Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Адам анатомиясы " қолданбалы курс 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсінік хат
Курс мектеп бағдарламасындағы адам анатомиясы және физиологиясы курсына негізделіп жасалды, бағдарлама тереңдетіліп жан-жақты түсініктерді қамтиды. Беріліп отырған курс оқушылардың білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін ғана дамытып қоймай сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Курстың мақсаты: адамды биосоциалды түр ретінде толық түсінік қалыптастыру мақсатында, оқушылардың адам анатомиясы және физиологиясы курсы бойынша білім аясын тереңдетіп кеңейте түсу; алған білімдерін оқушылардың функциональдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалану және денсаулықтарын сақтауға қолдану.
Курстың міндеттері:
-
адам ағзасының өмір сүру принциптері және негізгі заңдылықтарымен танысу;
-
атқаратын қызметіне байланысты адам ағзасындағы жекелеген ұлпаларды, мүшелер және мүшелер жүйесін оқып зерттеу;
-
жалпы биологиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру;
-
адам анатомиясы және физиологиясы ілімінің даму, зерттеу тарихымен және осы салада көп үлес қосқан ұлы ғалымдармен танысу;
-
салауатты өмір салтын ұстануға және гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу;
-
Оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу;
-
Пән бойынша білім сапасын арттыру.
Бағдарламаның өзектілігі: адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым ол – «Адам анатомиясы» медицинаға негіз болады.
Сабақтың оқу – әдістемелік қамтылуы: ауызша, көрнекілік плакаттар, жазба жұмыс, қалыптастырушы бағалау, жекелеме сұрау, мәтінмен жұмыс, тақтада мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс, әңгіме, маңыздылығын дәлелдеу, жаппай сұрау, өзара тексеру, өзіндік тексеру.
Күтілетін нәтижелер:
-
білім алушылардың жалпы адамның ішкімүшелерінің құрылысын анықтай білу дағдысын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана біледі.
-
бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқып, үйренеді;
-
адам ағзасының құрылысы туралы біледі;
-
қосымша дерек көздерінен және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді;
-
өзіндік жұмыстарды, тесттік тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;
-
орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;
-
биологиялық әдіс-тәсілдер мен терминдерді түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлық танытады;
-
компьютерлік тапсырмалар және зертханалық жұмыстарды орындауда шапшандық, танымдылық таныта біледі, деректерді салыстырады;
-
логикалық ойлау қабілеті дами түседі.
ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ
8 – сынып
(34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
1.Кіріспе. Анатомия пәніне анықтама беру және оның басқа биология ғылымдарымен байланысын оқып білу. Анатомия бөлімдері. Анатомиялық зерттеу әдістері. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуында анатомия саласындағы білімінің маңызы.
2.Адамның табиғаттағы орны. Адам және омыртқалы жануарлардың ұқсастық белгілері. Адам ұрығы дамуының бастапқы сатысы. Жануарлар жүйесіндегі адамның биологиялық түр ретіндегі орны.
3.Адам ағзасындағы ұлпалар. Ұлпа туралы түсінік. Ұлпалардың түрлері. Эпители, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпасы және олардың құрылысы. Практикалық жұмыс №1. Дайын микропрепараттарды қолдану арқылы эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылыс ерекшеліктерін қарау.
4.Остеология. Тірек – қимыл аппараты, құрамы және маңызы. Сүйектің сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйектің химиялық және физикалық қасиеттері.
5.Сүйек байланыстары. Қимылсыз, жартылай қимылды және қимылды сүйек байланыстары. Буындардың құрылысы және классификациясы. Қаңқа аурулары және олардың алдын алу.
6.Кеуде қаңқасы. Қаңқа құрылысына әртүрлі факторлардың әсері. Омыртқа қисайуының алдын алу.
7.Қол сүйектері. Онтогенез. Еңбекке және тік жүруге байланысты адам қолының құрылыс ерекшелігі.
8.Аяқ сүйектері. Адам құрылысындағы ерекшелігі. Жалпантабандылықтың алдын алу.
9.Миология. Белсенді тірек – қимыл аппараты, оның маңызы. Бұлшықеттің жіктелуі. Бұлшықет жұмысының негізгі ерекшеліктері.
10. Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама. Адамның асқорыту жүйесі, құрамы және құрылысы. Асқорыту жүйесінің бөлімдері, олардың құрылысы. Ауыз қуысы ауруларын алдын алу. И.П. Павловтың асқорыту жүйесін зерттеудегі жұмыстары. Дұрыс тамақтану және асқорыту гигиенасы.
