"Абайла, балақай!" Ортаңғы тобына арналған ҰОҚ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абайла, балақай!" Ортаңғы тобына арналған ҰОҚ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы тобына арналған жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары. Балабақша тәрбиешілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші/Воспитатель: Қайырбаева А.М

Тақырыбы/ Тема: Абайла, балақай!

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Ересектермен әңгімелесу барасында берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу дағдыларын, есте сақтау және есту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача:

Көрнекі құралдар/ Используемый материал:

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: бағдаршам-светофор- traffic light


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім:

Ғажайып сәт. Аулаға жылап аю келеді.

Аю: Басым, қолым, аяғым барлық жерім қатты ауырып тұр. Маған көмек керек, көмектесіңіздерші.

Тәрбиеші: Ұялы телефонымен жедел жәрдемге қоңырау соғып дәрігерді көмекке шақырады. Ортаға дәрігер келеді, балалармен амандасады. Дәрігер жайласып отырады, басын шайқап: Маймағым, не болды, жасырмай айтшы өзің?

Дәрігер аюдың басын таңып, бет-аузын сүртеді.

Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды, жүріп бара жатқан машинаға жармастым. Бағдаршамға қарамай жүгірдім.

Тәрбиеші: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?

Аю: Кешіріңізші! Жолда жүру ережесін де бұзбаймын.

Тәрбиеші: Аюға жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Енді қонаққа жол полициясы келеді. Жол ережелері туралы айтып береді.

1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

2.Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт.

3. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

4. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

5. Мына белгі «Жаяу жүргіншілер өтетін» белгі. (пешеход)

6. Жолдан өткенде үлкендердің қолынан ұстап, жүгірмей өтеміз.

2.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жасыл көзі «жүр» дейді. 

Қызыл көзі «тұр» дейді 

Сары көзі «дайын бол» дейді. 

Бұл не? (Бағдаршам)

Тілдің үштұғырлығы: бағдаршам- светофор- traffic light

Енді қонаққа бағдаршам келеді. Бағдаршаммен бірге сергіту сәтін орындайды.

Қызыл жанады (қозғалмай тұрады.)

Сары (қол шапалақтайды,)

Жасыл жанады (орында тұрып жүреді.)

3.Дидактикалық ойын: «Жол белгілері»

Мақсаты: Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру. Жол белгілерін ажырата алуға үйрету.

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші қолындаңы кубикті бір балаға беріп, оны ортаға лақтыруды ұсынады. Бала қай белгі түссе сол белгіні атауы керек.

Аю: Жол жүру ережесін білдім, енді тәртіпті сақтап жүремін. Рақмет сендерге, сау болыңдар.

Дәрігер, бағдаршам, жол полициясы да рақметтерін айтып, қоштасып топтан шығып кетеді.

ІІІ.Қортынды бөлім:

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

  1. Бағдаршамның неше көзі бар?

  2. Жолдан қалай өтеміз?

  3. Жолда ойнауға бола ма екен?

Балаларды мадақтау


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелерді біледі;

Түсінуге тиіс / Иметь: Ересектермен әңгімелесу барасында берілген сұрақтарды түсінеді;

Істей білу керек / Уметь: Қарапайым жол ережелерін сақтауды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2020
662
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі