мысалы, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі - ақымақтық» (18-сөзі), «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды» (24-сөзі) деп ойлылықпен айтылған даналық сөздеріне ешкім де таңданбас. Ақынның достық туралы пайымдаулары өлең шумақтарында да , қара сөздерінде де мол кездеседі.Біріңді ,қазақ, бірің досКөрмесең істің бәрі бос...(198 –б)Таласып босқа,Жау болып досқа,Қор болып, құрып барасың ...(138-б)Досыңа достық-қарыз іс,Дұшпаныңа әділ бол. (183-б)Туыстарың,достарың-бәрі екі ұшты,Сол себепті досыңнан дұшпан күшті . (292-б).Абай достықты адамгершілік арқылы танып біледі.Достықты танытатын-адамгершілік. Адам адамгершілікті ақылмен ойлап сыйластықты дамытады, бірлікті нығайтады, татулықты күшейтеді.Достық жолдастықтан басталады. Қазіргі таңда мектеп оқушыларына интернационалдық тәрбие берумен қатар, қарапайым достықтың негізін түсіндіру өте орынды. Еліміздегі түрлі ұлттар мен халықтардың бір-бірімен қарым- қатынасын жақсарту арқылы сыйластықта,татулықта, бірлікте, өзара түсіністікте өмір сүруіне негіз қалау-мектептен басталады.Егемен ел болған кезде ,алдымен, Шығыс халықтарының достығын нығайтуды ойластыру-басты міндет.Ел бірікпей, жер бірікпес, сыйласу түсіністіктен қуат алады.Халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз емес.Өз өлеңдерінде өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шыңдықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолындағы қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады.Ұлы ақынның мұралары туған халқы үшін сан рет басылса да, ескірмей, жалықтырмай, қайта жаңа қырларымен танылып, айшықтана түседі, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасып, нұрлана бермек.Заманында оза туған ұлы тұлғаның ойлары қазіргі кезеңде де өмірмен тікелей байланысты екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