Материалдар / Әбіш Кекілбаев 80 жылдығына эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбіш Кекілбаев 80 жылдығына эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбіш шығармаларымен жас ұстаздар мен оқушыларды таныстыра отырып,тәрбиеге көңіл бөлінсе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
499
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ізбен Ерлан Шаулекенұлы

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.


ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІ-ТӘРБИЕ КӨЗІ


2019 жылы қазан айында сайын дала төсінде дүркіреп,келелі ойдың иесі,көркемсөз шебері,өлкемнің ардақты ұлы –Әбіш Кекілбайұлының тойы өтті.Бұл мерейтой –күллі қазақ елінің мәдениеті мен өнерінің ,әлем әдебиетінің ,ұлт руханиятының ұланғайыр мерекесі.Әбіш ағаны құрметтеу,мерейтойын тойлау-барша Маңғыстаулықтардың өздерін шығармалары арқылы әлемге танытқан талантты ұлдарының алдындағы орындаған бір парызы .Әбіш ағаның өзі толғаған ой-толғамдарының бірі-«Бағалай білмегенге бақ тұрмайды,қуана білмегенге құт қонбайды». Сондықтан жақсысын Ұлықтағанға,дара таланттың елі үшін жасаған игі істерін бағалағанға не жетсін!Әбіш ағаның шығармаларымен қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі болған соң біршама таныспын,бірақ өзгелер сияқты баға бере алмаймын .Десе де аға туралы газет-журналдарда берілген лебіздер мен бағаларды,пікірлерді ,мақалаларды құныға оқимын.

«Сырт көз-сыншы»деген рас,Әбіш ағаның шығармаларына сын көзбен қараған ұлт сыншыларының оның бойындағы небір асыл қасиеттерді қалай дөп басып танығанына таңдана оқыдым.Бірде қолыма өлкеге белгілі көрнекті сәулетші ,әрі ақын Тоқтамыс Сайын Назарбекұлының осының 20жыл бұрын бұрын Әбіш ағаның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарған «Менің Әбішім» атты естелік кітапшасы түсті .Оқи отырып,балалық шақтан бірге өскен,бір-бірінен 1жас 27күн алшақтығы бар екі жас иесінің бір-біріне деген ағалық-інілік ,кісілік сезімін,құрметін,сыйластығын аңғардым.Естелікті оқи отырып,Әбіш ағаның мектептегі «Сапалы оқу» атты қабырға газетіне жазған сын өлеңінен-ақ, оның сол арқылы талай оқушыға әсер етіп,талай тұтастарының жүрегінде тәрбиешісіндей орын алғанын еріксіз мойындайсың.[2.13-бет]

Ал Әбіш ағаның жазушылық қызметінің бағасын сөз зергері,атақты жазушы Зейнолла Қабдолов Мұхтар Әуезовтың 100жыл мерейтойы кезіндегі Кекілбаев жасаған баяндама кезінде берген екен: «Мұхтар Әуезов қазақ әдебиеті деген арғымақтың алтын жалы болса,Әбіш Кекілбаев-сол арғымақтың күміс кекілі».Осы кезді Сайын аға былайша еске түсіреді:

«Япырым-ай,мына сөзді отырғандар түгел естіді ме екен? Естісе,түсінді ме екен? Түсінсе,тереңіне бойлай алар ма екен?»-деген қауіппен,облыс,Республика,шет ел адамдары қатысқан ұлы жиын алдында жаңағыдай баға алған досым үшін марқайып қалған едім» [2.41-бет]

Бұдан асқан баға бар ма?

Кезінде ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың дәрістерінен нәр алған Әбіш Кекілбаев-ғасырлар тереңінен келе жатырған сол ғұламалардың заңды жалғасы сияқты.Сол ғұламаның өз топырағымыздан шыққаны қандай қуаныш!

Ал ағаның шығармаларының қай-қайсысын алып оқысақ та нәрлі де сұлу сөздері сиқырлап алғандай тереңіне сүңги бересің .Маң даламды бауырлап жатқан бағзы ескерткіштерімнің қойны-қонышынан сыр ақтарғанда сырлы сөздерінен көз алдыңда әдемі сурет кино лентасындай жылжып жүре береді.

Осындай кездерде Ұлы Гетенің «....Ең бастысы,әлдебір нәрсені өте-мөте жақсы,терең білу және оны айналаңдағылардың бір де бірі тап өзіңдей етіп орындай алмайтындай дәрежеде атқара білу шарт»деген тұжырымы еріксіз еске түседі . [3.153-154бет]

Кемел ойдың иесі-Әбіш ағаның шығармаларын терең түсінуге талпынғандарға бұрынғы Маңғыстау облысының әкімі,Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың алғы сөзімен жарияланған жазушы Әбілхайыр Спанның «Заңғар»деп аталатын роман-эссесін оқыңыз дер едім.[1.3-бет]

