Материалдар / Адам - ең жоғары құндылық_ҚМЖ_8-сынып_ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам - ең жоғары құндылық_ҚМЖ_8-сынып_ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам - ең жоғары құндылық_ҚМЖ_8-сынып_ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2024
101
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

______ сабақ


Бөлім:

2-бөлім. Адаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;

8.3.1.1 Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.

Сабақтың мақсаты:

Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құрады.

Қүндылықтарға баулу:

Тәуелсіздік және Отаншылдық, бірлік және ынтымақ, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі / уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал тудыру кубигі

1. Амандасу;

2. Құшақтасу;

3. Тілек айту;

4. Мақтау;

5. Күлкі сыйлау;

6. Би қимылдарын бірге қайталау.

Топқа бөлу: Оқушыларды «Flippity.net» приложениясы арқылы топқа бөлу.

Миға шабуыл. «Джованни құпиясы» әдісі арқылы сабақ тақырыбын болжау.

Берілген суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу. Суретте берілген арнайы мақал-мәтелдермен бекітілген пазлдарды құрастыру.

Ортақ сұрақ: Бұл суретте бізге ең қымбат, баға жетпес зат берілген. Оны ақшаға сатып ала алмайтын құнды дүние. Ол әр халықта бағалы болып есептеледі. Сұрақ: 1-топ: Бұл не? 2-топ: Бұны қай кезде қолданамыз? 3-топ: Несімен бағалы? 4-топ: Не себептен бұны бағалы деп есептейміз?

1-топ: Адам мен адамды сөзі мен көркі теңейді.

2-топ: Ғалам – адам үшін,
Адам - ғалам үшін.

3-топ: Бәйтерек бұтағымен,

Адам ұрпағымен жасайды.

4-топ: Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.


Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.

Адам, кісі тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер мен суреттер бейнеленген пазлдарды құрастырады.

1-топ: «Адам» тобы

2-топ: «Ғалам» тобы

3-топ: «Құндылық» тобы

Әр топ өз атауларының ерекшеліктері жөнінде айтып береді.




  1. Амандасу

2. Құшақтасу

  1. Тілек айту

  1. Мақтау

  1. Күлкі сыйлау

  1. Би қимылдарын бірге қайталау

Рисунок 2


Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. / Б.Әрінова, Қ.Молдасан, А.Байшағырова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 128 бет.


Топқа бөлу


Рисунок 3

Сабақтың ортасы

30 минут




































































































































Сабақтың аяғы

8 минут

Топтық тапсырма. 1-тапсырма. «DID» платформасы арқылы бейнетаспа қосып, мәтінді платформа оқып береді.

Ескерту. Ережелер оқулықтың 14, 18, 19, 23-беттерінде берілген. Соның негізінде тапсырмаларды орындайды.

Бүгінгі жастар келбеті және оған мінездеме

Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ, екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса, яғни оны қоғамдық десек те болады. Екіншісі жастардың өзінің көзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екен!? Тек осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?!

Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды және осы жайтқа себеп – сыртқы әсер. Мысалы, MTV телеарнасының 1997-1998 жылдардан бастап, бүгінгі таңға дейінгі ерен еңбегінің арқасында еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске алар болсақ, керемет эффект! Мойындаймыз! Масқара!

Қараңыз, сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтижесі не дейді? Басым көпшілігі, 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV-дің арқасында алғаш цензуралы емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандарын мойындап отыр. Алайда бұл айсбергтің төбесі ғана...

Ойымды бір түйінге түйсем... Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек ертең елеусіз қалмаса екен, ешкімге керексіз боп. Үміттендіретін – ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қара бала. Сенетінім – елім деген ер мен ерім деген жар!

1-топ:

Мәтіндегі автор көзқарасын анықтаңыз.

Мәтіннен үзінділер

Автордың көзқарасы қандай?

...бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт..


Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды


Осы жайтқа себеп – сыртқы әсер.


2-топ:

Автор неден корқады? Неге үміттенеді? Неге сенім артады? Тақырыпқа тезистік жоспар құр. Осы тақырып бойынша сендер қандай ой айтар едіңдер?

Тезистік жоспар құруға арналған кеңес:

1. Мәтінді бірнеше рет оқып шығыңдар.

2. Негізгі ой желісін үзбей беретін сөздер мен сөйлемдерді, азатжолдарды жазып алыңдар.

3. Негізгі ақпараттан қосымша ақпаратты ажырата біліңдер. Қосымша ақпараттың маңызы аз. Тезистік жоспар құру да әдеби көркем сөздердің де қажеті жоқ.

4. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап, тезистерді ретімен нөмірлеп шығыңдар.

3-топ:
Тұжырымдамалық кестені толтырыңыз.

Шеңбердің ортасына мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді, ұяшықтарға ол сөздердің рөлін жазыңыз.

Овал 1 Прямоугольник: скругленные углы 1 Прямоугольник: скругленные углы 5

Прямоугольник: скругленные углы 2 Прямоугольник: скругленные углы 7



4-топ: Мәтін идеясына негізделе отыра, төмендегі мақал-мәтелдердің бірін қолданып, шағын коментарий жазыңыз.

Мақал-мәтелдер:

  1. Адам мен адамды сөзі мен көркі теңейді.

  2. Ғалам – адам үшін,

Адам - ғалам үшін.

  1. Бәйтерек бұтағымен,

Адам ұрпағымен жасайды.

  1. Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді



Жеке жұмыс. 2-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы ой-пікірлеріңмен бөлісіңіз:

Пікір. « Адам-ең жоғары құндылық» деген сөзге пікіріңізді бір сөйлеммен білдіріңіз.
Дәлел. Пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.



Рефлексия

«ҚҚҚ» әдісі

  1. Қызық...

  2. Қиын

  3. Құнды ...

Сілтеме: https://padlet.com/aigerimpv2016/padlet-p4067zddwptew5px



Үйге тапсырма: 21-бет, 6-тапсырма, «Адамзаттық құндылықтар әлемі» тақырыбына диалог құрастыру.

1-топ. Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды. Кестені толтырады.



2-топ. «Автор неден корқады? Неге үміттенеді? Неге сенім артады?» деген сұрақтарға жауап береді. Тақырыпқа тезистік жоспар құрады.



3-топ. Тұжырымдамалық кестені толтырады.

Шеңбердің ортасына мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді, ұяшықтарға ол сөздердің рөлін жазады.

4-топ. Берілген мәтінді мұқият оқиды. Негізгі идеяға сай коменатрий жазады. Мақал-мәтелдерді қолданады. Интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отыра оқиды.









































































































«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы «Адам-ең жоғары құндылық» -деген сөзге қатысты ой-пікірлерін білдіреді











Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.




Топаралық, топтық, жеке бағалау жүргізеді.

«Бағалау картасы» әдісі арқылы бағалау

«Үш шапалақ» әдісі












































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!