Материалдар / "Абайдың қара сөздерінің білгірі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абайдың қара сөздерінің білгірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абайдың қара сөздерінің білгірі»


Тәрбие сағатының мақсаты: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау.


Тәрбие сағатының міндеттері:

а) Білімділік: Абай Құнанбаев тарихта алатын орны мен мұрасына қатысты жаңа ақпараттармен таныстыру. Тарихи сана қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімін дамыту. Қара сөздердің мазмұнын талдап, білімін қолдануға дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мәдениет пен өнерге баулу.


Тәрбие сағатының түрі: брейн-ринг.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Абай Құнанбаевтың портреттері, кітаптары, слайд, қанатты сөздер.


Тәрбие сағатының барысы:

Аталған жарыс оқушылар арасында өткізілді. Барлығы 3 топ қатысты. Топтар өздерін қысқаша таныстырып болған соң, жүргізушілер студенттерді ойын шарттарымен таныстырды.


1 тур

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.

Асыл сөзді көздесең, жаттап тоқы көңілге…»


«Тарихқа шолу».

Ойынның шарты: Бірінші турда Абай Құнанбаевтың өміріне шолу жасалып, қара сөздердің пайда болуы мен халық арасында таралуына қатысты сұрақтар қамтылады. Әрбір топқа кезекпен  сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

  1. Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдарын атаңыз. Жауабы: 1845-1904 жж.

  2. Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келді? Жауабы: Абай    Құнанбаев 1845  жылы бұрыңғы Семей уезі, Шынғыс болысында   (қазіргі Шығыс Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге  келген.

  3. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған уезді атаңыз. Жауабы: Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.

  4. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы   оқуға берген медресесі қалай аталды? Жауабы: Абайды   әкесі   он   жасында Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.

  5. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы қандай оқу мекемесіне қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды? Жауабы: «Приходская школа»

  6. Абайдың  қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш  Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көрді. Қай жылы? Жауабы: 1918 ж.

  7. Абайдың шығармалары алғаш рет 1909 жылы оның ұлы Тұрағұл мен туысы Кәкітайдың көмегімен басылып шықты. Қай қалада?Жауабы: Санкт-Петербург қаласында

  8. Абайдың қара сөздері қай жылы орыс тілінде «Художественная литература» («Көркем әдебиет») баспасында басылып шықты? Жауабы: 1945 ж.

  9. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі «Ғақлия» дүниеге келген жылдары? Жауабы: 1890-1898 жж. 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақалада «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайға аса жоғары баға берген қазақ зиялысының есімін атаңыз. Жауабы: Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады.

  10. «Ғақлия» дегеніміз не? Мағынасы қандай? Жауабы: Ғақлия – көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі, дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер, трактат. Ғақлия араб сөзі «дана сөз», «даналық маржан сөздер» деген ұғымды білдіреді.

  11. Абай Құнанбаев болыстық қызмет атқарды ма? (Толық жауап) Жауабы: 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады.

  12. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеуді бастаған қазақ зиялыларының есімдерін атаңыз. Жауабы:Әлихан БөкейхановАхмет БайтұрсынұлыМіржақып Дулатұлы

 

2 тур «Тест»

«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады»

                                                                               Абай

Ойынның шарты: Әрбір топқа тест тапсырмасын шешуге 7 мин. беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.


Тест тапсырмалары:

1. Тегінде, адам баласы адам баласынан қандай қасиеттермен озады?

А) ақыл, ар, кербездік, ғылым

В) ғылым, мінез, жігер, қайрат

C) талап, ғылым, ынсап, қанағат

D) ақыл, ғылым, ар, мінез

E) ұят, білім, жігер, арман

 2. «Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па?

А) Алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмау

В) Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ

C) Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады.

D) Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ

E) Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса…

 3. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең …

А) балаңа енші бер!

В) балаңды солдатқа бер!

C) балаңды оқыт, мал аяма!

D) балаңды асыра!

E) барлық жауап дұрыс

 

4. Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі?

А)жігерінің жоқтығы

В) жұмысының жоқтығы

C) мінезінің жоқтығы

D) ынтаның жоқтығы

E) күш-қуатының жоқтығы

 5. Бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Олар қандай мінез?

А) ар, жігердің болуы және елбасыға халықтың бағынуы

В) талап, қайрат, халықтың топ басына бағынуы

C) мінез, жігер, ел басы, топ басына халықтың бағынбауы

D) ел басы, топ басының болуы және оған халықтың бағынуы, арлылық, намысқорлық

E) пайдакүнемдік, намысқорлық

 

6. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Олар не нәрселер?

А) надандық, еріншектік, залымдық

В) надандық, мақтанқұмарлық, адамгершілік

С) еріншектік, залымдық, дұшпандық

D) араздық, еріншектік, жігерсіздік

Е) талапшыл, еріншектік, қанағатсыздық

 

Жауаптар:

1. Д 2. С 3. С 4. В 5. Д 6. А

3 тур «Ойлап тап»

«Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»

                                                                                                       Абай

Ойынның шарты: Топтар берілген қара сөз үзінділерін мұқият оқып, тыңдап Абайдың нешінші қара сөзі екенін анықтауы қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

Нешінші қара сөзде айтылған ой?

  1. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!

  Жауабы: Төртінші қара сөз

  1. Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді.

Жауабы:  Үшінші қара сөз

  1. Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді.

Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? – деді.

Ол айтты:

Толып жатыр, қазірет.

Бірінің атын аташы, – дейді.

Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, – деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.

Жауабы: 27 қара сөз

  1. «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
    «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

Жауабы: 29 қара сөз

  1. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Жауабы: 31 сөз

  1. Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?

Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абұйыр да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу – мақтан.


Жауабы: 42 қара сөз

 

4 тур «Сырын аш»

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез,

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз

Ойынның шарты: Топтарға Абайдың қара сөздерінен үзінділер беріледі. Солардың  мән-мазмұнын ашып көрсетулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

1) Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім.

Жауабы (бесінші сөз): Онысы – жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі – «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті»…

.. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен….

Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

2) «Өнер алды – бірлік, ырыс алды -тірлік» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз:

Жауабы: (алтыншы сөз) бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

3) Мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік дегенді қалай түсіндіресіз?

Жауабы: Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады

4) Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?

Жауабы: Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық, жамандық.

Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар.

 5 тур «Оратор» «Ақыл жан қуаты»

Ойынның шарты: Әрбір топтан Абайдың қара сөздерін студенттер жатқа айтатын болады. Әділ қазы мүшелері қорытындылап, ең көп ұпай жинаған жеңімпаз топты анықтайды.

Қорытынды: Ойын барысында ұпайлары ең көп топ жеңімпаз атанып, марапатталады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!