Материалдар / "Абайдың өмірі" Абайтану 9-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абайдың өмірі" Абайтану 9-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиет тілінің оқутыушысын вариативтік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2020
1531
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың жалпы мақсаты: ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың міндеті:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Электрондық оқулық

  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»



I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген.

Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдарғы зор жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — бу һәммаси

Мәдәт бер я шағири фәрияд.

Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұл шумақты қазақшаласақ, шамамен:

 

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — барлығың

Медет беріп жырыма,

Ақынның бағын жандырғын,— дегенге келеді. 12-13 жасар шәкірт ақындықтың күні аталған кісілердің аруағына сиынады (фариад), "ақындық (шағири) жолына демеп (мәдәт), қолдай көріңдер" дейді. Неткен ғажап, керемет десеңізші! Бұл жасөспірім Абайдың осынау ұлы ақындарды өз тілдерінде оқып, түсініп әрі дұрыс бағалай алғаны ғой.

Медреседегі оқуының соңғы жылында Абай өз бетімен 3 айдай орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Сондағы алған білімі кейін оның 35-40 жастарында орыс оқуына қайта оралып, тілін айтарлықтай жетік меңгеріп алуына негіз болады. Осының бәріне ол өздігінен талап қылу арқылы қол жеткізген. Балаларға арналған өлеңдерінде ұлы ұстаздың талаптануды адамның ең асыл қасиеттерінің бірі деп көрсетуі тегін емес.

Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, "жеті жұрттың тілін біліп", тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

"Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған... Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен...

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, "қарадан хан болған" айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, "өлеңшілдікті" бойына жарасты іске санамайды.

Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары "әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді" деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердін үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: "Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған", — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, "мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын" дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрагүл (баласы): "Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді", — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай "закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім" дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148 асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: "Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады" дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.



Үзінді

Беті

Пікір






Сабақты қорыту.

  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)

  6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)



Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!