Материалдар / Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын оқытудағы инновациялық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын оқытудағы инновациялық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ислам дәуір әдебетін оқытуда қолдануға болатын иннавациялық технологиялар қамтылған, студенттерге және мұғалімдерге оқуға кеңес беремін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Шілде 2022
276
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын оқытудағы инновациялық технологиялар



«Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекеті» [10. 37].

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.

Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Әдіс (грек сөзі – шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Оқушылардың ұлттық тұлғадағы азамат болып қалыптасу сатылары тек Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларының мазмұнын меңгертіп қана қоймай, шығармаларының мәнін қоршаған ортамен, өмірмен, түрлі жағдаяттармен салыстыра қарап, өзіндік сараптама жасай білулеріне жол ашуы тиіс.

Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын әр қырынан зерттеп, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгере отырып, сабақ берудің жаңа формаларын, көркем шығармаларды талдаудың тың әдіс-тәсілдерін үйрену, осы арқылы жастардың адами болмыстарының қалыптасуына жол ашу – бүгінгі заман талабы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған, инновациялық дамыту жолдарын, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген [11. 5].

Олай болса, оқытудағы «инновациялық технологиялар» ұғымының мәнін ашып алсақ. «Инновация» ұғымы педагогика ғылымымен жасасып келеді деуге болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп отырады. «Инновация» ұғымы әр елде әртүрлі түсіндіріліп, ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Осы ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар – М.М.Поташкин, А.С.Доренсов, В.И.Днепрова, В.С.Лазерева, П.И.Третьякова, Н.Нұрахметов, Ш.Таубаева, Қ.Құдайбергенов, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. «инновация» ұғымына «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс-тәсілдер» деп түсіндіріп берген. Инновациялық үрдіс дегеніміз – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсінудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [12. 14].

Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист Й.Шумпетер болып табылады, олар бұл қағидаларды әлеуметтік-экономикалық және технологиялық процестерге байланысты қолданған. Бүгінде ғылыми зерттеулерде әдіснамалық тұрғыдан қатынастың әртүрлігіне байланысты «инновация» түрліше анықталады. Көптеген ғалымдар, әсіресе шетел ғалымдары (Н.Мончев, И.Перлаки, Д.В.Хартман, Э.Менсфилд, Р.Фостер, Б.Твисс, Й.Шумпетер, Э.Роджерс т.б.) бұл ұғымды өз зерттеулерінің объектісі мен пәніне байланысты тұжырымдайды. Мәселен, Б.Твисс инновацияны жаңалық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын процесс ретінде анықтайды. Ф.Никсон инновацияны – бұл нарыққа жаңа және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен құрал-жабдықтардың пайда болуына алып келетін техникалық, өндірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы деп есептейді. Й.Шумпетер инновацияны кәсіптік рухпен шыңдалған өндірістік факторлардың ғылыми-ұйымдастырылған құрамасы ретінде тұжырымдайды.

80-жылдардан бастап, білім беру саласында дәстүрлі оқудың өміршеңдігі жайлы көптеген зиялы педагогтардың көкейінде күмән пайда болды.Соған орай Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, т.б. жаңа толқындағы, жаңа ұстанымдағы бір топ жаңашыл педагогтардың тәжірибелері мен теориясы өмірге келді. Ал 90-жылдардан бастап, оқудың, оқытудың жүйесі, технологиясы, іс-қимылы қолға алынып, К.Я.Вазинадан, Рeспубликаның Орталық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізген барлық курстары мен семинарларына қатысып, одан меңгерген біліми-ғылыми жаңалықтарымызды тәжірибемізге батыл енгіздік.

Оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі ХХ ғасырда педагогика ғылымында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан алынып зерттелді. В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, С.М.Құсайинов, Г.Нұрғалиева, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова, С.Мирсеитова т.б. ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті [11. 62].

Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында әдебиеттің оқытылу ерекшеліктеріне көңіл бөліп келе жатқан әдіскер–ғалымдар Қ.Бітібаева, Е.Жұматаева, Т.Жұмажанова, Ғ.Акманова т.б. ғалымдар еңбек етіп келеді.

