Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай."Ескендір " поэмасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Пәні: Қазақ әдебиеті |
Сыныбы: 9 «а» |
Оқыту тілі: қазақ тілінде |
Мерзімі:14.02.18 |
Сабақтың тақырыбы: |
Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы |
||
Сабақтың мақсаты: |
Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы туралы біліп, зерттеушілік диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. |
||
Сабақтың міндеттері: |
1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі
тақырыбы мен идеясын таныту. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен,
мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын
меңгерту. |
||
Сабақтың нәтижесі: |
1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді; 2. Абайдағы Ескендірдің келбеті туралы біледі; 3. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын біледі; 4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі. |
||
Сабақтың табыс критерийлері: |
1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері талдау, 2. Поэмадағы кейіпкерлердің образын аша біледі. 3. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады. 4. Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі. |
||
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ. Жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс. |
||
Сабақтың әдіс-тәсілдері: |
Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, т.б. |
||
Көрнекілігі: |
Тақырыпқа қатысты суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркер, |
||
Сабақта қолданылған құралдар: |
интербелсенді тақта, компьютер. |
||
Пән аралық байланыс: |
тарих, сурет |
||
Сабақтың барысы: |
40 минут
|
САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ |
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ |
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ |
Ұйымдастыру кезеңі |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1. Сәлемдесу. 2. Психологиялық дайындық. “Мен саған...” тренингін өткізу. |
1. Оқушылар дөңгеленіп шеңбер құрады, бір-бірлерімен амандасады. 2. “Мен саған...” тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді. |
|
|
|
І. Білу. |
Үй тапсырмасын тексеру.Сынақ 1. Абай: «Тегінде адам баласы,
адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», -
деп нешінші қара сөзінде жазды? А) 44 В) 43 С) 42 Д) 45 Е) 47 6. Абай оқыған медресе? А) 6 В) 7 С) 8 Д) 9 Е) 11 9. Абайдың немере інісі кім? А) Оспан В) Тәңірберді С) Шәкәрім Д) Абылай Е) Мағауия 10. Абай қай жылы дүниеден өтті? А) 1903 В) 1904 С) 1905 Д) 1906 Е) 1909 Топқа бөлініп алайық. Қағаз қиындыларымен бөлінеді. Абай тобы. Ақын, сазгер,аудармашы,қарасөз шебері,жазушы,композитор Ескендір тобы. Ашкөз,жауыз,қанішер,соғыс,тойымсыз,қатал, Аристотель тобы. Ғұлама, байсалды, әділ 2. «Миға шабуыл» әдісі. Мұхтар Әуезов былай деген: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» - Жақсы, балалар, Абайдың неше
поэмасы бар? |
Оқушылардың жауаптары:
Дұрыс жауаптарын табады. 1.С 2.Д 3.А 4.В 5.Д 6.А 7.С 8.В 9.С 10.В
- Абай поэмалары: "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі". "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады
|
ІІ. Түсіну. |
Видеоролик көрсетіледі. Топтық жұмыс. Абай тобы. 1. «Ескендір» поэмасы туралы. Шығыс ақындары Фирдоуси, Низами, Науаилардың суреттері көрсетіледі. - Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның
гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір».
«Ескендір» — поэмасы, зерттеушілердің пікірінше, 1900 – 1902 жылдар
аралығында жазылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың «Ескендір»
поэмасы назира түрінде Низамидың «Ескендір — намасының» негізінде
жазылған деген пікір айтылып келеді. - "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады.
Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский.» Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Александр заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Македонский жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Александрия Арийская (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Александрия Маргиланская (қазіргі Байрам Али) Бактра қаласының маңындағы Александрия, т.б. Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Аристотель тобы. Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие[2][3]. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды. Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құрды. Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті.Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель мұсылман ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар мұсылман перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды философиялық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз – түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын. |
Оқушылар интербелсенді тақтадан слайдты көреді.
- Ескендір-Зұлқарнайын - Александр Македонский – белгілі қолбасшы. |
ІІІ. Қолдану. |
Жеке жұмыс.
Тақтада жоспар рет-ретімен құрылмаған.Соны орнына қойып, дұрыс құрамыз. Поэма желісі бойынша жоспар
құру. |
Оқушылар поэманы жатқа айтады.
|
ІҮ. Талдау (анализ). |
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) -
Абай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру. Аристотельге мінездеме
беру: |
2) Венн диаграммасын қолданып, Ескендір мен Аристотельді салыстырады.
Оқушылар Аристотельдің поэмаға не үшін енгізілгені туралы ойланып жауап береді. |
Ү. Жинақтау (синтез). |
Ой толғау» стратегиясы. Оқушыларға «Өмір толғаныстары» тақырыбына 3 минуттық эссе жазады (7-8 сөйлем): Таразының ,қу бас сүйектің, алтын-күмістің суреті көрсетіледі. |
|
ҮІ. Бағалау. |
|
|
Үй тапсыр-масын беру |
- «Масғұт», «Әзім әңгімелері» поэмаларын оқу. - Мүмкіндігің келсе, поэма желісі бойынша сурет салу. |
|
Қоштасу |
- Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.
- Сау болыңыздар! |
|