Жазушының қай шығармасын оқысаңыз да әрқашанда автордың ел мен халық тағдырының ғажайып тамыршысы болып келе жатқанына көзіңіз анық жетеді.Жазушы шығармаларының көбіне оқиға орны ретінде өзі туған жері-Онды өңірін негіз еткен.Себебі,жазушы ең алдымен өзінің туған жерінің,елінің,халқының абыройы мен арожданының жаршысы,күрескері.Осы орайда, Әбіш ағаның жеделдес ағасы Лебен Сәдуақасұлына: «Алматыда қанша жыл тұрсам да,тегі жерсінбегенімнен болу керек,бұған келгенде қаламым кібіртіктей береді.Ал енді Ондыға ойыссам болды бар-ау,әрбір шиінің өзі сүмбідей сұлу сөз болып құйылады»деген сыр ұшығы еске түседі. [1.144-бет]

Туған жерге деген шексіз махаббат пен перзенттік құрмет пен парызды бұдан басқа қалай білдіруге болады?

Қазіргі кезеңде келер ұрпақтың тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды уақыттың өзі талап етеді .Ұрпағын ойламайтын халық жоқ .Онсыз өсіп- өну,ілгерілеу болмайды.Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды заманға сай өрнектеп,жаңғырту арқылы жас ұрпақ санасына құя беру керек.Осы орайда Әбіш шығармаларының берер ұлттық,халықтық тәрбиесі ерекше дер едім.

Әбіш аға шығармаларының барлығы патриоттың, шыншылдықтың, батылдықтың, шыдамдылықтың, қазақы салт-сананың, ең бастысы-адамгершіліктің үлкен үлгісі. Себебі, әрбір шығармасы бір-бір тәрбиелік шараға сұранып тұрғандай. Ал кейбір сөздерінен үлкен шешендікті,тапқырлықты,дәлділікті,ұтырлы жауапты танисың. С.Назарбекұлының естелік кітабында депутаттыққа үміткерлікке Баянауыл маңынан түскен Әбіш Кекілбаев сол елдің бір ақсақалының «Шырағым,өз еліңнен,өз жеріңнен неге дауысқа түспедің?»деген сұрағына:

«Тұлпарыңды танығың келсе,арғымақ қосқан жерге бар.Құлын кезінде көрмедім деп қайтара қоймас бағыңды,жігіттігіңді сынағың келсе,азамат өсірген елге бар,әкесімен табақтас болмадым деп сындыра қоймас сағыңды»деген,мен өз бағымды сынауға арғымақ қосып,азамат өсірген елге келіп тұрмын»деп жауап берді»,-деп келтіреді. [2.74-бет]

Әбіштің ең алғашқы тырнақалды туындысы,газетте жарияланған «Екпінді егін екпей ме?»мақаласынан-ақ қаршадай бала бойындағы батылдық пен қайсарлық көрінеді.Әр оқушы жазған,әрі кесек те сүбелі тақырыпты сөз еткен мұндай мақаланың баспасөз бетінде жариялануы Маңғыстау тарихында тұңғыш жай еді.Ал «Автомобиль»повесі елге тұңғыш келген автомобилдің жүргізушісі Жақан бейнесімен тартымды.Автор бұл шығармасын өзінің ауылдасы,екі жас үлкендігі бар,ауылда алғаш машина руліне отырған жиен ағасы Қобылан Зорановқа арнайды.Шығарма бала санасына таныс,бәрі де қызығатын мамандық жүргізушілік мамандығының тұңғыш ауыл санасына енуі туралы,бұл мамандықты жазушы Жақан кейіпкері арқылы«сөйлетеді».Осы шығармадағы ауыл адамдары арасындағы бір-біріне деген бауырмалдық пен адамгершілік мәселесі мақаланы оқыған жанның қай-қайсысын да бей-жай қалдырмасы анық.Бүгінгідей ақшаға жақындау кейбір замандастарымыздың қолы жеткен сәл жетістікке желігіп,туғанын ұмытып кетіп жатқандайын заманында,түсіне білсе,Жақанға қамқор болатын көксұр Елеместің бейнесі бірнеше адамды ойға қалдырар еді.

Ал Әбіш аға шығармаларындағы аналар бейнесі тір төбе. «Құс қанаты»хикаясындағы жалғызының тілеуі үстінде қартаятын «салп етек,шұбалаң жаулық қара кемпір», «Бір шоқ жидедегі» ошағына төсін сауып,қырқынан шықпаған баласын жесір қалған қайын-сіңлісі Зейнептің бауырына салып беретін жеңгесі-Жаңылдар арқылы тек қазақ әйелдеріне ғана тән бейне айқын көрінеді .