Әдебиет - өнер туындысы, әдебиет сабағы – өнер сабағы. Олай болса, мұғалім өнерді, өнер иесі жазушыны сөйлете білі кажет. Бала тілі оқу, ойлау, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ахмет Байтұрсыновтын пікірінше «Өз алдына ел болуға өзіндік тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алады», - деген болатын. Ғ.Мұстафин: «Шығармашылық жұмыс- ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек»,- деген екен. Сондықтан әрбір сабақ мұғалімнің үлкен еңбекті, ізденісті, шығармашылық пен жауапкершілікті талап етеді.

Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек екендігі белгілі.

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп жатқандықтан, қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, әдіс тәсілдерді жетілдіру қолға алынып келеді.

Жаңа оқу технологиялары: дебат, ойын технологиясы, сын тұрғысынан оқыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.

І саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.

ІІ саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

ІІІ саты – оқушының қызығушылығын ояту. Әр мұғалім өзіндік ерекшеліктері арқылы оқушылармен етене жұмыс жасап қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қиялын дамытуды негізгі мақсат етіп алады. Мұғалім әдебиет сабағында жаңа технологияларды үнемі ізденімпаздықпен қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Әдеби шығармаларды оқыта отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу, тұлғалық дамуына ықпал етуді көздейді.

Біз зерттеу нысанына алып отырған ислам әдебиеті мектепте 6 және 8 сыныптарда ғана оқытылады. Атап айтқанда орта мектептің 6-сыныбында

1. Ислам әдебиеті – 1 сағат

2. Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаяны және «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» - 1 сағат.

3. Ахмет Яссауи. «Даналық кітабындағы өмірдің мәні, ақиқа туралы тұжырымдар»

Мектеп бағдарламасында 6 және 8 сыныпта ислам әдебиеті 1-2 сағаттан оқытылады. Барлығы мектеп бағдарламасында - 3 сағат берілген.

Ендеше орта мектепте Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын оқыту барысында ақындардың өмірі мен шығармашылығын оқыту үшін қолданыла алатын жаңа технологияларға тоқталып өтсек. Мәселен:

- деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын;

- «Педагогикалық шеберхана» технологиясын;

- М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын;

- сыни тұрғыдан оқыту технологиясын;

- дамыта оқыту технологиясын;

- сатылай оқыту технологиясын;

- «Тәй-тәй» (Step by Step) технологиясын;

- Проблемалық оқыту жолдарын;

- В.Ф.Шаталовтың тірек-сызбалар технологиясын т.б. қолдана аламыз.

Орта мектепте Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығын оқытуды мақсат ететін алғашқы сабақта ислам әдебиеті ұғымын түсіндіруді басты назарда ұстауымыз қажет.

Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын бойынша меңгерілетін ақпараттық-деректік мәліметтерді оқытуда аталған технологиялардың әрқайсысы өзінше тиімді болып саналады.

Мысалы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармаларының текстологиясын оқытуда, «Педагогикалық шеберхана» технологиясын Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауидің мәнді сөздерін оқытуда қолдана аламыз. Сонымен қатар, М.Жанпейісованың «Модульдік» технологиясын Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи өлеңдерін оқытуда, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны мен шығармашылығын оқу барысында қолданса тиімді болмақ. Әбу Насыр әл-Фараби және Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығын оқытуда қолдануда басшылыққа алатын, білімді сапалы игеруге жағдай жасап қана қоймай, берілген білімнің есте сақталуына үлкен ықпал ететін сондай технологиялардың бірі – сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын тәрбиеге енгізген американдық ғалымдар Женни Стил, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл технологияның философиясы мен теориясы ресейлік ғалым Л.С.Выготский мен америкалық ғалым Джон Дьюидің еңбектеріне сүйеніп жасалған. – [11, 37]

Инновациялық технологияларға бағытталған сабақ үлгілерін аталып өткен әр оқу технологиясы бойынша көрсетуімізге болады.

Олай болса, аталған технология үлгісі бойынша өткен бір сабақ үлгісіне қысқаша тоқталып өтсек.

1 сабақ. 6-сынып. «Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы. Қашықтасың туған жер. /Мәтінді оқу. Мағына құру және өзін-өзі талдау/ (Тақырыпқа байланысты материалды өз бетімен меңгере отырып, талдап және оны өңдеу арқылы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған сабақты жоспарлау үлгісі).

Қызығушылықты ояту сатысы.

