Материалдар / Абайдың қара сөздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың қара сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттердің ойлау қабілеттілігін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Күні:14.09.2020

Пәні:Қзақ әдебиеті

Тобы:ФЛ-201

Оқытушы:Ахматкулова З.Х

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Он жетінші және отыз екінші қара сөзі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек пен ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсіндіру.
ә) Дамытушылық.
Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, бір - біріне түсіндіру арқылы шығармашылық жұмыс жүргізуге баулу.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, жерін сүюге, адамгершілік, адалдық сынды асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, рольге бөліп оқу, сөздікпен, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреттері, интерактивті тақта, қара сөздері (аудио түрінде жазылған)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу;
- Сынып тазалығы.

2. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, біз өткен сабақтарда Абай Құнанбаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстық. Үй тапсырмасын топтастыру арқылы тиянақтау.
Абай → ұлы ақын, сазгер, ағартушы, мысалшы, аудармашы

3. Жаңа сабақ. Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі
- Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып, “Он жетінші қарасөзді” меңгеру.

Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46 - шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тіліне аударылған.
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс (слайд арқылы көрсетіледі). Түсініксіз сөздерді дәптерлеріне жаздырту.
- Ғақлия - көркем, дана сөз
- ғибадат - құлшылық ету, сиыну
- мәдмәладқа жету - мақсатқа жету
- ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі.
- нәпсі - құмарлық
- залал - зиян
- күнәкәр - күнәлі болу

Топпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады. Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылады.
1 - топ: «Ақыл»
2 - топ: «Қайрат»
3 - топ: «Ғылым»
4 - топ: «Жүрек»
Тапсырма. Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады. 2 - оқушы түсінгенін мазмұндайды.

Дәлелде. Мұнда әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “ақыл” тобы ақылдың айтқанын, «қайрат» тобы қайраттың айтқанын, «жүрек» тобы жүректің айтқанын дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдеу.
Ал, “ғылым” тобы әр топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады.
Жаңа сабақты бекіту.
Сонымен, балалар, Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерді түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы

отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

Отыз екінші сөз. Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» - дейді.

III. Ойтолғаныс сатысы

· Ақын қарасөздерін оқу және талдау.

Отыз Екінші Сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.

Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,

ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді

білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил¹ болады. Сол рахат білгеніңді

берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар,

махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған

шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе,

білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолга түседі. Шала мейір шала

байқайды.

Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті² зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану³ жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық⁴, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —мұлахаза⁵, екінші — мұхафаза⁶. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде⁷ болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар⁸, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз

сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі

бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!