А.Байтұрсынов - аудармашы, ғалым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Байтұрсынов - аудармашы, ғалым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғалым А. Байтұрсыновтың аудармашщылық жұмысы жөніндегі тың жаңалықтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ахмет Байтұрсынұлы - аудармашы,ғалым.

,

Дүйсембаева Г.Т. Педагог-зерттеуші

Бутагарина А.И. Педагаог-зерттеуші

ИбраеваМ.Д. Педагог-зерттеуші

16 жалпы білім беретін мектебі

Қостанай қаласы

Ғалым жайлы сөзімді өткен жылдың желтоқсан айында «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериялынан алған әсеріммен бастағым келеді. Сериял тың дүниелерге толы, (қуғында жүрсе де жазуын тоқтатпаған, отбасындағы жағдай, жұмысқа тұра алмай еден жуушы болуы, шәкірттерІнің сатқындығы, тергеушінің Ахметтің жағына шығып кетуі, сол сияқтЫ көріністерге куә болып, ішіңді ыза кернеп, ашудан булығып, «Мен не істеп жүрмін? деген сұрақты өзіңе он рет қойып, жауабына тұншығып бір деммен көретін фильм) қанық шыққан дүниенің бірі. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде мен үшін көп жаңалыққа толы, рухани дүниемді толықтырып, санама бір саңылау беріп, қаруын кезенген кеңес үкіметінің келеңсіз тұстарын тағы бір қырынан көруге мүмкіндік болды.

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, қазақ халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері жас кеңес үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың аудармашылығы мен ғалымдығы әдебиетіміздің алтын тұғыры.

А.Байтұрсынов еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интеллегенциясы қалыптаса бастағаны мәлім. Мақсаты айқын - қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келіп, Абайша айтқанда тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей орыстың мысалдарын аударып, қазақтың санасын оятуға бет бұрды.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,

- деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырды.

Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік, көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. А.Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.

... Ахметтің «Тіл құрал» ғылыми жұмысында да барлық жазбалар қазаққа түсінікті өз тілімізде берілген. Қолма-қол аударылған жоқ десем де болады. Оған дәлел фильмдегі мына сөз:

Ахмет әйелі Бадрисафадан «Предложение» деген сөзді қалай аударсам болады, деп сұрайды, сонда әйелі «предложение» ні мүмкін «ұсыныс» деп аударарсыз дейді. Ғалым Ахмет ойлана келе ұсыныстан гөрі сөйлеу келетін сияқты деп, ақыры «сөйлемге» кеп тоқталады. Осы сияқты мысалдар фильмнің мазмұнын ашып қана қоймай ғылымды қазақ дәстүріне сай қылып берген тұстарына куә боламыз.

Ахмет 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымды өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, синтаксистік құрылысын өзге тілдің әсерінен тазартуға тырыстым. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазды. Міне, осыдан тіл ғылымының атасы екенін, оның зерделеніп, зерттеліп, бізге жеткен сарқылмас қазына екенін мақтанышпен айта аламыз. Ахаң бірде өз естеліктерінде:

"...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым", - деп жазды.

да сондай жат көрінер, өйткені, бұл қазақтарда бұрын болмаған жаңа зат»

Сөз соңында, А.Байтұрсыновтың мына сөзі еріксіз ойға оралады: «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі». Сондықтан қаруымызды сайлап, ісімізді жүйелеп берген ғалым ізімен жүруге әрқашан да дайынбыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Байтұрсынұлы. Шығармалары: Алматы: «Өлке» баспасы 2013. 176 б., 201б.

2.Бес арыс. Алматы: Жалын, 1992ж.

3. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2236

4. https://sputnik.kz/20191124/Alash-Akhmet-Baytursynuly-12110067.html


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2024
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі