ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Оштанова Гулнур
Шалқарқызы
Жуалы ауданы, №25 Ақтөбе тірек мектебі
(РО)
Физика пәнінің мұғалімі
Орта ғасырдағы араб философиясының қалыптасуы мен
дамуы Әл-Фараби есімімен тікелей байланысты.
Көрнекті ойшыл, өзінің замандастары арасындағы ең
ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі
Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Білімі мен
сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атанған ғұлама астрономия
мен медицина туралы трактаттар, психология мен педагогика
негіздері, логика, құқық және музыка туралы көптеген еңбектер
жазды. Отырар кітапханасының пайда болуы мен ең көне кітаптар
жинағының құрылуы Әл-Фарабидің есімімен байланысты болуы да ғажап
емес.
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның
150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттары бар. Ғылыми
еңбектерінің ішіндегі ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Ал атақты «Музыка туралы
үлкен трактат» шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған.
Платон мен Аристотель философиясындағы идеяларға
арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым
екендігін әрі философия пәнін терең меңгергендігінің айғағы.
«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы»,
«Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «»Бақытқа жету»
сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектерінде дүние, қоғам,
мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған
пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің дидактикасында «Музыканың ұлы
кітабы» еңбегінің алатын орны үлкен: бұл еңбек музыка сияқты аса
қиын да күрделі ғылымды методикалық жағынан шеберлікпен қиюын тауып
құрудың қазіргі күнге дейін мәнін жоймаған тамаша үлгісі болып
табылады. Автордың дидактикалық үлкен бір жаңалығы бұл оқулыққа
музыка ғылымының методологиялық, методикалық, тарихи мәселелерін
қамтыған үлкен кіріспе тарауын беру болып табылады.
Әбу Насыр
әл-Фараби ғылымы фәлсафа, логика сияқты салаларының ірге тасын
қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере
отырып олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез
жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математикада үлкен
жаңалықтар ашқан, астраномияда кесек-кесек еңбектер қалдырған,
физика ғылымын тың ойларымен байытқан. Жаратылыстану ғылымының
медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша
күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек
оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған.
Әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» трактатының ғылым тарихында
алатын орны ерекше. Бұл кітап мыныдай бес тараудан
тұрады:
1. Тіл білімі
және оның тараулары;
2. Логика және
оның тараулары;
3. Математика,
яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия,
музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі
ғылым;
4. Физика мен
метафизика және оның тараулары;
5. Азаматтық
ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін
ғылымы).
Тіл
білімі. Фараби
тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес және қарапайым сөздер мен
сөйлемдер туралы; мәнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері
жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу, шайырлық туралы ғылым
немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас және поэзия болып үшке
бөлінеді.
Логика. Фарабидің анықтауы бойынша логика –
ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында
адам өзінің ойлау әрекетін тәрбиелей алады, өзінің ойын анықтап
айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында
логикалық қателер жіберуден аулақ
болады.
Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика
ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті
тарауға бөлген. Арифметика, яғни сан туралы ғылым. Оған практикалық
және теориялық арифметика деп айрықша мән берді. Фарабидің
түсіндіруі бойынша сан объективті ақиқат нәрселердің
сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға»
болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті
қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік
түсінік.
Геометрия. Бұл
ғылымның мазмұны мен мәнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды:
Геометрия екі ғылымды біріктіреді – біріншісі – практикалық
геометрия, екіншісі – теориялық геометрия. Практикалық геометрия
сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер
өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде
қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың,
геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен
теңсіздігін, олардың түрлері, реті және басқа осыларға байланысты
барлық нәрселерді зерттейді.
Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша математикаға
оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: «Оптикада
геометрия тәріздес форма, шама, рет, тәртіп, орын, теңдік,
теңсіздік т.б. нарселерді қарастырады». Оптиканың мәні мен ақиқат,
анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дәлелдеу
жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін
болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін,
яғни қарастырылып отырған нәрсенің мөлшері, формасы, орны,
құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін әдіс айлалардың түрлері
көрсетіледі.
Астраномия.
«Астраномия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, – деді ғалым.
Олардың біреуі – жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта
не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан және өткенде болған
оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі – математикалық астраномия.
Астраномияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына
жатады, ал қабілет – өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам
болжамдай алады; мәселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша
жорамалдау, бал ашу т.б. қабілеттер». Жаратылыстану мен
метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша физика, яғни жаратылыстану –
табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы,
табиғи денелерге тән акциденциялар туралы, табиғи деректер мен
элементтердің өзара әсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың
жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді. Әл-Фараби –
педагогика тарихында алатын үлкен орны бар асқан дидакт методист,
ғұлама болған адам. Ғұламаның бұл саладағы мұралары сұрыптап,
қазіргі педагогика игілігіне – абзал міндеттердің
бірі.
Ортағасырлар
заманында ғұмыр кешіп, әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым Әл
Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары ,
әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары да бүгінгі қоғам үшін де
айрықша маңызды. Әл-Фарабидің еңбектерінің ауқымы сол заманның
материалдық жағдайы мен қоғамдық-саяси құрылысына байланысты болса
да, өзінің өміршеңдігімен Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси және
рухани дүниесінің талаптарына толық жауап
береді.
Түйіндеп
айтқанда, Әл-Фарабидің ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі
шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық,қоғамдық
этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани
құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы
өркениет философы Әбу-насыр әл-Фарабидың рухани әлемі – адамзат
өркениеті мен рухани құндылықтарының биік
шыңы.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Отырар.
Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы,
2005 ISBN
9965-17-272-2
2. Әл-Фараби және оның рухани
мұрасы. http://elibrary.kaznu.kz/kk/node/
3. https://kazislam.kz/abu-nasyr-al-farabidi-adebi-ylymi-m-rasy/?lang=ru
4. Каренов
Р.С. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі,
шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан
үлесі. Қарағанды университетiнiң
хабаршысы. https://articlekz.com/kk/artic
5. Әл-Фарабидің нақыл
сөздері. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/15755