Сабақ басталады:

Қазір біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаянымен және «Қашықтасың туған жер» атты шығармасымен танысамыз. Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланамыз (үш минут) Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң жұбыңызбен бірге Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білетіндеріңізді немесе нені меңгергіңіз келетіндігі туралы тізім жасаңыз. Әбу Насыр әл-Фараби туралы нені білетіндіріңізді көбірек жазғандарыңыз маңызды.

Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияңа құятын сағасында ежелгі Отырар қаласында туған. Отырар бір жағы көшпелі малшаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар «Фараб» деп атаған, сол бойынша ұлы ұстаз әл-Фараби атанған. Әл-Фарабидың толық аты-жөні – Мұхаммпед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби.

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейілінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімді туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Кейіннен өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары – Бағдат, Қорасан, Шам (Дамаск), Каир шаһарларында оқып, еңбек етті. Шығыстың бұл қалаларында өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркемсөз зергерлерімен танысады, олардан тәлім- тәрбие алады.

Әл-Фарби түркі тілдерімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды. Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, музыка, медицина, тіл білімі, әдебиет теориясы және тағы басқа ғылым салалары бойынша көп ғылыми еңбек жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып кете берген. Сондықтан да ғалымның еңбектерінің саны жөнінде нақты дерек жоқ.

Әбу Насыр әл-Фараби «Шығыстың Аристотелі» атанған атақты философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы тракттар мен түсіндермелер жазды. Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Ғылымдардың щығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндерме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге танытты. Әбу Насыр әл-Фараби – әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Оның «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Ырғақ пен өлең туралы сөз», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын еңбектері соның дәлелі. Фарабидің барлық өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өмірдің мән-мағынасын жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамагершілікке шақыру. Өкінішке орай, Фарабидің поэззиялық мұрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмады. Соның өзінде бізге жеткен мұрасынан оның зор щабытты, нәзік сезімді, кең тынысты, терең ойлы ақын болғандығын аңғаруға болады. (Ақын өмірбаяны 6-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығынан оқылады).

Барлық жұптар өздерінің тізімдерін жасап болған соң, оны топта талқылайды (Уақыт тиімді пайдаланылуы үшін жеке-жеке қағазға топ оқушылар есімдерін жазып, әрқайсысына алғызу арқылы жұп таңдап алуға болады). Топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған тізімді оқушылармен бірге, оның ішінде дау туғызған сұрақтарды қоса, қағазға (немесе тақтаға) жазыңыз.

Мағынаны тани білу сатысы.

Берілген тапсырманы беру алдында оқушыларға тапсырма беріледі: оқу кезінде сіз қосымша жұмыс жасау керек болады. Оқи отыра, мәтіннің (Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаянының) шетіндегі ашық жерге белгі қойып отырасыз. Белгілер төмендегідей (тақтаға жазылады және сабақ соңына дейін сақталады):

- «v» - егер сіздің оқып отырғаныңыз. Сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болсаңыз мәтіннің шетіне «v» (қанат белгісін қоясыз.

- «-» - егер сіз оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, онда «-» (алу) белгісін қоясыз.

- «+» - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, «+» (қосу) белгісін қоясыз.

- «?» - егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе «?» (сұрақ) белгісін қоясыз.

Сонымен оқу кезінде мәтіннің шетіне оқушы біліміне және түсінігіне сәйкес төрт белгі қояды. Оқулықтағы өмірбаянға кез келген жолды немесе ойды белгілеу міндетті емес, ақпаратқа жалпы тұрғыдан келуге болады.

Әр абзацқа бір-екі белгі қоса, жеткілікті. Бірақ ол кейде аз, кейде көп болуы мүмкін. Белгі қоя отырып, оқуға кіріседі.

Қатысушылардың барлығы оқып болғанда, төмендегі жұмыс түрлері жасалады:

- Қазір ғана оқып шыққан мәтін жөнінде (Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаяны) ойланыңыз.

- Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы бөлісіңіз. Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз?

- Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз?

- Сіз мәтінге қайта оралып, өз қағазыңыздағы қойған белгілерге қарай аласыз.

Олар сіздің нені біліп, нені білмегеніңізді еске түсіреді, сондай-ақ жаңа білім алуға итермелейді. Топта талқылау басталады.

Талқылау аяқталған соң, әркім өз бетімен дәптерінде кестені толтырғаны жөн.



v - + ?







