Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану пәнінен дәріс өткізетін ұстаздарға қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адам баласын заман өсіреді,

кімде-кім жаман болса,

замандасының бәрі виноват»

-деген қазақтың дара тұлғасы Абайдың сөзі бар.Иә, шынымен «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалдың өзі адамгершілік – адамның рухани байлығы екенін көрсетеді.Адамгершілік болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін қадам болып табылады.Ал, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруде ата-ананың, мектептің, баланың қарым-қатынас жасайтын ортасының рөлі үлкен.Қазір зерттеушілердің өзі баланың қалыптасуында оның қасындағы дос, жолдастарының, яғни ортасының ықпалының өте зор екендігін айтып жүр.Бірде мен орта жастағы адамның айналасындағыларға:«Қазіргі қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің адамгершілік қасиеттері азайған» , - деген сөзіне отыздар шамасындағы жас жігіттің :

Оған сіз де кінәлісіз, манадан бері , қазіргі жастар «анадай», «мынадай» деген сөздердің орнына қазақтың Абайының қара сөздерінен ғибратты ойлар айтсаңыз, тыңдаған адамдардың бірі болмаса, бірі ойланар еді, ойына алып қалған сөздерін келесіге айтар еді,-деп жауап қайтарғанда ,сөйлеп келе жатқан ол кісі үнсіз қалған еді.

Расымен , жас ұрпақтың дамуына жол көрсету, оның адамгершілік қасиетін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету, тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.Өйткені бүгінгі өмірдің болашағы – мектеп партасында отырған оқушылар.

Қайталанбас ірі тұлғалардың бірі Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде балаларды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп отырған.Әрбір қазақ баласы Абайдың қара сөздерін оқып шығуға міндетті деп санаймын.Себебі оны оқыған әрбір адам өзіне бір күш -қуат алады деп ойлаймын.

Данышпан Абай өзінің он жетінші қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтыстырып, әрқайсысының қадір-қасиетін өз ауыздарымен жеткізеді.Осы үш қасиет адамда болса ол «қасиетті адам» дейді.

Ал, жиырма сегізінші сөзінде Абай адам өз өмірінің тағдырын өзі шешуге тиіс екенін айтады.Ол: «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен» дейді.

Ал, отыз алтыншы сөзінде иман, ұят деген ұғымдардың бірлігін айтып, «ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы» деп тоқталды.

Он екінші сөзінде Абай иман арқылы адамгершілік табиғаты туралы өз ойын жеткізген.Ал, он бесінші сөзінде Абай адам алдымен өзін-өзі жөнге салып алуы керектігін айтады.Менің түсінгенім, Абай оқушы үнемі еңбектеніп , іздену үстінде болуы керек деген ой айтады.Егер әр бала ақыл- ойын дамытып , білім мен біліктілігін шыңдап отырса ғана жетістікке жетеді деген ой түйіндейді.

Абайдың қара сөздері бұл өмір тағылымы мен тәлімдік қырлары бар ерекше дүниелер болып табылады.Абайдың адамгершілік, мінез-құлық туралы өсиет, ғибратқа толы қара сөздері , яғни «он үшінші», «жиырмасыншы», «жиырма сегізінші», «отыз сегізінші» сөздерін оқыған әрбір азаматтың адамгершілігі жоғары болатыны сөзсіз.Себебі, Абайдың қара сөздерін оқу арқылы адамның ойына, ой-санасына жаңа серпіліс туып, оны мақсаткерлікке жұмылдырады.Әлем өркениетінің биік тұлғасы – Абайдың философиялық ой толғаулары болып табылатын «Қара сөздері» әрбір оқушыға , жалпы оқырман қауымға Абай әлеміне апаратын жолбасшы демекпін.Менің ойымша, әрбір қазақ баласы Абай шығармасын оқып, оның рухани игілігіне айналса, онда біздің айналамызда өз өміріне немқұрайлы қарайтын адамдар саны азайып, саналы, иманды адамдар көп болар еді.Иманды, адамгершілігі мол адамдар – ұлтымыздың өсіп-өркендеуіндегі сенімді қайраткерлер.Дара тұлға Абайдың «Он үшінші қара сөзіндегі» шын иман, дәстүрлі адамгершілік сенім иелері біздің ұлттық тұрпатымызды мәңгілік сақтаушылар, дамытушылар.

«Абай – ұлы ұстаз, көшбасшымыз ту алған.

Ракмет қазаққа осы Абайды туа алған.

Ол бір күн ғой жарқырап жарылқайын деп жұртты,

Шыңғыс тауда бір күні шыға келген тұманнан»,- деп Т.Молдағалиев жырлағандай, жастардың адамгершілік тәрбиесінің тереңдей, дами түсуінде Абай мұрасы шынайы ұстаным бағдары қызметін атқара беретініне кәміл сенемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі