Материалдар / Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері бөлімі бойынша.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері бөлімі бойынша.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері бөлімі бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2024
42
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шелек ауылындағы гимназия» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

С.О .Садуахасова

 қазақ әдебиеті пәні бойынша Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері

бөлімі бойынша өткізген ашық сабағының

рефлексиялық есебі

 

Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа ала отырып, тәжірибе алмасу мақсатында

6 «Ә» сыныбында Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері тақырыбында ашық сабағын өткіздім. Сыныптың пән бойынша білім сапасы – жақсы. Сабақ басталмас бұрын ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Психологиялық ахуал. Жылы лебіз орнату болды . Бұл әрекет сыныпта көңілді ахуал қалыптасуына септігін тигізді. Сыныптағы 23 оқушыны 3 топқа топтастырдым, «Жүйрік» «Сұңқар» «Алғырлар» әр топ өздеріне тән құрған ережелерімен, міндеттерімен танысты. Топ атаулары аталды. Әр топтағы оқушылар топқа бөлініп отырғаннан кейін өз топтарының атауларына қысқаша сипаттама берді. Сабақтың басында топтардың басшыларына бағалау парағының критерийлері таныстырылды. Әр оқушының жауабы бағаланатыны ескертілді. Сабақтың қызығушылықтарын ояту кезеңінде «Ой қозғау» әдісі арқылы тыңдалым дағдысы бойынша Қайталау өткен тақырыпты пысықтау Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Психологиялық ахуал. Жылы лебіз орнату

Қайталау

  • Алып Ер Тұңға кім?

  • Жоқтау дегеніміз не?

  • Жүсіп Баласағұн шығармасында Алып Ер Тұңғаны қалай бейнелейді?

Сұрақ


Жауап

«Ер Тұңға» жыры қандай жыр?

Түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр

Жырдың басты қаһарманы кім?

Алып Ер Тұңға

«Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы...

Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады

Аудио тыңдалымы слайд ұсынылды. Оқушылар аудиотыңдалымды тыңдап, бірнеше сұрақтарға жауап берді. Бұл тапсырманы көпшілігі ойдағыдай орындап шықты. Осы стратегия арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленді.

Қызығушылықты ояту

ЖЖ.

Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.


Әдіс -тәсілдер

Дескриптор Білім алушы

  • инфографиканы пайдаланады;

  • кейіпкерді сипаттайды.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.

Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социологматематикфизикастроном,ботаниклингвистлогикамузыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияғаданалыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі.Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын,

 ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.

Shape1 Shape2

Shape3

Әбу Насыр

әл-Фараби



Shape4 Shape5

Shape6 Shape7

Shape8



Өнерлі жігіт

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын – өз елінің патриоты

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.

Сұрақ:

- Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?

-








Білім адамға не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.

Мағынаны тану

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңін тыңдату

1.ЖЖ-T. Оқушылар екі қадамды кестемен жұмыс жасады.

Келесі кезекте оқушылар «Айтылым» дағдысы бойынша сұрақтарға жауап берді.


Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын басқаларға сын көзбен қарайды

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түнереді.

Ақын кейбір билікке құмар, көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, жанының түңілгендігін жасырмай, өлең жолына қосады.

Дескрипторлар:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.

Бағалау: «Шапалақ» әдісі.


1-тапсырмада Бос орынның орнына керекті сөзді қой. бойынша топтық жұмыс іске асты.

. Бос орынның орнына керекті сөзді қой.

1.Көрнекті ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби _____ жылы __________ бойындағы ___________ қаласында дүниеге келді.

2. Ол ___ түрлі тіл білген деседі.

3. Әл-Фараби ________________________________________ сияқты ғылым салаларымен шұғылданған.

4.Фараби көзінің тірісінде-ақ Бірінші ұстаз ___________ кейінгі Екінші ұстаз деген құрметті атақққа ие болды.

5.Фарабидың мұрасы __________________________________ және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттеледі.

Жазған өлеңдерін жұпта, топта оқыды. Әр топтан үздік шыққан өлеңдерін сыныпта оқылды.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

2-тапсырманың орындалуы Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады. «Жазылым» дағдысы бойынша «Өзіндік пікір» әдісімен жүзеге асты Оқушылар ойларын ерікн әрі жүйелі жеткізе берді. .Әл-Фараби.

2. Дарынды, ұлы.

3.Білім алды, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.

4. Соңынан мол рухани қазына қалдырды.

5. Шығыс Аристотелі.

Жазған өлеңдерін жұпта, топта оқиды. Әр топтан үздік шыққан өлеңдер сыныпта оқылады.





Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақтың өн бойында әр тапсырма соңында оқушыларға қалыптастырушы бағалау әдістері «Мадақтау сөзі», , «Бас бармақ» «Әріптестер пікірі» әдістері арқылы кері байланыс беріліп отырды. Сонымен қатар саралаудың «Қарқын», «Бағалау», «Қорытындылау» тәсілдері жүзеге асып отырды.

Сабақтың соңында рефлексия ретінде

Рефлексия:

Мен ... үйрендім. Себебі ...

Маған ... ерекше әсер етті. Себебі ...

Мен ... қызықтым. Себебі ...

Маған ... көңілсіз болды. Себебі ...

Мен келесі ... сабаққа ұсынамын. Себебі ... әдісін алдым. Сабақтың осы тұсы да сәтті шықты десем болады. Бір жағынан оқушы ойын жинақтауға, екінші жағынан уақытты үнемдеуге аталған әдістің септігі тиді.

Үй тапсырмасы ретінде тақырыпқа сәйкес « Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер » тақырыбына өлеңді жаттау.

Бұндағы мақсат қазақ халқының тарихы, Туған жерге байланыстылығын тереңірек ұғыну, сол тақырыпта іздену.

Жалпы, сабаққа жоспарланған уақыт та, берілген тапсырмалар да бір-бірімен үйлесіп, қойылған мақсатыма жетуге талпындым. Сабақ оқушыларға да, бақылаушыларға да түсінікті, сабағым орташа болды деген ойдамын.








  


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!