Материалдар / Абайтану 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайтану 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің 9 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
736
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұқар – Жырау аудандық білім беру бөлімі

«Керней жалпы орта білім беру тірек мектебі

ресурстық орталық)» КММ




Қарастырылды Келісілді Бекітемін

Әдістемелік бірлестік директордың ҒӘЖ «Керней ЖОББ тірек

отырысында бойынша орынбасары мектебі (ресурстық орталық)

Хаттама № ___ Абикеев К. Е _____ КММ нің директоры

«___» ____ 2017 ж «___» ____ 2017 ж Жумакаев А. К ______

Айбасова Г. М ___ «___» ____ 2016 ж







БАҒДАРЛАМА

«Абайтану»вариативті курсы

( 9 сынып 34сағат, аптасына 1сағаттан )

2017 – 2018 оқу жылы








Құрастырған:

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Абдильдина Р. М.















Қарағанды қаласы

Курс куәлігі


Сағат саны: аптасына 1 сағат; жалпы - 34 сағат.


Сынып

Күні

Пәні

Уақыты

1

9


Қазақ әдебиеті




Курсты оқытудың мақсаты:

ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.


Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5)ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6)ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету.










































Бағдарламада:

  • Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

  • ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

  • Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

  • Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас

өзгешелігі мен шеберлігін;

  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.



Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:

1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;

2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;

3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;

4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;

5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.




































Абайтану

9 сынып

(аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Сағат саны

Мазмұны

1

Абайдың өмірі


2

ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

2

ақынның халық даналығын тануы


1

халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы

3

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар


1

Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі

4

Абай және орыс әдебиеті


1

Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы

5

Абай және Пушкин





2

Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы

«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі

6

Абай және батыс әдебиеті


2

Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері

Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы

7

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы


1

Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

8

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы


2

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлер

9

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері


1

Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер

10

ақын шығармаларының басылымдары


1

ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар

11

«Ғылымға көңіл берсеңіз...»


1

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу

12

«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы


1

білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары

13

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі


1

жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі

14

«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі


1

ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы

15

«Он жетінші» қарасөзі


1

адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні

16

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі


1

Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары,

17

«Екінші» қарасөзінің идеясы


1

ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары

18

«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы


1

«Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі

19

«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті


1

ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы

20

«Он тоғызыншы» қарасөзі


1

Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы

21

«Отызыншы» қарасөзі


1

Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы

22

Абай әндерінің таралуы


1

ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні

23

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»


1

ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі

24

«Құлақтан кіріп бойды алар»


1

Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері

25

«Көзімнің қарасы»


1

Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері

26

«Айттым сәлем, қалам қас» әні


1

ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі

27

«Жиырма бесінші» қарасөзі


1

озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі

28

«Ескендір» поэмасы


2

поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы

ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты

29

Қорытынды


1


Жыл бойғы сағат саны 34



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!