Материалдар / Адам абройы 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам абройы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін - өзі тану сабақ жоспары 7-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
649
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Күні: 17.11.2017

Мектеп: «Ақбастау жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы №10

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қайырымдылық , қанағатшылдық, қамқорлық

Мұғалім: Мусабаева Алтын

Сынып: 7а,ә

Сабақтың мақсаты: оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: - Абырой ар-намыстың тазалығы және адамгершілікті түсіндіру.

- Қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қадір-қасиеті, қоғамдық бейнесін, беделін білдіретін адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі; кісілік, адамгершіліктің тірегі.

Ресурстар: оқулық жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік

2.Тыныштық сәті. .Жағымды күйге ену, баяу әуен арқылы. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

3.Дәйексөз

«Абырой – ар еңбегі»

Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңдар.

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Әңгімелеу «Кішіпейілдік»

Талдау сұрақтары:

Мәтіндегі «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?Оның адамның абыройымен қандай байланысы бар?

Мәтінде Мұхтар Әуезовтің бойынан қандай асыл құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңдар?

Өмірде адамды абыройлы ететін не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс:

3-тапсырма: «Абыройлы бол!» «Абыройыңнан айырылма!» деген үлкендердің бата-тілектерінің айтылу себебін тауып, жазыңдар.

4-тапсырма: Төменде берілген өлеңді оқып, «Абыройлы болу – парызың» тақырыбында эссе жазыңдар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

6.Топпен ән айту: Адам

Сөзін жазған: Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов


Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы:

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

7.Үй тапсырмасы: «Жауапкершілік жүгі» мәтінді оқу

5-6 тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қпойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!