400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Абат-Байтақ кесенесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштер ,мен жәдігерлер көп кездеседі. Соның бірі Абат -Байтақ кесенесі. Кесене тарихын кесенеде зерттеу жұмыстарын жүргізен тұлғалар туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абат-Байтақ кесенесі















Тарихи  ескерткіштер

Қазақ даласы тарихи – мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Олар, көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріңдегі Айша бибі кесенесі, Жетісудағы Шоқан мемориалы, Алматы қаласындағы Абай ескерткіші, Абайдың туған жеріндегі Абай мен Шәкәрімге арналған мемориал, астана қаласындағы “ Бәйтерек” кешені , т.б. жатады.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Әрбір қалада, әрбір ауылда жергілікті ескерткіштер болып табылады. Мұндай ескерткіштер қалпына келтіріп отырады.

Батыс Қазақстандағы бірегей және сирек кездесетін сәулет өнерінің ескерткіші Абат-Байтақ Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Талдысай ауылының оңтүстік беткейінде он екі шақырым шамасында орналасқан. 
         Ескерткішті XIX ғасырда француз саяхатшысы Жозеф Кастанье ашқан, ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында белгілі зерттеуші М.Меңдіқұлов зерттеп, шамамен ХIII ғасырдың бас кезіндегі, Алтын Орда дәуіріне дейінгі қыпшақ ұлысының  Хорезммен тығыз байланыста болған уақыттың қалдырған мұрасы деп болжамдаған.
         Ескерткіш белгілі пәлсапашы Асан қайғының баласы Абат батырға арнап тұрғызылған. Бұл қабірден қазба жұмыстары кезінде үш адамның мүрдесі табылған. Байтақ - кең, шексіз деген мағына береді. Далалықта мұндай ғаламат құрылыстар негізінен хан төре тұқымы жерленген қабыр үстінен бой көтерген. Абат-Байтақ кесенесі маңында Қыз әулие бейіті бар.  Кесененің биіктігі – 14,5 метр, кезінде 16 метр болған. Күйдірілген  кірпішпен қаланған. Мұндай кесене бұрын Ұлы далада, Орта Азияда, Поволжье жақта, Әзірбайжанда болған. 
   Бұл кесене Сары Қобда өзенінің бұрынғы бассейні аумағында тұрғызылған. Сол кездегі заман ағымына сай бұл ескерткіштің алыстан келе жатқан жолаушыға жарқырап көрініп тұруы үшін төбесіне алтын жалатқан бояулармен өрнектер салынуы мүмкін деген болжам бар.
         Кесене құрылысы бірнеше жылдар бойы жүргізілген. Құрылысқа тек қана жергілікті материалдардан жасалған кірпіштер пайдаланылған.
XVIII-XIX ғасырларда кесене маңында көптеген адамдар жерленгенін түрлі үлгіде, өзгеше жасалған құлыптастардан байқауға болады. Олардың саны 200-ден асады. 
         Кесенеден 15-20 шақырым қашықтықтағы қорғандарды қазғанда шамамен XIII ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орда уақытының сирек жерлеу орындары табылады.
        
2007 жылы Абат-Байтақ кесенесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді.
 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.06.2018
991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі