Материалдар / Адалдық пен әділдік 5-сынып

Адалдық пен әділдік 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: "О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" КММ Мерзімі: 16.10.2017ж Мұғалім: Кулетаева А.А. Сынып: 5-сынып Оқушылар саны: 12 Тақырып: «Адалдық пен әділдік» Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Әділдік, шыншылдық,адалдық.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі адалдық,әділдік қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері: - Өмірдегі адалдық пен әділдіктің орыны мен маңызын аша отырып, адалдық пен әділдік қасиеттері туралы түсінік беру.- Адалдық пен өмір сүру жолында оқушылар бойындағы адалдық пен әділдік қасиеттерін дамыту.- Оқушылардың бойында адалдық пен әділдік қасиеттерін тәрбиелеу.Ресурстар: (үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер)
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі:-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
  • Сынып оқушыларын түгендеу.
  • Оқушылар түрлі геометриялық фигуралар арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.
  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық), сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 25 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
  • Тыныштық сәті.Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Оқушылар 23 сабақ, 81 беттегі корей ертегісі «Адал бал» мәтінін оқып келу .Мәтін бойынша сұрақтар:1.Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?2.Балталарды бірден алса не болар еді?3.Баланың жасаған ісін адал деп айтуға бола ма?4.Ақсақал баланың қандай қасиетін бағалап, сый жасады?




























    Жайлы баяу музыка қойылады.

    Сабақ барысын талдау: Дәйексөз « Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!» М. ӘуезовОқушылар дәйексөздің мағыанасын ашып түсіндіреді.

    ӘңгімелеуМұғалім сыйы Бүркіттің досы- Сұңқар /халық ертегісі/Бір күні Бүркіт өзіне адал дос іздеп әлемге хабар беріпті. Құстар жиналып Бүркіттің алдына келіпті.Сонда Бүркіт:-Кімнің қандай қасиеті бар деп?-сұрапты Бірінші болып қаз сөйлеген екен:-Мен суда жүземін жерде де жүремін ұшада білемін,-депті.Жапалақ ортаға шығып:-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,- деп мақтаныпты.Құстардың көбі өз-өзін мақтаған екен. Сонда бүркіт алыстау тұрған Сұңқардан:-Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар,- деп сұрапты сұңқар.-Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиетте жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқты шаршамай ұшу,-депті Бүркіт:-Бір басыңа осы қасиетте жетеді. Маған сен ғана адал дос бола аласың.Асырмай тек әділдігін айттың,-депті. Содан бері биікте Бүркіт пен Сұңқар ғана самғайтын болыпты. Талқылау сұрақтар:
  • Бүркіт өзіне қандай қасиеттері бар дос іздеді?
  • Неге қаз бен жапалақ бүркітке адал дос бола алмады?
  • 3. Сендер өз достарыңның қандай қасиеттері болғанын қалайсыңдар? Неліктен?


  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
  • І-топ:Мақал-мәтелді аяқтау.1.Адалдық оздырар,........ тоздырар.2.Еңбегімен мал тапта,Адал жүріп ........... сақта.3.Адал дос ............... қымбат. ІІ-топ: «Сиқырлы қорапшада» бірнеше сөздер берілген, осы сөздердің ішінен «Адалдық пен әділдікке» тән қасиеттерді тауып, алма ағашына іліңдер.



    Топпен ән айту "Ақ көгершін"Ақ көгершін, көгершінҚолғанат құс сен едің.Бар кезіп қайт ел үшін,Кең дүниенің көлемін.Әділеттің құсы деп,Көз алмастан жолыңнан.Бақыт болып қоншы деп,Ұшырамын қолымнанЕл тілегін алып ұш,Адамзаттың бағына,Қара бұлтты жарып ұш,Мұхиттың арғы жағына.Сеннен көзін алмайды,Ақ ниетті бар адам.Ақ қанатың талмайды,Әділеттен жаралған.Тыныш бейбіт өмірдіңБелгісі боп қанат қақ,Әлемге ортақ көңілдің,Қайт шыңына қонақтап.Әні: А.ЖұбановСөзі: Н.Баймұхамедов

  • Үй тапсырмасы.
  • 24 сабақ. 83 бет «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» аңыз әңгімесін оқып келу.


    5. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәтіБаяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
  • Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.










  • Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