Материалдар / “Әбу-насыр әл-Фараби және Абай Құнанбаев:ұлы тұлғалар арасындағы рухани сабақтастық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Әбу-насыр әл-Фараби және Абай Құнанбаев:ұлы тұлғалар арасындағы рухани сабақтастық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптың жалпы сипаттамасы. Ұлы Абайдың ғылыми мирастар деңгейін шырқау биікке көтерген Әл-Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де нәрлі тілі арқылы ұлы бабаның терең қағидалары саф алтын күйінде халқына жетті. Ия, Абай атамыздың құдіретті поэзиясы, мәні терең қара сөздері, әуезді әндері мен Әл-Фараби бабамыздың ғылымның әр саласына арналған көптеген трактаттары ұрпақтары үшін таптырмайтын құндылық деп білеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
466
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Shape1

Ғылыми жоба











Орындаған: Тоқназаров Данияр Пернебекович

Бағыты: Әл-Фараби және Абай Құнанбайев еңбектеріндегі бейбітшілік және келісім құндылықтары



Секциясы: Тарих

Тақырыбы: “Әбу-насыр әл-Фараби және Абай Құнанбаев:ұлы тұлғалар арасындағы рухани сабақтастық»

Жетекшісі: Бейсенбекова Ш.А.













Тараз қаласы

2022 жыл

Тараз қаласы №11 орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Тоқназаров Даниярдың

" Әбу-насыр әл-Фараби және

Абай Құнанбаев:ұлы тұлғалар

арасындағы рухани сабақтастық "

атты ғылыми жұмысына



ПІКІР


Бүгінгі күнде заман ағымымен өсіп келе жатқан жастар арасында көркем шығармалар мен әдеби туындыларды оқуға құлшыныс танытатын оқырмандар саны азайып бара жатқаны белгілі. Бірақ әлі де болса қазақ топырағынан жаралған ұлы ғұламалар Әл-Фараби мен Абай шығармаларының идеясын түсініп, оларды салыстыра біліп, одан жақсы әсер алып,өз өмірінде пайдаланып жүрген жастардың табылатындығы көңіл қуантады. Тоқназаров Данияр өзінің ғылыми зерттеу жұмысында Әл-Фарабидің трактаттарын, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін салыстыра зерттеу арқылы олардың тәрбиелік мәні мен мағынасын ашып көрсете білген. Ұлы ғұламалардың шығармаларын түсіне зерттеп, олардың ой-пікірлерін білу арқылы жастарға берер тағылымы мен тәрбиесін анықтаған. Ғұламалар шығармаларындағы сабақтастықты Абайдың қара сөздері мен Әл-Фарабидің еңбектеріне сараптама жасап,талдау арқылы жастардың санасына ұялайтындай мысалдарды келтіріп, дәлелдеген.

Ғылыми жоба жұмысымен айналысу барысында ол өзінің тіл шеберлігімен тиянақты, көркем әдеби стильді қолдана отырып,алған тақырыбын түсініп түйіндей білуі байқалады. Жұмыс нақты дәлелдермен жазылған. Данияр таңдап алған өлең жолдары мен, қара сөздері, трактаттардағы кейбір терең ойлар жастарды білімділікке, қарапайымдылыққа баулитын және өмір талабына сай тәрбиелі ұрпақ өсіп-жетілуіне үлесін тигізетінін талдап берген. Даниярдың зерттеген ғылыми жоба жұмысы одан әрі жалғасын табатынына сенім білдіремін.



Ғылыми кеңесші: Тарих ғылымының магистрі:

Юсупджанов Талғат Юсупджанұлы











Жетекшінің пікірі

Бұл ғылыми жобаны зерттеуде Тоқназаров Данияр "Әбу-насыр әл-Фараби және Абай Құнанбаев: ұлы тұлғалар арасындағы рухани сабақтастық" тақырыбындағы жұмысы жан-жақты қарастырылған. Қазіргі таңда көркем шығармалар мен әдеби туындыларды оқуға құлшыныс танытатын оқырмандар саны жастар арасында азайып бара жатқаны белгілі. Әйтсе де,қазақ топырағынан жаралған ұлы ғұламалар Әл-Фараби мен Абай шығармаларын ынталана оқып,идеясын дұрыс түсініп, оларды салыстыра біліп, одан жақсы әсер алып,өз өмірінде пайдаланып жүргендер де бар. Ұлы ғұламалар шығармаларына қызығып оқитын жастардың бар екеніне көз жеткізу бүгінгі күннің талабы. Соның нәтижесінде зерттеу жұмысы «Әл-Фараби және Абай шығармалары арасындағы сабақтастық» жайында болып отыр. Данияр өзінің ғылыми зерттеу жұмысында Әл-Фарабидің трактаттарын, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін көп оқып,ізденіп салыстыра зерттеуге көп еңбектенді. Соның нәтижесінде олардың тәрбиелік мәні мен мағынасын ашып көрсете білді. Ұлы ғұламалардың шығармаларын түсіне зерттеп, олардың ой-пікірлерін біліп, сол арқылы жастарға берер тағылымы мен тәрбиесін анықтады. Әр бөлімді кезең-кезеңге бөліп, түсінікті етіп өз ойын ашық білдірген. Ғұламалар шығармаларындағы сабақтастықты дәлелдеп, талдау үшін, еңбектеріне сараптама жасап, жастардың санасына ұялайтындай мысалдар таңдап, кітапханаларда көп отырып, қажетті мәліметтерді жинақтады.

Ғылыми жоба жұмысымен айналысу барысында ол өзінің тіл шеберлігімен тиянақты, көркем әдеби стильді қолдана отырып,алған тақырыбын түсініп түйіндей алды. Жұмысты нақты дәлелдермен жаза білді. Данияр таңдап алған Әл-Фарабидің трактаттары, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, кейбір терең ойлар жастарды білімділікке, қарапайымдылыққа баулиды және өмір талабына сай тәрбиелі ұрпақ өсіп-жетілуіне үлесін тигізеді. Міне, осы мәселені Данияр өзінің жұмысында зерттей білгендіктен, жұмыстың одан әрі жалғасын табатынына сенім білдіре отырып, бұл жұмысты ғылыми жобаға ұсынамын.


Жетекшісі: Бейсенбекова Шарипа Асановна

Мазмұны

Кіріспе………………………………………..............................................

5



І.1. Тақырыптың жалпы сипаттамасы...................................................

5

І.2. Тақырыптың өзектілігі....................................................................

5

І.3. Ғылыми жұмыстың нысаны...........................................................

І.4. Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері................................

6

6


ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ


ІІ.2.1. Әл – Фараби және Абай шығармалары арасындағы сабақтастық..

7

ІІ.2.2 Әл-Фараби мен Абайдың философиялық дүниетанымы..................

ІІ.2.3Азаматтану курсында Абай мен әл-Фараби мұраларының оқытылу ерекшелігі...................................................................................................

9


16


Қорытынды...............................................................................................

Қосымшалар..........................................................................................


20

22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер........................................................

24


























КІРІСПЕ

Тақырыптың жалпы сипаттамасы. Ұлы Абайдың ғылыми мирастар деңгейін шырқау биікке көтерген Әл-Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де нәрлі тілі арқылы ұлы бабаның терең қағидалары саф алтын күйінде халқына жетті. Ия, Абай атамыздың құдіретті поэзиясы, мәні терең қара сөздері, әуезді әндері мен Әл-Фараби бабамыздың ғылымның әр саласына арналған көптеген трактаттары ұрпақтары үшін таптырмайтын құндылық деп білеміз.

Әбу- насыр Әл-Фараби ұлы, ақын, көп қырлы ғұлама-ғалым, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Ал біздің заманымызда оған жақын, рухани сабақтас адам деп,Мағжан Жұмабаев жырлағандай:

Шын хакім сөзінің асыл баға жетпес,

Бір сөзінің мың жыл жүрсе дәмі кетпес,

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес,-

деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты айтар едік. Ұлы адамдар мың жылда дүниеге бір-ақ рет келеді дегендей, қазақ топырағынан шыққан екі ойшыл данышпанның арасы да мың жыл шамасы.

«Мың жыл бұрын Әл-Фарабидің кіндік қаны Отырарда – Сыр топырағына тамса, Абай бола қойған жоқ қой. Сондықтан да олардың ата – тегін айтқанда, даналардың бойына ана сүтімен дарыған табиғи дарын ұқсастығын тілге тиек еткен жөн сияқты»,- деп жазады Ақжан әл-Машани.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев өзінің «Абай туралы сөз» атты кітабында «Өзгеше тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын, заман талабына сай еңбек етіп, сауданы меңгеру керектігін бірінші айтқан Абай. Яғни, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған – Абай», - деп айтуында үлкен мән бар. Өйткені ақын сауда қазақ халқының феодалдық тұйықтықтан шығып, елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына зор ықпал ететінін өз өлеңдерімен қара сөздерінде терең сипаттай білді.

«...Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер

Диқаншылар жер жыртып, егін егер,

Шаруаның біреуі екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер...»

«Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерші – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады. (Отыз үшінші қара сөзі).

