Материалдар / Абайдың қара сөздерін оқытудың әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың қара сөздерін оқытудың әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай –өз халқының мәдениеті мен әлеуметтік ой-пікірінің асқар шыңы. Ол қалдырған мұра біздің егеменді еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде сарқылмас қазына, рухани байлық болып табылады. Абай қарасөздерін оқыту арқылы егеменді еліміздің сөз құдіретін түсіне білуі, мәдениетті сөйлей алуы, ұрпақ жүрегіне адамгершілік дәнін егуді мақсат етеді. Мектеп табалдырығында оқып жүрген әрбір оқушы Абай шығармашылығымен сусындап, даналық ойларын бойына сіңіріп өседі. Ұлы данамыздың асыл сөздерін, мағынасы терең ойларын оқушы санасына жеткізіп, оны ұғындыру үшін әрбір ұстаз сабақты түрлендіру жолдарын іздейді. «Абайдың қара сөздерін оқытудың әдіс-тәсілдері» атты көмекші құралды шебер ұстаз әдіс-тәсілдері өзі сұрыптап, елеп-екшеп сабағына тиімдісін пайдалана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2023
246
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абайдың қара сөздерін оқытудың әдіс-тәсілдері» көмекші құралдың сабақ жоспары.

Авторы:Шакенова А.Р,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Абай –өз халқының мәдениеті мен әлеуметтік ой-пікірінің асқар шыңы. Ол қалдырған мұра біздің егеменді еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде сарқылмас қазына, рухани байлық болып табылады. Абай қарасөздерін оқыту арқылы егеменді еліміздің сөз құдіретін түсіне білуі, мәдениетті сөйлей алуы, ұрпақ жүрегіне адамгершілік дәнін егуді мақсат етеді. Мектеп табалдырығында оқып жүрген әрбір оқушы Абай шығармашылығымен сусындап, даналық ойларын бойына сіңіріп өседі. Ұлы данамыздың асыл сөздерін, мағынасы терең ойларын оқушы санасына жеткізіп, оны ұғындыру үшін әрбір ұстаз сабақты түрлендіру жолдарын іздейді. «Абайдың қара сөздерін оқытудың әдіс-тәсілдері» атты көмекші құралды шебер ұстаз әдіс-тәсілдері өзі сұрыптап, елеп-екшеп сабағына тиімдісін пайдалана алады.

Көмекші құралдың бір сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы:Абайдың қара сөздері.Кіріспе сабақ

Мақсаты:Абай Құнанбайұлының «Қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу

Міндеттері:Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау

- Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату

- Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу

- Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

- Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.

ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.


Жаңа сабақ. Ой қозғау, кластер әдісі

СТОҮ: Кластер әдісі

«Қара сөз деген не?» сұрағы аясында ой топтастыруын сұрайды. Shape1

Қара сөз



Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.
1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың? «Қар үйіндісі» әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушыларға қар кесектерін таратып, кезекпен жалғастыру арқылы қара сөздің мазмұнын айтуды тапсырады.
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай? «Егер, онда, өйткен» әдісі. Бұл әдіс арқылы қара сөздердің өмірде алатын орнын анықтауды тапсырады.
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

3 - топ тапсырмасы: берілген қарасөздердің түйінің талдау. «Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, қара сөзден проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.


Үлгі: 1 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген: Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ , баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.


Проблема cебептері

дәлел Қорытынды

Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».

5. Білімді бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?
6. Білімді бағалау.
Бағалау белгішелері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
7. Үй тапсырмасы.
Абайдың 2 - сөзін жатқа оқу.

Ой толғау «Синквейн» әдісі. Критериалды өзін-өзі бағалау.
Қорытынды.Оқушы Абай қарасөздерін оқып, талдап, жатқа айтып, түрлі проблемалық сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жұмыстар жасай отырып, өздеріне ғылыми-теориялық білім жинақтады, шешендікке, өз бетімен тұжырым жасап, ой қорытуға, қосымша ізденуге үйренеді. Сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығы арта түседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!