11.Тынысалу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің жүйесі, тынысалудың маңызы. Тынысалуды реттеу. Тынысалу мүшелерінің гигиенасы.
12.Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің жүйесі. Қалыпты өмір сүру үшін зәр шығару құбылыстарының маңызы. Зәр шығару мүшелерінің гигиенасы және ауруларды алдын алу.
13. Қан айналым жүйесі. Жүрек: орналасуы, сыртқы құрылысы. Жүректің ішкі құрылысы. Жүрек жұмысы. Жүрек жұмысының реттелуі. Адам қан айналымының жалпы сызбасы. Практикалық жұмыс № 2. Физикалық жүктемелер кезіндегі жүрек жұмысын бақылау.
14.Артериалдық және веноздық жүйе. Лимфа жүйесі: құрамы және құрылысы. Иммунитет, оның түрлері. Қан айналым мүшелерінің гигиенасы, жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары және оларды алдын алу жолдары. Практикалық жұмыс№3. Қан кеткен кездегі алғашқы көмек.
15.Эндокриндік жүйе. Ішкі секреция бездері. Гормондар. Эндокриндік бездердің мүшелер қызметін реттеудегі маңызы.
16.Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі. Жұлын. Ақ және сұр заты. И.П. Павлов жұмыстары. Адам ми құрылысының ерекшелігі.
17.Шеткі жүйке жүйе. Шеткі жүйке жүйе. Соматическалық және автономды жүйке жүйесі. Ес, ойлау, зейін.
18. Сезім мүшелері. Сенсорлы жүйе. Анализаторлар туралы ұғым. Көру мүшесінің ұүрылысы.Көру рецепторлары. Көру мүшесінің гигиенасы және оның бұзылуы. Есту анализаторы. Есту мүшесінің құрылысы.
Практикалық жұмыс №4. Көздің көргіштігін анықтау.
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
№ р/р |
Бөлім тақырыбы |
Сағат саны |
|
теориялық |
лабораториялық |
||
1 |
Кіріспе |
1 |
|
2 |
Адамның табиғаттағы орны |
2 |
|
3 |
Адам ағзасындағы ұлпалар |
|
1 |
4 |
Остеология |
1 |
|
5 |
Сүйек байланыстары |
2 |
|
6 |
Кеуде қаңқасы |
2 |
|
7 |
Қол сүйектері |
2 |
|
8 |
Аяқ сүйектері |
2 |
|
9 |
Миология |
2 |
|
10 |
Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама |
2 |
|
11 |
Тынысалу жүйесі |
2 |
|
12 |
Зәр шығару жүйесі |
2 |
|
13 |
Қан айналым жүйесі |
1 |
1 |
14 |
Артериалдық және веноздық жүйе |
1 |
1 |
15 |
Эндокриндік жүйе |
2 |
|
16 |
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері |
2 |
|
17 |
Шеткі жүйке жүйе |
2 |
|
18 |
Сезім мүшелері. Сенсорлы жүйе |
2 |
1 |
|
Жалпы: 34 сағат |
30 сағат |
4 сағат |
Тірі дене (Living organism)– биополимерден (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарынан) тұратын өзін өзі реттеп қалпына келтіріп отыратын ашық жүйе.
Остеология (Osteology) – анатомия бөлімі, сүйек ұлпасын, жеке сүйектерді және жалпы қаңқаны зерттеуге арналған.
Гигиена (Hygiene) – медицина бөлімі, өмір сүру және еңбек жағдайының адам денсаулығына әсерін зерттеуге арналған.
Анатомия (Anatomy) – ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым.
Физиология (Physiology) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым.
Гуманизм (Humanism) – демократиялық, этикалық өмір сүру қағидаты.
Цитология (Cytology) – тірі жасушаларды зерттейтін биология саласы.
Эмбриология (Embryology) – ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.
Миология (Myology) – бұлшықет туралы ғылым.
Оқушыларға арналған әдебиет
-
Мамонтов С.Г. Биология. Пособие для поступающих в вузы. М.:Высшая школа, 1991.
-
Справочник школьника и студента/ Под ред. З Брема и И. Мейнке. – М.: Дрофа, 2000.
-
Қасымбаева Т., Мухамбетжанов К. Жалпы биология : жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған оқулық.-Өнд., толықт. 2-бас.-Алматы: Мектеп, 2010.-272 б. Сур.
-
Ә.Бейсенова, Ж.Шилдебаев. Экология. Алматы «Мектеп» 2005 жыл.
-
Сағымбаев Ғ. Атмосфералық ауаны сақтау. «Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.
Мұғалімдерге арналған әдебиет
-
Мамонтов С.Г. Биология. Пособие для поступающих в вузы. М.:Высшая школа, 1991.
-
Воронцов Н.Н. Сухорукова Л.Н. Эволюция органического мира Просвещение 1991г.
-
Қасымбаева Т., Мухамбетжанов К. Жалпы биология : жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған оқулық.-Өнд., толықт. 2-бас.-Алматы: Мектеп, 2010.-272 б. Сур.
-
Байханов С. «Табиғатым тағдырым». Алматы, «Қайнар» 1991 жыл.
-
Сағымбаев Ғ. Атмосфералық ауаны сақтау. «Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.
Қосымша 1
№1 Практикалық жұмыс. Дайын микропрепараттарды қолдану арқылы эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылыс ерекшеліктерін қарау.
Мақсаты: ұлпалардың құрылыс ерекшеліктері, қасиеті және қызметтерімен танысу.
Құрал – жабдықтар: микроскоп, эпителий және дәнекер ұлпаларының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы:
-
Микроскоп арқылы адам жасушасының құрылысын қарау
-
Жасуша суретін салып және негізгі бөліктерін белгілеу
-
Ұлпалардың дайын микропрепараттарын қарау
Жұмысты қорытындылау: көрген ұлпа микропрепараттарының суретін салу, таблицаны толтыру.
Ұлпа (tissue) |
Ұлпа құрылысы (сonstruction of tissue) |
Орналасқан жері (iocation) |
Қызметі (service) |
|
|
|
|
Қорытынды: Жасушаның құрылыс ерекшелігі
оның атқаратын қызметіне байланысты
болама?
Көпжасушалы организмдер үшін жасушалардың алуан түрлілігінің маңызы неде?
Сурет 1
Сурет2
№2 Практикалық жұмыс. Физикалық жүктемелер кезіндегі жүрек жұмысын бақылау.
Мақсаты: Тамыр соғуының физикалық жүктемелерге байланысын анықтау. Құрал – жабдық: секундомер
Жұмыс барысы:
-
Тыныштық кезіндегі жүрек соғысын анықтаңдар. Ол үшін 10с ұзақтығындағы лүпіл санын санау және шыққан санды 6 көбейту керек. Тыныштық кезінде осындай өлшемді 3 рет жүргізіп орта шамасын алады. 1 минутта қалыпты жағдайда 65 – 79 рет соғуы байқалады.
-
20 рет отырып тұрыңдар.
-
Жаттығу жасалып болған соң 10 с ішінде лүпіл санын санаңдар. Осындай санауды 1,2,3,4,5 өткен соң санаңдар. Алынған нәтижелерді дәптерге жазыңдар.
Жүректің соғу жиілігі
Тыныштық кезде (when peace)
Физикалық жүктемеден кейін (exercise stress)
1 мин өткен соң
2 мин өткен соң
3 мин өткен соң
4 мин өткен соң
5 мин өткен соң
Орташасы (average of)___
Бір минутта---------------- х6=--------------
Көрсетілген жүктемеден кейін жүрек жұмысының қалпына келу графигін құрыңдар.
Ордината осіне тыныштық кезіндегі жүрек соғысын түсіріңдер және горизонталь сызығын жүргізіңдер. Жүрек соғысының физикалық жүктемеден кейінгі көрсеткішін және 1,2,3,4 мин өткен соңғы көрсеткішті абцисса осіне көрсетіңдер. Қисық сызыңдар.
Б ұл көрсеткіштерді қ.ж көрсеткіштермен салыстырыңдар. Егер ЖСЖ кем дегенде 1/3 дейінгі көрсеткіште көбейсе – нәтиже жақсы, егерде одан көп болса – нәтиже жаман. Жүктемеден кейін лүпіл (pulse) қалыпты жағдайға 2 мин ішінде келу керек. Бастапқы жағдайдың уақытша төмендеуі сау организмнің қалыпты реакциясы болып табылады.
№3 Практикалық жұмыс. Қан кеткен кездегі алғашқы көмек.
Мақсаты: қан кеткен кезде алғашқы көмек көрсетуді үйрену, практика жүзінде бекіту.
Құрал – жабдықтар: дәке, шендеуіш, жұмсақ мата, карандаш, блокнот, йод, крем, мақта, қайшы.