Тақырыптың өзектілігі. Абайдың ғылыми мұраларын Әл-Фараби ілімімен байланыстыра салыстырып, ұлы ойшылдар даналықтарының арасын жалғастыратын дәйектер тауып, оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсету, дәстүр жалғастығының бірі болып саналады.

Абай шығармаларын әл – Фараби трактаттарымен салыстырып, байытып қарап, сарапқа салғанда, көптеген ортақ жәйттер мен ой пікірлерге тап боламыз. Әсіресе, даналарымыздың ғылыми – педагогикалық, философиялық, діни- ағартушылық, тәлім-тәрбие бағыттары мен әдебиет және өнер т.б салалардағы төркіндес, тектес, жақын келетін, бірін-бірі толықтыратын ойлары мысал бола алады. Олардың педагогикалық, тәлім-тәрбиелік мазмұндағы байланысы, тамырластығы төңірегінде сөз қозғаудың маңызы жоғары.

Ғылыми жұмыстың нысаны ретінде Әл-Фараби еңбектері мен Абай шығармалары негізге алынды. Жұмысты орындау барысында әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында маңызды ой айтқан Қазақстан мен орыс ғалымдарының теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Атап айтсақ, А. Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов,З. Қабдолов, З.Ахметов, А.Машанов, Х.Сүйіншәлиев т.б. қазақтың көрнекті ғалымдарының Әл-Фараби мен Абай туралы ой- пікірлері мен зерттеулері ескеріледі.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әл-Фараби мен Абай сынды қос ғұламаны жеке тұлға ретінде таныту және олардың шығармаларындағы даналық ойлардың мазмұнын ашып, салыстыру мәселесі жұмыстың мақсатына жатады.

Ғылыми жұмыстың міндеттері.

-ұлы ойшылардың өскен ортасы мен шығармашылық жолдарын қарастыру;

-ұлы бабаларды жеке тұлға ретінде таныту;

- даналарымыздың шығармаларындағы ғылым-білім, әдебиет және өнер жайлы көзқарас ұқсастықтарын салыстыру;

-ұлылардың дін хақындағы ой-толғамдарын бағамдау;

-ойшылдардың «толық адам», «кемелденген адам», «жан туралы» пікірлерін жан- жақты салыстыра отырып, сабақтастық тұрғыдан ғылыми негіз жасау.




















НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1. Ұлы ұстаздар шығармаларындағы ғылым - білім, әдебиет және өнер саласындағы көзқарас ұқтастығы

Арысы түркі, берісі қазақ топырағының түлектері саналатын, екі ұлыстын, екі арыстың – ұлы хакімдер Абай мен Әл-Фарабидің рухани, идеялық, ағартушылық қарым-қатынастарын терең зерттеудің көкейкестілігі кейінгі кезде дұрыс айтылып, күн тәртібіне қойыла бастады. Бұл — табиғи, заңды талап, өйткені араларын мың жылдай уақыт алып жатқан бұл екі данышпанды біріктіретін, іліктестіретін өзекті желілер аз емес. Бұлардың бірі мұсылман мәдениетінің, Шығыс мәдениетінің көшбасшысы болса, екіншісіне оны аяқтаушы міндеті тарихи несіп болып еді.

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің этикалык ойлауының бастауы сұлулық пен бақытқа адамның жетуі…». Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді», — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын. Сөз жоқ, Әл-Фараби де Абай да заманының озық ойлы, оқымыстылары болған. Олар өз халқының тағдырын бірінші орынға қойып, елін, жұртын оқуға, білім – ғылымға, адамзат өркениетінің жетістіктеріне иек артуға шақырды және де осыны өз өмірлерінің ең өзекті мұратына айналдырды.

Әл – Фарабидің ғылыми – философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы – оқымысты.

Әл-Фараби де, Абай да – ең әуелі ұстаз, ағартушылар, олардың бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Әл-Фараби адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтса, Абай толық кемел адам тәрбиелеп шығару мақсатын көздеген.

Абай мен Әл-Фарабидің педагогикалық жүйелерінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бірін-бірі толықтырушы, ажырамас, диалектикалық бірлікте және олар адамзат қауымдастығымен қабыстырыла қарастырылады. Әл- Фарабидің айтуы бойынша, адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізі құрал ретінде мінез-құлық, мораль және ақыл-ой, интеллектуалды тәрбие мәселелеріне шешуші мән береді. « Біз жақсы мінез - құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде, олардың арқасында бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз», - дейді ұлы ұстаз.

Осы орайды Абай атамыздың мына сөздері еріксіз еске түсе

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!