Материалдар / Абайтану курсы туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайтану курсы туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Cабақтың тақырыбы: Абайтану курсы туралы түсінік Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру; 2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу; 3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2019
2347
24 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы: Абайтану курсы туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Абайтану арнаулы курсы

Түсінік хат

Мәдениеті жетіліп, ғылымы өрістеген қай халықты алсақ та, архив деректерін көзінің қарашығындай сақтап, тарихи шындықтар көзін аршып отыратын игі дәстүр бар. Осы санатқа қазақ халқы да иек артты.

Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолын тану процесі қазіргі қазақ әдебиетінің ілгері де өнімді саласына айналғаны хақ. Оған себеп поэзия пайғамбарының ұланғайыр әдеби мұрасы ұлтымыздың рухани әлеміндегі қайталанбас ғажайып құбылыс болуында жатыр.

А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында қалам тербеп, ой толғаған қалам иелерінің саны молығу үстінде. Абай мұрасы жыл сайын әр қырынан зерттеліп, абайтану тарихының беттеріне тізіліп жатыр. Әйтсе де ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде танып бағалау жұмысы көбінесе мерейтойлар тұстарында қарқындай өрістесе де, қалған уақыттарда үзіліп қап жататыны – бүкпесіз шындық. Бұған қарап, «Қазақтың бас ақынының» есімі мен еңбегі ел жадында көмескіленді дей алмаймыз. Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен қазақ әдебиетінің іргелі саласы абайтану барында ұлы ғұлама қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек. Осы бастаманы біз де мектеп оқушыларына «Абайтану» курсын оқыту арқылы жалғастыруды жөн деп тауып, арнайы басты тақырыптарды қамтып, бағдарламасын жасадық. «Абайтану» курсының мақсаты – ақынның өсиет-өнегеге, ақыл-білімге, пайым-парасатқа тұнған баға жетпес байлығы арқылы саналы, өрелі ұл-қызды, өмірі мен өлеңдері туралы жетік білетін абайтанушыларды, Абай мұрасының білгірлерін қалыптастыру.

 Міндеттері: 

Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;

Абайтанушы ғалымдар, Абай мұрасын тірнектеп зерттеушілер еңбегімен таныстыру,

Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;

Сан қырлы талант табиғатын ашу;

 

Күтілетін нәтиже: сан қырлы ғажайып ақынның, ой данасының мұраларын оқып-үйренген, саналы ой түйе білген, өлеңді мәнерлеп оқи алатын және көркем шығармадан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың шығуы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: «Қазақстан», 1996.-272

2. Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан.-Алматы «Жазушы» 1993

3. М.Әуезов Абайды білмек парыз ойлы жасқа –Алматы: «Санат» 1997 416 бет

4. Т.К.Жұртбай. Куйесің ,журек,Суйесің Алматы: «Санат» 2001 408бет

5. Абай жайлы сөз -Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы. «Өскемен» 1995

6. З.Ахметов. Абайдың ақындық әлемі

7. Д.Омаров. Абайтану. Алматы1995 18-21б

8. Абай. Шығармалар екі томдық жинағы Өлеңдер мен аудармалар.

                         Алматы «Жазушы» 2002

9. М.Мырзахметов . Абай жүрген ізбенен. Алматы: «Қазақстан»1985 172 бет

10.Ұ.Әбділдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан»1994 88б

11. Ә. Жиреншин .Абай. Алматы 1961

12. Т. Қожакеев. Абай – сатирик. Алматы: «Білім» 1970 30 бет

13. Абай. Нақыл сөздер 

   Алматы. «Көшпенділер» 2007ж 160 бет

14. Т. Әлімқұлов. Әдеби - сын зерттеу. Алматы: «Жазушы»1993ж 224 бет

15. Абай. Энциклопедия. 

Алматы: «Атамұра» 1995ж

16. Х. Шүйіншалин Абайдың қара сөздері 

17. Д. Досжан Абайдың тұқым тұяғы

18. Абай журналы

19. С. Өзбекұлы «Абай және адам құқы» Жеті жарғы Алматы. 1995 3 – 6 бет

20. Абайды оқы, таңырқа… - Алматы «Ана тілі» 199


ІІІ Үйге тапсырма: Абайтану курс туралы түсінік.

ІV Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!