Жұмыс барысы:
1.Жгут салу ережесін оқулықтан тиісті тақырыптан оқу
Қан кету түрлері (types of bleeding)
Қан кету белгілері (signs of bleeding)
Алғашқы көмек көрсету (first aid)
Түрлеріне қарай алғашқы көмекті сипаттап жазыңдар:
Капиллярлы (capillary)
Артериальды (arterial)
Веналық (viennese)
2.Зерттеген материалдарды практика жүзінде бекітіңдер
Капиллярлы қан кету (Capillary bleeding)
1.Жараның жан жағын йодпен сүртіп шығу
2.Дәкені төртке бүктеңдер. Осы дәкеге мазь жағып жараға танып тастаңдар Артериальды қан кету (Arterial bleeding)
1. Өз-өздеріңнен артерияны сүйекке бекітіп қоятын жерді қанды тоқтату үшін ыңғайлаңдар.
2.Шендеуішті жарақат алғанда қайда қою керек екенін анықтаңдар.
3. Жгуттың астына жұмсақ мата салып, жгутпен 2-3 айналдырыңдар, лүпіл сезілмей қалғанша.
Есіңде болсын! Жгутты бірден босаңсыту керек!
-
Жгутты салу уақыты көрсетілген қағазды салып қойыңдар.
-
Жгут суық күндері 1-2 сағатқа, ал суық күндері 1 сағатқа салынады.
Веналық қан кету (Venous bleeding)
1.Жарақаттанған жердң анықтау.
2. Аяқ- қолды көтерінкі ұстаңдар оның себебі жарақаттанған жерге көп қанның келуін алдын алу үшін.
Есіңде болсын: артерия және веналық қан кетуде алғашқы көмек көрсетілген соң ауруханаға міндетті түрде апарылу керек.
№4 Практикалық жұмыс. Көздің көргіштігін анықтау.
Жұмыс мақсаты: соқыр дақты торлы қабықтан анықтап үйрену, түрлі
түстің құтышалар арқылы сезілетініне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:соқыр дақты анықтайтын карточка , түрлі-түсті қарандаш.
Жұмыс барысы:
Түрлі түсті құтышалар арқылы сезіну және олардың таяқшалар кезінде сезілмеуі
1.Алдыңа қарап тұрып түрлі түсті қызыл қарандаштарды араластырып шетке қой.
Карандаштың түсі және оның қимылы
_______________________________________________
Түс қандай болып көрінеді ________________________________________
Соқыр дақты анықтау
Бір нүктеге оң көзіңмен қара (оқулық 70 бет ) сол көз жабық болу керек.
Суреттегі адамның басы көрінбей қалатын шаманы тауып алыңдар.
Қосымша 2
«Ой толғау» кезеңі
«Кім жылдам» ойыны:
1.Қанайналым дегеніміз не? (What is the blood circulation? )
2.Жүрек қайда орналасқан? (Where is the heart?)
3.Қантамырлар нешеге бөлінеді? (How much are the blood vessels divided?)
4.Жүректің салмағы қанша? (What is the weight of the heart?)
5.Жүрек неше қабаттан тұрады? (How many layers of the heart?)
6.Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады? (How many parts is the human heart?)
7.Жүректің қақпақшалары дегеніміз не?
8. Перикард деген не?
9.Қылтамыр дегеніміз не?
10. Жүректің бұлшықеті қалай аталады?
11. Сіңір жіпшелері дегенімз не?
12. Қос жақтаулы қақпақша қайда орналасады?
13. Артериола, венула дегеніміз не?
14.Жүректі зерттейтін ғылым не деп аталады?
15.Жүректі емдейтін маман дәрігер?
Жеке жұмыс: Биологиялық диктант:
-
….. ….. деп, жүрекше мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын
арнайы бөлімді айтады.(үш жақтаулы, екі жақтаулы қақпақша – tri cuspid valves, three-leaf valves )
2.Ең үлкен артерия … деп аталады. Ол жүректің … …. ……. басталады(қолқа, сол
жақ қарыншадан - aorta, left ventricle )
3.Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар …. орналасады.(жүрек қабында - perïkard)
4.Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты … деп аталады. (миокард -myocardial)
5.Капиллярдың вена ұшы бірігіп … түзеді. (венула - venulas )
«Ой түйіндеу»
Тест сұрақтары:
1.Қанның құрамына қандай жасушалар кіреді?
а)эритроциттер, лейкоциттер; ә)нейрондар;
б) дендрит; в)остеоциттер;
2.Қандай қан вена қаны деп аталады?
а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә) мочевинаға қаныққан қан;
б) оттекке қаныққан қан; в) көміртекке қаныққан қан;
3.Қандай қан артерия қаны деп аталады?
а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә)мочевинаға қаныққан қан;
б)оттекке қаныққан қан; в)көміртекке қаныққан қан;
4.Адамның жүрегі неше бөлімді?