«Арғы-бергі әдебиетте қазақ әйелдерінің қасиеті қаншама айтылып,дәріптелсе де,тап осы Әбіш ағаның шығармасындай биікке көтерілгені сирек болар.Бар халықтың да әйелдері жақсы, бауырмал.Дегенмен,кесек,қимыл асқан бауырмалдық тек қазақ әйелдеріне ғана тән»-деп жерлес жазушымыз Әбілхайыр Спан Әбіш сомдаған әйелдер бейнесіне айырықша баға береді. [1.265-бет]

Әбіш ағаның студент кезінде жазған тырнақалды туындысы-«Аш бөрі»әңгімесі.Бұл туындыда жазушы жас та болса жағрапиялық дәлділікті қатаң сақтап,атақты сазгер,күйшінің өмірінен мол мәлімет беріп қана қоймай,оның «Алатау», «Сарыарқа» сияқты күйлерінің дәл аталған өңірде дүниеге келгенін қапысыз дәлелдесе, «Шыңырау»повесі-дарқан даладағы жаны жомарт,жақсылыққа жаны құмар жандардың есепсіз еңбегінің көрінісі.Повестежазушы сирек кездесетін ауыр кәсіптің адамдары –құдықшылар әулетінің өзі бір зерттеу мақаланың обьектісі десе болғандай.Бұл туралы Әбіш шығармаларын зерттеумен айналысып жүрген Жанбибі Дүйсенбаева атты ұстаз-әріптесіміз «Маңғыстауда құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты,суға қатысты сөздердің өзі бір үлкен энциклопедияға жүк боларлық »дейді. [4.20-бет]

Жазушы әңгімелерінен оның дархан даланы тамылжыта суреттейтін кемел суреткерлігін танисың.Мектепте болсын немесе тәрбие орындарында жазушының кез-келген шығармасын мысалға келтіріп,табиғаттың әсем суретін,пейзажын суреттеген туындысын мақтанышпен айта аласың. Жалпы жазушының прозасы қоғамда болатын неше түрлі өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырады.Халықтың өткені мен бүгінгісінің ажырамас бірлігін терең түсінуге көмектеседі.Мұндай әңгіме-шығармаларының бүгінгі таңда қоғам үрдісіне берер тәлім-тәрбиелік мәні ерекше болмақ.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болатындай»,ойымды түйіндесем:

Жазушы ағаның атамекені-Қазақстан,қазақтың дархан даласы болса,атакүлдігі-Маңғыстау.1960-жылдардың басында Қазақстанға келген бір мейман бұл ел туралы алған әсерін қойын дәптеріне «Әуезов.Байқоңыр.Маңғыстау»деген үш сөз түсірген екен. [1.269-бет]

Сондай құрметке ие Маңғыстаудан Әбіш Кекілбаевтай дана шыққаны біз үшін мақтаныш, қуаныш. Жазушының шығармаларын оқыту,біз үшін тәрбиелік-танымдық мәнін ұғындыруға ең қолайлы орын-әрине,орта мектептер мен арнаулы,жоғары оқу орындары.Сондықтан облысымыздың арнайы бір аудандары мен арнайы мектептерінде ғана жүретін «Әбіштану» сабағы барлық мектептің оқу бағдарламасына енгізілсе деймін. Өлкеміздегі педагогикалық оқу орындарының филология факултеттерінде «Әбіштану пәнінің әдістемесі» атты пән жүргізілсе ғой деген де арманым бар.Тек жазушының мерейтойы кезінде ғана өткізіліп қоймай, «Әбіш сабақтары» жылда өтетін дәстүрлі байқау ретінде жолға қойылса деп ойлаймын.Сонымен бірге оқытушылар мен мұғалімдер арасында Әбіш шығармаларынан тәрбиелік шаралар өткізіп,көркем сөздерінен мәнерлеп оқушылар сайыстарын шебер ұйымдастырғандарға «Әбіш Кекілбаев атындағы жүлде»тағайындалса деген ұсыныстарым бар...Жазушы шығармаларын оқыту арқылы қоғам дамуына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алсақ-Әбіш ағаның армандарының орындалағанының бұл да бір көрінісі дей келе,Әбіш ағаға деген құрметімді төмендегідей жыр-арнауымен жеткізгім келеді:

Даламның нарқасқасы жалындаған,

Ешкімге бас имеген,жалынбаған.

Ғалымның оқудамын еңбектерін

Мен үшін олар қамал алынбаған

Ел аузын бір өзіне қаратушы

Аңызын Маңғыстаудың таратушы.

Ағама сар даламның қазынасын

Сыбырлап кеткендейін жаратушы.

Елімнің азаматы,Алаш ұлы

Даламның ұранындай шығар үні

80 жасы салтанат құрған тұста

Есімін мақтан етсін әрбір ұлы.

Дара туған елімнің арысы ғой

Әр еңбегі қосады санама ой.

Маңғыстауы мақтанар Әбішімен

Баршаңызға қайырлы болсын тойы.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Әбілхайыр Спан. «Заңғар»роман-эссе.Алматы . «Нұрлы әлем» баспасы.2008жыл.

2.Тоқтамыс Сайын Назарбекұлы. «Менің Әбішім»Естелік.Алматы. « Қанағат-ҚС»баспасы.1999жыл.

3.Сайлаубек Жұмабек. «Халық тағдырының тамыршысы».

«Таңшолпан»журналы №1.2007 жыл,қаңтар.

4.Жанбибі Дүйсенбаева. «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы». «Арыс»баспасы.2007жыл






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!