Оқушылар өздік жұмысын бітірген соң, жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салады. Келесі іс-әрекет – топтың ортақ кестесін құрастыру, мүмкіндігінше, барлық оқушының қатысқаны абзал.

Ой толғаныс сатысы.

Топта ортақ кестені талқылаған соң, плакатта (тақтада) жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес пікірлерді анықтаймыз, мәтінді оқып болған соң, сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.

Сабақ осы жерде аяқталады.

Бағалау.

Сабақ аяқталған соң, мұғалімнің бағалау мүмкіндіктері:

- карточканың барлық бағандарын толтыру – 1 балл.

- кем дегенде, жоғары деңгейдегі екі сұрақ – 4 балл

- кем дегенде, 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша) – 5 балл.

Барлығы: 10 балл

Мұғалім сабақ барысында толтырылған кестелерді белгілейді, жоғары деңгейде қойылған сұрақтарды және басқа оқушылардың көзқарасын назарға алады.

Үй тапсырмасы ретінде тақырыпқа байланысты өз ойтолғауын немесе эссе жазуы тапсырылады – 1 парақ.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Оқуға тарту және өзін-өзі талдау» әдісі негізінде Әбу Насыр әл-Фараби өмірі мен шығармашылығына құрылған тағы бір сабақ үлгісін берсек.

1. Итермелеу сатысы

Сабақ оқушыларды тақырыпқа баулитын және қызықтыратын қысқаша кіріспеден яғни Құрылымдалған щолудан басталады.

Мұғалім: Бүгін біз Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірі мен шығармашылығы туралы танысатын боламыз. Яғни Әбу Насыр әл-Фараби кім? Әбу Насыр әл-Фараби атында Отырырда қандай кітапхана болған? қандай тілдірдерді менгерген немесе Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейіні екінші ұстаз деп аталуының себебі? Ол ғұлама туралы не білесіз немесе не білелемін деп ойлайсыз, қандай мәліметтер білгіңіз келеді?- деген сұрақтар қояды. Оқулықта Әбу Насыр әл-Фараби туралы мәліметтерді оқу тапсырылады. Есте қалған немесе білгендерімізді дәптерге шолып, тізімін жазып отырады, бір неше минут ішінде сол білгендерін айтып шығады. Қасыныздағы жұбымен білгендерін үйреніп, білмегендерін жұбымен үйреніп сабақты толықтырып отырады.

Мұғалім ББҮ кестесін тақтаға сызады. Енді осы кестенің бірінші болғанын толтыруға көмектеседі.

Әр жұп өз ой-пікірін, идеяларын айтады, мұғалім жазып отырады.

ББҮ кестесі



Білемін Білгім келеді Үйрендім

Әл-Фараби Отырарда

дүниеге келген.

Фарабтан шыққандқтан

Әбу Насыр атанған.

Әл-Фараби 870 жылы

Отырарда дүниеге келген.Фарабидың Бағдатта ілім алғандығы.



Мұғалім жазылған айтылған мәліметтерді оқиды және сонан соң: Әбу Насыр әл-Фараби туралы көп мәлімет білдік, бірақ біз көбірек біліп үйренуіміз керек. Тағы ұлы ғұлама туралы не білгіңіз келеді?

Осы сұрақтарды ізденуге оқушы ойлануына жұбымен ақылдасуға 4 минут немесе 3 минут береді. Ойланып болған соң оқушылар жұпатырмен ақылдасып Әбу Насыр әл-Фараби туралы ең жақсы деген сұрақты таңдап алады. Оқушылар кестені екінші бағанды толтыруға көмектеседі.



Білемін Білгім келеді Үйрендім

Әл-Фараби Отырарда дүниеге келген. Фарабтан шыққандықтан Әбу Насыр атанған. Әл- Фараби 870 жылы Отырарда дүниеге келген. Фарабидың Бағдатта ілім

Алғандығы. Білімге деген құштар- лығымен қай қалаларда болды? Аристотелдің қандай еңбектеріне түсініктеме жазды? Кімдер ұстаздық етті?

Контрукциялау сатысы

Оқушыларға оқулықтағы Әбу Насыр әл-Фарабидың «Қашықтасың туған жер» өлеңін оқып шығу үшін уақыт беріледі. Өлеңді оқып, ақынның негізгі идеясын табу үшін 10 минут уақыт беріледі. Оқыр алдында пайда болған «Білгім келеді» бағанындағы тізілген сұрақтарға мән береді. Оқу барысында осы сұрақтарға жауап табуға тырысады және оны «Үйрендім» бағанына толтырып жазып отырады.