а)3 ә)4 б)2 в)6
5.Жүрек қабырғасының қабаттары:
а)эпикард, миокард, эндокард; ә)эпикард, эндокард;
б)миокард, эндакард; в)эпикард,миокард;
«Жүректен жүрекке»
Адам организмінде жүректің құрылысын, қызметінің маңызын білдік.Адам өмірінде осы жүрегіміздің ерекшелігі өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Әр адам жүрегі мейірімділік пен махаббатқа толы болсын.
«Жүректен жүрекке» әдісімен ортаға шеңбер құрып бір-бірімізге жүректен шыққан ізгі тілектерімізді жолдайық.
1. Сәйкестік тесті:
1.Жүрекшелер жиырылып, қарыншалар босаңсиды а) Ұзақтығы 0,4 с.
2.Қарыншалар жиырылып, жүрекшелер босаңсиды ә)Ұзақтығы 0,1 с.
3.Жүрекшелер, қарыншалар босаңсиды (үзіліс ) б)Ұзақтығы 0,3 с.
4.Ересек адамның денесіндегі қан мөлшері в)0,8 с
5.Жүрек циклінің ұзақтығы г)5 л
6.Жүрек жиырылуын арттырады ғ)ацетилхолин
7.Жүрек жұмысын әлсіретеді д) симпатикалық
«Ой толғаныс» : «Кім тез?» сайысы:
1.Организмнің ішкі ортасына нелер жатады- (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа - blood, mesellar fluid, lymph)
2.Қанның сұйық бөлігі- плазма (plasma)
3.Қан жасушаларын атаңыз- эритроцит, лейкоцит, тромбоцит ( erythrocyte leukocyte platelet )
4.Қан қандай ұлпа- дәнекер (connective tissue )
5.Қантамырларды атаңыз- артерия (салатамыр) (artery), вена (көктамыр) (venous vessels), капилляр (қылтамыр) (capillary)
6.Гемоглобиннің қызметі- оттегін тасымалдау (transportation of oxygen)
7.Лейкоцит қайда түзіледі- сүйек кемігі, көкбауырда (bone tissue of spleen)
8.Қан топтарын атаңыз- I II III IY
9.Қан ұйымайтын ауру- гемофилия (hemophilia)
10.қандағы ерекше нәруызды зат- Резус-фактор (rhesus factor)
Шығармашылық жұмыс
1.Биологиялық диктант:
1. … организмдегі дәнекер ұлпсының бір түрі (қан)
2. Қанды бас,мойын,қол,кеуде қуысынан жүрекке… алып келеді. )жоғары қуыс вена)
3.Төменгі қуыс вена қанды… алып келеді. (дененің қалған бөліктерінен)
4.Үлкен қан айналым шеңберімен … қаны ағады. (артерия)
5.Венамен жүрекке …қаны ағады.
2.Тест сұрақтары:
1.Үлкен қанайналым шеңбері қайдан басталады?
а) оң жақ қарынша (Right ventricle); ә) сол жақ қарынша (Left ventricle);
б)оң жақ құлақшадан (right atrium); в)сол жақ құлақшадан(Left atrium)
2. Кіші қанайналым шеңбері қайдан басталады?
а) оң жақ қарынша; ә)сол жақ қарынша;
б) оң жақ құлақшадан; в) сол жақ құлақшадан.
3. Салатамырға тән қасиеттер:
а) қабырғасы қалың (Thick wall); ә)қабырғасы жұқа(Thin wall);
б) қысымы жоғар(High pressure)); в)қысымы төмен(low pressure);
г) қақпақшасыз (Without valves)
4. Көктамырға тән қасиеттер:
а) қабырғасы қалың; ә) қабырғасы жұқа;
б) қысымы жоғары; в) қысымы төмен;
г) қақпақшасы бар.
5. Кіші қанайналым шеңберіндегі газ алмасудың жүруі.
а) дене клеткасында(Somatic cells); ә)тері клеткасында(Skin cells);
б)өкпеде(In the lungs); в)бауырда(In the liver),
г)бүйректе(In the kidneys).
3.Сәйкестік тесті: Жүректің қандай тамырлары мен бөлімдері қанайналымның кіші және үлкен шеңберіне жататынын көрсетіңдер
Қанайналымның кіші шеңбері
Қанайналымның үлкен шеңбері
|
А)сол жақ жүрекше Ә)соль жақ қарынша Б)оң жақ жүрекше В)оң жақ қарынша Г)өкпе веналары Ғ)қолқа Д)өкпе артериялары Е)жоғары қуыс вена Ж)төменгі қус вена З)бауырдың қақпа венасы И)өкпе бағаны |