Нұсқалау сатысы

Оқушылар оқып болған соң мұғалім. Сіз оқуға дейін сұрақ қоймаған ақпаратты кездестірдіңіз бе? Тың дерек ала алдыңыз ба? Сұрақтарын қойып, ондай ақпарат алса «Үйрендім» бағанына толтыру керегін айтады. Жауапсыз қалған барлық сұрақтарды белгілеп, мұғалім өзі түсіндіреді. Осы сұрақтарға қатысушы жауаптарды тағы қайдан таба алатыны туралы ақпарат береді.

Бағалау:

• Барлық карточкаларды толтыру -1 балл

• Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ (ауызша) - 4 балл

• Кем дегенде,2 көзқарас айту және оған дәлелдер келтіру шеберлігі

5 балл

Үйге тапсырманы: Төмендегі берілген сұрақтарға жауап болатындай ойтолғау жазу.

1. Өз қиялындағы кейіпкерді, тұлғаны дәптерге схемасын жазу.

2. әл-Фараби мен қазіргі таңдағы ғұламалардың айырмашылығын көрсету.

3. әл-Фараби атындағы кітапхананы қазіргі күндегі жағдайын басқа кітапханалармен салыстырмалы түрде қарастырады.

Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын меңгерту, оқытуда қолданылатын инновациялық технологияларды жетілдіру мақсатында «Қағілез» оқу технологиясының қолдануға болады.

Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты - оқушының даралық тұлғасын дамыту.

«Қағілез» технологиясын қалыптастыру не үшін қажет болды? Оқыту әдістемесінде кез-келген технология бір ізді, жүйемен қолданылуы қажет. Бір технологияның ұғымы мен екінші бір технологияның ұғымын бір-бірімен сабақтастыру біріншіден, оқушының оқыту технологияларын бір-бірінен ажыратуларында қиындыққа тірейді. Екіншіден, әдебиетті, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауидің шығармашылығын оқыту барысында материалды меңгеруде жүйесіздікке әкеліп тірейді. Үшіншіден, оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқи отырып, тыңдай отырып, кез-келген сәтте берілген сұраққа жауап беру қабілеті дамыған тұлға ретінде қалыптасуларын жолға қою міндетінен туындады. Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын оқытудағы «Қағілез» оқу технологиясының мақсаты: оқушының меңгерген білімінің жадында ұзақ сақталуына ықпал ете отырып, қандай жағдай болмасын, кез-келген ситуацияда өз ойын жинақтай білуге, салмақты, дәл жеткізуге, сабырлы ұстауға тәрбиелеу.

Технологияның атауы мен әдістерінің атауларын біз қазақ ұғымына сай етіп беруді жөн көрдік (сурет 7).

























Сурет - 7 – «Қағілез» технологиясы



Қағілез – адамның қасиеті. Салмақты, әр істі үйренуде алғырлық танытатын, белсенді, тез адам қазақта «қағілез» деп аталады.

«Қағілез» технологиясы төмендегідей бес ұғымнан тұрады:

«Көзбен шолу» әдісі – үй тапсырмасын еске түсіру, өткен тақырыптарды еске түсіру үшін қолданылады. Қолданылу тәсілі: интербелсенді тақтаның көмегімен немесе оқулық көмегімен жүзеге асырылады.

«Іліп әкету» әдісі - оқушының берілген тапсырманы сауатты жалғастыра білу мүмкіндігімен байланысты.

«Зерделеу» әдісі - берілген тапсырманы ғылыми-ақпараттық деректермен дәлелдей алу қабілетімен байланысты.

«Шабыт» әдісі - оқушының алған білімін өз шығармашылығы бойынша жеткізе білу қабілетін арттырады.

«Тұжырымдау» әдісі – оқушының пән бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында өз ойларын қағазға түсіру арқылы (шығарма, эссе) немесе бақылау жұмыстарын (тест) арқылы тапсыру мақсатында, ал әр сабақ соңында сол сабақтан нені меңгере алмағандарын қағазға түсіру, ауызша жеткізуін білдіретін ұғым.

«Қағілез» оқу технологиясының тиімділігі: сабақ соңында немесе кейін оқушы «Тұжырымдау» парақшасын арнайы дайындалатын «оқытушы поштасына» (арнайы дайындалған қорап /оқу тобы көрсетілген/) салып кету мүмкіндігі бар. 1 семестрде студенттің «оқытушының поштасына» «Тұжырымдау» парақшасын 3 рет салу мүмкіндігі бар (Кесте 14). Бұл арқылы сабақ мазмұнын студенттің меңгеруі үшін оқытушы арнайы кеңес беру сағаттарын ұйымдастыра алады.



Кесте 14 - «Тұжырымдау» парақшасы



Студенттің аты-жөні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:

Күні:

Меңгере алмадым:

1.

2.

3.





Мысалы, «Қағілез» оқу технологиясын сыныпта «Іліп әкету» тәсілдері арқылы төмендегідей жүзеге асыруға болады:

1. Топтағы оқушылардың қолына белгілі түспен боялған парақша немесе сан жазылған парақша ұстатылады. Интербелсенді тақтаға белгіленген түстер (немесе сандар) алдын-ала дайындалып орналастырылады. Топтағы студенттер саны шағын болса, түрлі-түсті парақшаларды, егер саны біршама болса, сандар (1,2,3,4...) жазылған парақшалар ұсынылады.

2. Тақтада қолындағы парақшадағы түсі (немесе саны) көрсетілген оқушы берілген тапсырманы айтуды бастауы керек. Белгіленген уақыт мөлшерінде (2-4 минут) мұғалім келесі түсті (немесе санды) белгілеп, басып көрсетуі қажет. Бұл уақытта (түсі немесе саны) көрсетілген оқушы тапсырманы үзілген жерінен ары қарай жалғастыра алуы керек. Егер жалғастыра алмаса, келесі түсі (саны) көрсетілген оқушыға тапсырманы жалғастыру кезегі ұсынылады (сурет 8).

«Іліп әкету» әдісі Қожа Ахмет Яссауидің «Даналық кітабын» оқыту барысында студенттердің тапсырманы ыждағатты орындауына, сабақты мұқият тыңдауына, тапсырманың мазмұнын бағдарлай білуіне игі ықпалын тигізеді.

Мысалы, жатқа оқуға берілген Қожа Ахмет Яссауидің Даналық кітабынан үзінді өлеңдерін жатқа айтып тұрған оқушыны кез-келген жерден тоқтатып, келесі оқушының жалғастыруын қажет ету барысында оқушыны сақ, ықшам отыратындығы байқалды.

Егер тапсырма мазмұны интерактивті тақтада немесе тақтада орындалуды қажет етсе, онда мүғалім оқушыларға таратылатын түрлі-түсті парақшалар мен сандардың бір данасын өз үстеліне орналастырып, қолмен көтеру арқылы сабақты жалғастыра алады.

«Қағілез» технологиясы арқылы өткен сабақта мұғалім тек сілтеуші, бағыттаушы қызметін атқарады. Сабақ мазмұны тапсырма аясында бірізді, жүйелі өтеді.

Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығын оқытуда біз шығармаларының мазмұнына, көлеміне, білім алушыдың жас ерекшелігіне назар аударуымыз керек.





Сурет 8 - «Іліп әкету» оқыту әдісінің «жалғастыруды анықтау» көрінісі

«Қағілез» технологиясын сабақтың кез-келген тақырыбында қолдану мүмкіндігі зор.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Әлеуметтік дағдыны дамыту» әдісі негізінде Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығына құрылған тағы бір сабақ үлгісін берсек.

ИТЕРМЕЛЕУ САТЫСЫ

Сабақ басталады:

Мұғалім іс-әрекетті түсіндіреді: Дәптер мен қарындаштарыңызды алыңыздар. Мен «Араласыңдар» дегенде сіздер сыныптың ішінде еркін қозғалыс жасайсыздар және «Қатып қозғалмаңдар» дегенде жаныңызда тұрған адаммен қол ұстасып сәлемдесіңіздер. Сонан соң келесі нұсқауды күтесіздер. Сонымен, бастаймыз.

Мұғалім «Араласыңдар» дейді және музыканы 1 минутқа қосады.

Мұғалім музыканы тоқтады: «Қатып қозғалмаңдар», бір-біріңізбен сәлемдесіңіздер, аты-жөніңізді айтып, жақын арада жасаған және мақтан ететін іс-әрекетіңізбен бөлісіңіздер.

1 минуттан кейін тыныштық белгісін береді. қолын басынан жоғары көтереді, оқушылар мұғалімге бұрылып, олар да қолдарын көтереді. Барлығының қолдарын көтеруі тыныштық орнағанын білдіреді.

Мұғалім: Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз. Дәптердің бетін екіге бөліп, біріншісінде әлемнің жеті ғажайыбынан ойыңызға келген идеялардың тізімін жазыңыздар. Екіншісінде адамның ерекше істері туралы естігендеріңізді жазыңыздар. Сыныптастарыңызбен көбірек араласа жүріп жасаңыздар –

«Араласыңдар».

Мұғалім де оқушылармен араласа жүріп, оқушылардың әңгімелерін тыңдайды. 3 минуттан кейін:«Қатып қозғалмаңдар». Сонымен, қандай ғажайыптарды жаздыңдар?

Мұғалім бірнеше оқушыдан сұрайды.

Оқушы: Әлемнің жеті ғажайыбына Ұлы Қытай қабырғасы жатады

Оқушы: Әлемнің жеті ғажайыбына Тадж-Махал кіреді.

Оқушы: Жанармайсыз жүретін автокөліктің пайда болуы ғажап нәрсе деп есептеледі.

КОНСТРУКЦИЯЛАУ САТЫСЫ

Мұғалім: Жақсы. Әдеттегідей әр оқушы өзі жұмыс жүргізіп келе жатқан топарымызда 5-тен отырамыз. Әр топқа жеке бірақ, әртүрлі мәтіндер таратамын, сонан соң әр оқушы басқаларды өз бөлігі бойынша оқытады. Әркімнің өз бөлігі бойынша жұмыс тиімді жасау үшін сараптама топтарына бөлінеміз. Әр үстел 1 ден 5-ке дейін санаймыз. Санадыңыздар ма? Санап болған соң, сол нөмір бойынша сараптама тобына барасыз. Үстелдерде нөмірлер тұр, өз нөмірлеріңіз бойынша отыруларыңызды өтінемін. Дәптерлеріңіз бен қаламдарыңызды ала кетіңіздер.

Оқушылар 5 адамнан 4 топқа бөлініп отырады. Мұғалім мәтіннің 4 бөлікке бөлінген бөлігін таратады.

Мұғалім: Сіздер Қожа Ахмет Яссауидің «Даналық кітабынан» алынған мәтіндерді оқисыздар, берілген мәтіндегі негізгі ойды тауып, тақырыбын ашып, ат қоямыз. Тапсырма толық дайын болғанда көрсетуге дайындалыңыздар.

НҰСҚАЛАУ САТЫСЫ

Мұғалім: Енді осы төрт айналым бір ортаны құратын, Венн Диаграммасын жасайық. Сол ортаға ғажайып көлікке ортақ барлық сипаттарды жинақтап жазыңыздар. Әрбір алты дөңгелектің жоғары жағына олардың атауларын жазыңыздар, ал дөңгелектің ішіне басқа бесеуінен өзгесі болса жызыңыздар. Сонан соң суреттерін қабырғаға іледі.

Мұғалім 10 минуттан кейін қабырғадағы жұмыстармен танысуға шақырады.

Мұғалім: Топтың суреттері бойынша жалпы немесе нақты сұрақтарыңыз бар ма?

Оқушы: Менде сұрақ жоқ, бірақ осы топтың суреті толық деп айтуға болады, өйткені өлеңнің идеясы жақсы ашылған.



Бағалау: Оқушылардың ұжымда ақылдасып, топтың әр мүшесіне баға қояды.

• Өз бөлігін түсіндіргені үшін – 3 балл

• Диаграмма құрудағы үлесі үшін – 2 балл

Үйге тапсырма: «Адамгершілік асыл қасиет» тақырыбында эссе жазу.

Бұл сабақта қолданылатын әдістер:

Аралас / Қатып қозғалма / Жұптас – тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірімен араласып, өзіне ақпаратпен бөлісіп, ойын толықтыратын жаңа серіктестер табуына мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады. Сыныптастар бір-бірімен кездейсоқ кездесу арқылы өздерінің әлеуметтік дағдыларын – мәселені шешу барысында ұйымдаса білу білігін дамытады. Жұмыс тез ар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!